- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •І. Паспорттық бөлім
- •II Науқастың шағымдары:
- •III Ауру тарихы:
- •V Жалпы қарау
- •Тынысалу жүйесі
- •Жүрек - тамыр жүйесі
- •Асқорыту ағзаларын тексеру
- •Зәр шығару жүйесін тексеру
- •VI. Лабораторлы- аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесі
- •VII Алдын ала қойылған клиникалық диагноз
«Астана медициналық университеті» ақ
Интернатура бойынша Ішкі аурулар кафедрасы
Ауру тарихы
Диагноз:Ауруханадан тыс оң жақты ортаңғы-төменгі бөлікті ошақты пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Тыныс жетіспеушілігі II дәрежелі.
Орындаған:Орынбекұлы Ә.
Қабылдаған: Абдахина Б.Б.
І. Паспорттық бөлім
1.Аты-жөні: Бекбаев Қадыржан Ситкалиевич
2. Жасы: 19 жас (21.11.1997ж)
3. Жынысы: ер
4. Отбасылық жағдайы: бойдақ
5.Ұлты: қазақ
6. Білімі:Орта кәсіби білім
7. Мамандығы: Электрик
8. Мекен-жайы: Ильинка ауылы, әскери бөлім № 5573
9. Жіберген мекеме: Инфекциялық аурулар ауруханасы
10. Ауруханаға жатқызу күні мен уақыты: 22.02.2017 жыл, сағат - 18:00
II Науқастың шағымдары:
Негізгі:
Терең тыныс, жөтелу кезінде оң жақ кеуде тұсында ауыры сезімі.
Дене температурасының 39 °С дейін жоғарылауы.
Физикалық жүктемеден кейінгі дамитын ентікпе.
Сирек құрғақ жөтел.
Қосымша:
Басының тұрақты түрде ауруы
Жалпы әлсіздік
Тәбетінің төмендеуі
Жоғары тершеңдік
Жұмысқа қабілетінің төмендеуі
III Ауру тарихы:
Науқастың айтуы бойынша , өзін 2017 жылдың ақпан айының жиырма бірінші жұлдызынан бері ауру санайды. Ауру жедел дамыған, науқаста біріншіден әлсіздік және дене температурасының күрт жоғарылауы байқалған . Дене температурасы бұл кезде 39°С дейін жоғарылаған. Аурудың басталуын суықтап қалуымен байланыстырады. Әскери бөлімнің дәрігеріне қаралған. Дәрігер парацетамол тағайындаған.Парацетомол қабылдағаннан кейін дене температурасы қысқа уақытқа 2-2,5°С төмендеген. Науқастың дене температурасы тускенімен,оң жақ кеудедегі ауыру сезімі басылмаған.Кейін қайта дене температурасы көтерілуіне,кеудедегі ауыру сезіміне байланысты жағдайы нашарлаған. Жағдайының нашарлауына байланысты әскери бөлімнің жедел жәрдем бригадасы арқылы Астана қаласының қалалық инфекциялық аурулар ауруханасына жеткізілген. Қабылдау бөлімшесінде қаралып, жағдайының ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Науқасты тексеру барысында рентгенологиялық тексеру жасалып, оң жакты ошақты пневмонияға күдіктеніп, 22.02.2017 ж,.сағат 18:00-де Орталық теміржол ауруханасына,пульмонология бөлімшесіне жолданды. Орталық теміржол ауруханасына,пульмонология бөлімшесіне госпитальданды.
IV Өмір тарихы:
1997 жылы 21 қарашада Қостанай облысы,Федоров ауданында, Федоровка ауылында дүниеге келген. Отбасында бірінші бала. Жасы және жынысына сәйкес дамыған. Тоғыз жылдық орта білімді бітірген. Үш жылдық орта кәсіби білімді бітіріп, электрик мамандығын алған.Жанұялық жағдайы: бойдақ.
Туберкулез,гепатит,венерологиялық аурулармен ауырмаған.Туберкулез бар науқастармен контакт болмаған,
Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.
Тұрмыс жағдайы жақсы.Зиянды әдеттері жоқ. Аллергоанамнез теріс.
