- •Мазмұны
- •І. Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
- •1.1 Қызмет көрсетудегі оперциялық процесс және қабылдау қызметі және орналастыру функциясы
- •1.2 Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру және құраттама нөмірлік фондты қолдану үшін міндеттеме беру
- •1.3 Қабылдау және орналастыру қызметіндегі автоматтандырылған өндеу-Электронды құлып жүйесін пайдалану
- •1.4 Қабылдау және орналастыру қызметімен айналысатын қызметкерлер
- •Іі. «алматы» қонақ үйінде жалпылама сипаттама және қонақ үйде қабылдау және орналастыру қызметтері
- •«Алматы» қонақ үйіне жалпы сипаттама
- •«Алматы» қонақ үй»нде тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру және құжаттама толтыру тәртібі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиетттер тізімі
1.4 Қабылдау және орналастыру қызметімен айналысатын қызметкерлер
Бұл қызметті атқаратын бөлім құрамына орналастыру бойынша директор, брондау қызметінің менеджері, қарсы алу және орналастыру қызметі, тазалаушылар, портьс, консьерж, қауіпсіздік қызметі, біріккен сервис қызметі: швецар, парковшик, каридорщик, гардеробщик, гараж шаруашылығының қызметкерлері кіреді.
Паж – қонақтарды номерге шығарып салады, номерді ашады, дайындығын тексереді, қонаққа номер жабдықтарының қолдану шарттарын түсіндіреді. Front office қызметіндегі клиентке көрсетілетін басқа да қызметтерге қаржы қызметін, пошта қызметтері, қала жайлы ақпараттар беру қызметтер жатады.. Қонақ үй бөлімшелерінің негізгі операцияларына номерді брондау, келетіндерді орналастыру, тіркеу жатады.
Швейцар жұмыс бабында жеке тазалықты ұстанып, дәрігерлік бақылаудан өтуі тиіс. Қонақ үйде келенсіз жағдайлар болып жатса, тиісті жерге, адамға хабарлауы керек.
Швейцар:
қонақ үйге келіп кететін қонақтарды бақылап, оларға есік ашып беруі тиіс;
қонақтың тапсырысымен такси немесе жүк тасушыны шақырады;
қонақтарға номерлердің орналасуы жөнінде, бос орындардың көлемін, қонақ үйде орналасқан басқа да қажетті жерлер туралы мәлімет береді;
кіре берістегі тазалықты бақылайды;
қонақ үйдің дәлізіндегі терезелерін, дуалдарын тазалайды;
есіктердегі темір бұйымдардың тазалығын бақылайды;
жарық пен қосылатын жарнамаларды уақытылы қосып, өшіреді;
қонақ үйдің сигнализациясын тексереді;
Тіркелішінің атқаратын қызметтері:
1. Қонақтарды қабылдап, оларға ақпараттық қызмет көрсету;
2. Қонақтарды қызықтырушы ақпарттарды тікелей немесе анықтама қызметтері арқылы біліп, жеткізіп тұрады;
3. Қабылданған ақпараттарды тіркеп, соларға тиісті құжаттарды әзірлеп отырады;
4. Қонақтардың іскери кездесулерін ұйымдастырады;
5. Қонақтарды қабылдап, оларға қажетті ақпаратты беріп, керекті персоналына бағыттайды;
6. Қонақ үйде көрсетілген ақылы қызметтердің есебін айырады;
7. Бюлллетень немесе газет-журнал, парақтар арқылы ақпараттар таратады;
8. Басқа қызметтердің іс бағытын бақылайды;
9. Басшылардың берген тапсырмаларын орындайды;
Портье. Портье техникалық қызмет көрсетушілер қатарына енеді. Портьенің міндеттері:
1. Қонақтарды қабылдайды;
2. Берілген рұқсат қағазын толтырады;
3. Номерлердің кілтін қабылдайды;
Порьенің атқаратын қызметтері:
1. Қонақ үйдің номерлік фондының санағын жүргізеді;
2. Клиенттерге паспорт немесе жеке куәлігін көрсеткен жағдайда рұқсат қағазын толтырады;
3. Қажетті құжаттарды қабылдап, тіркеумен айналысады;
4. Номерлердің клиенттерге берілуі алдында оның уақытында дайындығын бақылайды;
5. Құжаттандыру жұмыстарын белгіленген формасына қарай жүргізеді;
6. Қонақтардың қонақ үй қызметін дұрыс пайдаланылуын бақылап отыру;
7. Қонақтарды уақытылы төлем ақысын төлеуін, қарызданып қалмауын барлық көрсетілген қызметтеріне ақыларын алып отырады;
8. Қонақ үйге келген қонақтарды қабылдауда олардың төл құжаты немесе жеке куәлігі болуын қадағалайды;
9. Қонақтарға көрсеткен қызметтердің жоғарға деңгейде болып, қонақпен қызмет көрсетушінің арасында келіспеушілік туындаса соны шешуге тырысады;
10. Күделікті кезекшіліктің журналын жүргізіп отырады;
11. Бухгалтерияға өзігің жүйесі бойынша құжаттар есебін тапсырады;
12. Номерлердің кілттерін сақтап, үлестіріп қайта қабылдау қызметін атқарады;
13. Қонақ үйдегі ақылы қызметтер туралы қонақтарға айтып, оларға тапсырыс алады;
14. Қонақтарға келген корреспонденцияны ( хат, газет, журнал ) тапсырады;
15. Өз басшысының берген тапсырмасын орындайды.
Портьенің жауапкершілігі Портье мынандай жағдайларда жауапқа тартылады:
- Егер протье өзінің Қазақстан Республикасының еңбек ету заңы бойынша бекітілген тікелей немесе қосымша қызметін атқармаса
- Егер портье өз қызметін атқару барысында қонақ үйде белгіленген тәртіпті бұзса, құқық бұзушылықпен айналысса, өз міндетін толық орындауының есебінен қонаққа зиян келтіретін іс жасаса:
- Егер портье қонақ үйді қандай да бір шығынғы ұшаратушы болса, ол Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша жауапқа тартылады.
