Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kuratsia копия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.7 Кб
Скачать

Асқорыту ағзаларын тексеру

Ауыз қуысын қарау:таңдай , тіласты шырышты қабаты және тілі қызғылт , ылғалды, беткейі өзгеріссіз, кариозды тістері жоқ.

Ішті қарау: пішіні сопақша, симметриялы, терісі таза, тыныс алуға қатысады, жарықтық томпаюлар анықталмайды.

Беткей пальпация: ауырсынусыз, іші жұмсақ , жарықтар жоқ.

Қасиеттері

Соқыр ішек

Цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – жұмсақ, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдайды.

Тоқ ішектің өрлеуші бөлімі

Цилиндр пішінді, диаметрі 4 см, тығыздығы – эластикалық,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.

Тоқ ішектің көлденең бөлімі

Пальпацияланбайды

Тоқ ішектің төмендеуші бөлімі

Цилиндр пішінді, диаметрі 4 см, тығыздығы – эластикалық,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.

Сигма тәрізді ішек

Цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – тығыз,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.

Бауырдың Курлов бойынша мөлшері 9см x8см x7 см.

Бауыр пальпациясы: ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, шеті үшкір.

Асқазанның төменгі шекарасы: кіндіктен 2 см жоғары

Көкбауыр перкуссиясы: ұзындығы – 7 см, көлденеңі – 5 см. Көкбауыр пальпацияланбайды.

Өтқабы маңын пальпациялау: пальпацияланбайды, Курвуазье,Френикус, Ортнер, Мерфи, Кер симптомдары теріс.

Ұйқы безі пальпациясы: Де-Жарден, Мейо-Робсон нүктелерінде, Шоффар зонасында ауырсыну анықталмайды

Зәр шығару жүйесін тексеру

Бел аймағын қарау: өзгеріссіз.

Бүйрек пальпацияланбайды.

Перкуссия: соққылау симптомы теріс.

VI. Лабораторлы- аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесі

ЖҚА - лейкоцитоз 31,9*109/л, ЭТЖ - 18мм/сағ

ЖЗА - түсі сары,белок теріс,кетондық денелер теріс,ураттар,билирубин теріс,лейкоцитурия- 4-5 көру алаңында.

Рентгенограмма

Өкпенің оң жақ ортаңгы-төменгі бөлігінде көлемі әртүрлі ошақты қараю көлеңкелері.Қараю көлеңкелері интенсивтілігі әлсіз,шеттері тегіс емес,гомогенді емес.Өкпенің тығыздалу синдромы анықталады.

Рентген қорытынды: Оң жақ өкпенің ортаңғы-төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

VII Алдын ала қойылған клиникалық диагноз

  1. Интоксикациялық синдром- жалпы әлсіздік, жоғары дене температурасы, шаршағыштық, тершеңдік

  2. Астеновегетативті синдром-ұйқысы бұзылуы, бас ауру,тітіркенгіштік.

  3. Тыныс жетіспеушілік синдромы- физикалық жүктемеден кейін ентікпе.

  4. Өкпе тіні тығыздалу синдромы-ентікпе,плевра зақымдалуына байланысты жөтелмен,терең тыныс алғанда күшейетін,пальпация барысында анықталатын оң жақ кеуде торының бүйір жағындағы аурыу сезімі.Аускультацияда оң жақ өкпенің ортаңғы-төменгі бөлігіндегі везикулярлы тыныстың әлсіреуі. Перкуторлы кеуденің оң жақ ортаңғы-төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада: Өкпенің оң жақ ортаңгы-төменгі бөлігінде көлемі әртүрлі ошақты қараю көлеңкелері.Қараю көлеңкелері интенсивтілігі әлсіз,шеттері тегіс емес,гомогенді емес.Өкпенің тығыздалу синдромы анықталады.

Жетекші синдром: Өкпе тіні тығыздалу синдромы

Алдын ала қойылатын диагноз: Ауруханадан тыс оң жақты ортаңғы- төменгі бөлікті ошақты пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Тыныс жетіспеушілігі II дәрежелі. Асқынуы - плеврит?

ІХ. Анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеу.

Шағымдары:

  • Терең тыныс, жөтелу кезінде оң жақ кеуде тұсында ауыры сезімі.

  • Дене температурасының 39 °С дейін жоғарылауы.

  • Физикалық жүктемеден кейінгі дамитын ентікпе.

  • Сирек құрғақ жөтел.

Объективті тексерулерге байланысты: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,

төсектегі қалпы белсенді. Тері жабындылары таза , бөртпелер жоқ,

тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары

ылғалды, қызғылт.

Кеуде торы пальпацияда оң жақ кеуде тұсында ауыры сезімі.Дауыс дірілі оң жақ

өкпеде күшейген.

Өкпе аускультациясы: оң өкпенің ортаңғы - төменгі бөлігінде везикулярлы тыныс

әлсіреуі және қатаң тыныс.

Кеуде клеткасының рентгенограммасында: Өкпенің оң жақ ортаңгы-төменгі бөлігінде көлемі әртүрлі ошақты қараю көлеңкелері.Қараю көлеңкелері интенсивтілігі әлсіз,шеттері тегіс емес,гомогенді емес.Өкпенің тығыздалу синдромы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]