Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир курсавой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

2.2 Климатологиялық емдеу-сауықтыру орталықтары

Климат және қымызбен, шұбатпен емдеу.

Климаттық емделуде ең негізгі рөлді климаттық-табиғи, факторлар алады. Қазақстанның курорттарында гелиемдеу аэротерапия және т.б қолданылады. Ерекше фактор болып есептелінеді. Қымыз бен шұбаттың шипа қасиеттері бұрыннан белгілі. Қымыздың құрамында 2-2,5% аққуыз, 1-2% майлар, 3,5-4 % қант, витаминдер, фосфор, кальций, 0,6-1,2% сүт қышқылы кездеседі. Қымызды – туберкулез, анемия, цингаа, рахит және т.б ауруларды емдеу үшін қолданады.

Қазіргі кезде Қазақстанда емдеудің аралас түрлерін қолданады. Мысалы: бальнеобалшықты немесе климаттық-қымызды емдеу. Себебі Қазақстанның барлық шипажайлары қолайлы климаттық жағдайларда және өсімдікке бай, тамаша табиғатта орналасқан.

«ТУРКСИБ» шипажайы. Қазақстанның ежелгі шипажайы. Ол Алматы қаласында «Медеу» белгілі мұз айдынының бойында Іле Алатауы тауларының 1200 м биіктікте орналасқан. Шипажайдың батыс бөлігінен қарағанда Алматы қаласының әдемі панорамасын көруге болады. Территорияның құрамында қарағайлы аллея, емес тоғайы, алма-ағаш бас өседі. Климаты- орташатаулы, жаз айлары жылы, қыс айлары жұмсақ. Негізгі табиғи емдік факторлары: климат болып есептелінеді. Қазір санаторияда 458 орын бар. Осында демалу мүшелерін ауруларын (асқазан өкпе қабынуы және т.б); сүйек – бұлшық ет жүйесі (ревматизм, артрит, палиартрит, остеохондрлз, радикулиз); жүйке жүйесінің (неврит, невралгия, невроптия) аурулардан профилактикалық жұмыстарды өткізеді.

Шипажайдың емдеу базасы жаңа аппаратурамен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта өкпе ауруларын емдеу үшін – «ӨҚД» (өлі кеңістік арқылы демалу) деген жаңа әдісті қолданады. Бальнеоемдеу жақын орналасқан емдеу пунктерден әкелінген минералдық су арқылы іске асырылады. Жылы кездерде гелиоемдеу тәсілі қолданылады. Сонымен бірге ингаляция, уқалау, стоматологиялық және т.б кабинеттер жұмыс істейді. Шипажайдың корпусы жабдықталған. Емдеу пунктің ішінде конференция мәжіліс зал бар. Жол маршруты: ст. Алматы 2 темір жолының №115 автокөлік арқылы «Мост» аялдамасына дейін, сосын №5 автокөлікпен санаторияға дейін жетуге болады.

«Қарғалы» пансионаты. «Қарғалы» пансионаты алғаш 1937 жылы алғашында аналар мен балаларға арналған шипажайдың іргетасы болы қаланады. Ал соғыс жылдары кезінде шипажай орны госпиталь болды. Кейінірек мұнда аяғы ауыр әйелдерге арналған демалыс үйі ашылды. 1949 жылы жәй «Демалыс» үйің, 1984 жылы балаларға арналған демалыс үйі болған «Қарғалың» 1993 жылы нарық жағдайына сәйкес қайта қалыптасқан. «Қарғалы» демалыс үйі құрылыс жұмысын бастады. Дәрігерлер тарапынан таңдау пансионаттың бүгінгі орналасқан жеріне түседі. Тау шатқалы секілді табиғаты жайлы бұл мекеменің жазы қоңыр салқын, қысы жылы, ал мөлдір де таза ауасын сімірген үстіе сіміре бергің келеді. Алматы қаласының шетінде, Іле Алатау тауларының етегінде, алма-ағаш бақтың жанына орналасқан. Жыл бойы 316 орын жұмыс істейді. Панисонатта емделушілердің қалауына қарай, ағзаны зерттеуден өткізіп, қабылдайтын емді анықтайтын емді анықтайтын екі дәрігер жұмыс істейді. Демалыс кезінде ине арқылы дәрі қабылдамайтын емделушілер бір рет қолданатын ине, дәрісін өздерімен бірге ала келсе, дәрігер ақысыз қызмет көрсетеді. Пансионат жыл сайын жетім балаларға тегін жолдама үлестіріп отуды үдеріске айналдырған. Көңіл көтеру бағдарламасы, спорт алаңдары жақсы ұйымдастырылған. Сонымен бірге клуб, кинотеатр, билеу алаңдары, сауна жұмыс істейді. Шипажай жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда жүрек, қан тамырлары, нерв жүйесінің кеселдері, тыныс органдарынының созылмалы аурулары шипалы сумен және балшықпен емделеді. Шипажайда функциональды, диагностика, тіс, физиотерпаия кабинеттері, спорт комплексі, теренкур т.б. бар.

Алатау шипажайында Шығыс ғажайыбы, Батыстың сән-салтанатты, Тянь-Шанның бай табиғаты, жайлы орын, жақсы күтім бәрі-бәрі осы жерден табылады. Алатау шипажайы бір мезгілде 400-ге жуық адам қабылдайды. Жеті қабаттық қонақжайда 100-екі кісілік, 140 – бір кісілік және 15- «люкс» бөлмелер бар. «Алатау» шипажайы демалумен бірге сіздер әсем де сұлу Алматыны, жыл бойы жұмыс істейтін биік тау шатқалындағы Медеу мұз айдынының, тау шыңғысы жолдары сайрап жатқан Шымбұлақ туристік базасын де көре алуға болады. Ғажайып көріністерді тамашалағысы келушілерге нұсқаушы-жол басшылар серік болады. Сондай-ақ сафариге қатысып, форель балығын аулауғада мүмкіндік бар. Күні бойы серуен, қыдырыстан кейін тынығып, күш жинаудың тамаша тәсілі сауна немесе бассейнде болып, рестораннан ұлттық тағамнан дәм тату, барға кіру.

«Наурыз» шипажайы. Алатаудың етегінде, Әл-Фараби даңғылынан 1300 метр қашықтықта орналасқан. «Наурыздың» шипажайы аэропортқа дейін 1 сағат, ал темір жол вокзалына дейін 45 минуттық жерде. Таза ауа,, күн шуақ жер, жасыл-желек және демалуға тамаша жағдай жасалған.

Емдік факторлары:

  1. Сүйек-бұлшық ет аурулары

  2. Қан айналу мүшелері

  3. Ас қорыту мүшелері

  4. Жүрек аурулары

«Оқжетпес» шипажайы. Оқжетпестің емдік қасиеті Щучье-Бурабай курорттық аймағының бірегейлі біздің елде және Қазақстанның тыс жерлерде ертеден және кеңінен таралған. Кезінде мұнда денсаулықтарын жақсартуға Одақтың түкпір-түкпірінен жүрегі ауыратын және гипертониямен ауыртаын сырқатар ағылып жататын. Ал көптеген елдің анықтамаларында Щучье мен Бурабайдың шипажайлары мен курорттары міндетті түрде «климатпен және қымызбен емдеу» деп сипатталған. Өлкенің табиғи шипалылығы қазір де өзіне тартып тұрады. Сондықтан да отандық және шетелдік шипажайлармен курорттар тізбесінен Щучье-Бурабай аймағын демалуылар тек қана медициналық көрсеткіштерге қарап емес, оны шипажайдағы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету, қазіргі заманғы медициналық қондырғыларға, табиғи-климаттық жағдайлармен үйлестіріле жүргізілетін емдеу-сауықтыру қызметтерінің кең ауқымен пайдалануға байланысты таңдайды.

Бүгінде Елбасының басшылығымен қайта жөнделіп, барлық талаптар мен демалушылардың сұраныстарына сай келетін және жыл бойы жұмыс істейтін «Оқжетпес» шипажайының кеңінен танымал болуы орынды сияқты. «Оқжетпес» өте бай емдік балшығы, шипажай тек қана ауырған, қалпына келтіру курстарын қажет ететін азаматтардды ғана емес, сонымен қатар денсаулықтары мықты, жақсы демалып, жыл бойына күш жинағысы келетіндерді де қызықтырады. Қоғамдық пікірді статистика да растайды: шипажайлық-курорттық мекемедегі сауықтыру курсы үлкендерде де, балаларда да қабыну саны 2-6 есе азайтуға мүмкіндік береді, ал шипажайлық нәрлендіруден өткен аурулар көбіне еңбекке қайтадан оралады, олардың уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтары 2-3 есе төмендейді. Толыққанды өмірге, еңбекке қайта оралу «Оқжетпестің» жоғары білікті мамандар тағайындайтын дұрыс таңдалған нәрлендіру курсынан басталады. Мұнда 2 медицина ғылымының кандидаты, 55 жоғары және бірінші біліктілік санатындағы мамандар жұмыс істейді. Бұл ретте әрбір емдеушіге дербес әдіс қолданылады.

Шипажайдың негізгі бағыты – тыныс алу, ас қорыту, қан айналу мүелері, жүрек пен буын-сүйек ауруларына емдік-нәрлендірушілік көмек көрсетеді. Қазіргі заманға сай қондырғылармен жабдықталған емдік-диагностикалық корпусы бар шипажай сауықтыру процесін ұйымдастыру деңгейі бойынша шетелдік, курорттардан кем түспейді. Оның емдік базасында физиотерапивтік бөлімдер, функционалды және ультрадыбыстық диагностикалық кабинеттері, климаттық-биологиялық зертханасы, сумен емдеу жүйесі, деммен қабылдау арқылы емдеу, озокритпен емдеу, балшықпен емдеу бар. Мұнда мәліметтерді компьютерлік өңдеу арқылы экгзерттеулері кардиологиялық тестілер өткізіледі.

Демалушыларға климаттық-диагностикалық зертхана жарықпен және тоқпен, лазермен және магнитпен, инемен мдеу және жүйкені емдеуге, арналған физиотерапивтік бөлім қызмет көрсетеді. Шипажай жайында қазіргі заманғы әдістемелер бойынша адам ағзасына тазалау жүргізіледі. Қалпына келтіру бойынша емдеу бағдарламасында массаждың әр түрі кеңінен қолданылады.

Шипажайдың ең үлкен мақтанышы сумен емдеу жүйесі. Ол “Benisov” фирмасының жеті ваннасымен жабдықталған. Су массажы, арасан, радон, иісті ванналар, балшықпен емдеу, айналымдарды және жоғары өрлеуші душтар-бөлімде жүргізілетін іс-шаралар тізбегінің тек бір бөлігіг ғана. Ал “Nigara” душтық кафедралары емджелушілердің шын ықыласына бөленген, ол ем-шараларының жоғары шыдамдылығы сөзсіз. Мамандар қолданатын құрамы бромға бай хлоритдті – сульфатты – гидрокарбанатты – натрийлі арасан судың емдік қасиеттерін және сапрометтер турпатты тұнбалы балшыққа жататын органикалық балшықтың емдік қасиеттері ерекше атайды. Емдеу мен сауықтыруда жоғары тиімділікке жетуге емдеудің, демалыс пен тамақтанудың теңгеріміділігі мүмкіндік береді. Дистотерапия. Шұбатпен және қымызбен емдеу жалпы сауықтырудың ең маңызды құрамдастырының бірі болып табылады. Жетекші Еуропалық фирмалардың спорттық қондырғылармен жабдықталған спорттық кешен мен бассейн демалушылардың белсенділігін арттырады. Жаттығу залы шанғы базасы, қайықтары бар жағажай, сауналар кешені бар бассейнмен тұратын шипажайдың спорттық базасы кез келген басқа тіпті асханалық базалардың қызғанышын тудырады. Мұнда демалушылар теннистік кордтардан бастап волейболдық немесе футболдық матчқа, шаңғы тебу немесе атпен серуенге дейін өз көңілдерінен шығатын іспен айналыса алады. Егер «Оқжетпеске» дей»н спорттық жетістіктер былайша айтқанда мардымсыз да, тәжірибелі және шыдамды нұсқаушылармен жаттығушылар бәрін ең басынан бастап үйренуге көмектеседі.

Демалуышларға қызмет етуге арнаған, терезесі көл мен тауларға қараған бір орындық және екі орынды бөлмелер итальян жиһаздармен жабдықталған. Шипажадың ресторан, кафе, концерттік зал, кітапхана, фитнес-орталық, тіпті нағыз қалалықтар өздерін өркеинеттен алысын сезінбейтін сауықхана жұмыс істейді. Шипажайлық-курорттық қызметтердің қолжетімділігін ескере отырып, медициналық орталық пен шипажай әкімшілігін үлкен маркетингтік жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің іс басқармасымен келісім бойынша маусымға бөлмелердің жайлылығына және шипажайға келу мерзіміне қарай иекемді жеңілдіктер жүйесі белгіленеді.

Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйектен бастап жолдамалрға қосымша күздік-қыстық жеілдіктер 15%. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін 25%, отбасымен демалушыларға жеңілдіктер қарастырылуда. Бір сөзбен айтқанда, шипажайдағы демалыс пен емделу барлық талаптарға сай болу үшін керекті жағдайлардың бәрі жасалуда. Шипажай-курорттық мекеменің даму тарихынан басталып, қазірге дейінгі және Қазақстандағы жағдайына сипаттама жасалады. . «Қазақстан» санаторийі сияқты бір ғана мекемеге толық талдау жасай отырып, елдегі барлық шипажай мекемелер жұмысы мен шегелмей жатқан мәселелері қозғалды, сондай-ақ ол мәселелердің шығу тегі мен шешу жолдары қарастырылады.