- •Тәжірибиелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •Алматы, 2016
- •2. Мақсаты:
- •1) Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру
- •2) Операционалды дағдыларды қалыптастыру:
- •3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:
- •4) Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру:
- •5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:
- •4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
- •Сабақтың хронометражы (академиялық 7.0 сағат есебінде)
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау:
-
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТӘЖІРИБИЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Кафедра - «Ортопедиялық стоматология»
Пән – «Ортопедиялық стоматология» - ПДО 07
Мамандық – 5В130200 « Стоматология»
Тәжірибиелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырып №1: Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. Дәрігер стоматологты даярлауда ортопедиялық стоматологияның рөлі. Ортопедиялық және кешенді емге жататын тіс-жақ жүйесі ауруларының негізгі нозологиялық формалары
Курс - 5
Цикл -37 сабақ
Алматы, 2016
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды
«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама
Ортопедиялық стоматология кафедрасының
меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков
1. Тақырып №1: Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. Дәрігер стоматологты даярлауда ортопедиялық стоматологияның рөлі. Ортопедиялық және кешенді емге жататын тіс-жақ жүйесі ауруларының негізгі нозологиялық формалары
2. Мақсаты:
1) Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру
нарық заманында ҚР стоматологиялық қызметінің даму стратегиясы;
ортопедиялық бөлімнің және дәрігер стоматологтың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптері, бөлімнің ішкі ережесі;
стоматологиялық орындардың құрал жабдықтарына қойылатын санитарлы-гигиеналық және қарсы эпидемиологиялық талаптар;
науқастарды қабылдау ережесі;
медициналық құжаттарды қалыптау;
тіс-жақсүйек жүйесінің негізгі нозологиялық ауруларының жіктемесі туралы;
ортопедиялық стоматологияның ролі туралы;
ортопедиялық әдістермен емдеуді жүргізу туралы;
стоматологиялық науқастарды тексеру әдістері туралы;
медициналық есеп беру құжаттарын толтыру.
2) Операционалды дағдыларды қалыптастыру:
ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда науқастарды тексеру;
стоматологиялық науқастардың амбулаторлық картасын толтыру;
наряд-тапсырманы толтыру;
дәрігер - стоматолог-ортопедтің күнделікті есебін толтыру (форма № 37);
дәрігер стоматолог-ортопед жұмысының есептік біріктірілген ведомосын толтыру (форма №39);
науқастың шағымын тыңдап, назарға салу;
анамнез жинау;
тексерудің нәтижесін зерделеу, интерпретация жасау;
лифматикалық бездерді пальпациялау және алынған мәліметтерді талдау;
рентгенологиялық зерттеудің нәтижесін талдау.
3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:
вербалды және вербалды емес коммуникативті дағдыларын дәрігер –стоматолог-ортопедтің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде, кабинетте жұмыс істеу барысында бақылау;
пациенттің проблемасын тыңдау, анықтау дағдылары;
пациентке таңдалған емдеу әдісінің себебін негіздеу дағдылары;
науқастың ақпаратталған келісімін алу дағдылары;
жаңа терминдер және түсініктемелерді қолданып келесі тақырыптарды зерделеу: «шағымдарды талдау», «ауру анамнезі», «өмір анамнезі», «тіс жақсүйек жүйесі туралы түсінік», «нозология және морфология», «рентгенологиялық зерттеудің нәтижесін талдау»
