Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молдир курсавой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.86 Кб
Скачать

Іі. Шипажай қонақ үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру

2.1 Бальнеологиялық емдеу-сауықтыру орындарының рөлі.

Бальнеологиялық (латын тілінен шыққан «Balneum»-шомылу мағынасын білдіреді) – табиғи немесе арнаулы минералды сулармен емдеу процесі. Қазақстанның курорттарының басты факторы ол – минералдық сулар болып табылады. Сулардың минерализациясы, химиялық активтілігі және клмпаненттердің әртүрлі болғандықтан адам ағзасын емдеу прцесінде қолданудан көп ерекешеленеді. Қазіргі кезде республикада 6 бальнеологиялық-минералдық сулар бар Олар:

Спецификалық компаненттері жоқ сулар – осы сулар көбінесе минералданған және құрамында ионндарының көп болуы. Осы сулардың минерализациясы 2-5 және 2-140 г/л, ал температурасы 10С-қа тең.

Күкіртісутек сулар. Құрамында 10-15 тен 100-250 м/л күкіртті-сутек, йод, бром және т.б биологиялық автивті элементтер кездеседі. Судың минерализациясы 7-10-150 г/л жетеді.

Темір бар сулар. Құрамында 20-100 м/л темір, кремни қышқылы, кейбір металдарға бай су.

Бромды және йодты сулар-15-30-300-320 г/л минералданған, құрамындағы бромның мөлшері 20-50; 550-560 мг/л, йодтың 5-30 мг/л.

Радонды сулар- оның бұлақтары Қырғызстан, Сары-арқа және басқада жерлерде кездеседі.

Кремнилі термалар. Құрамында 50 мг/л, кремний қышқылы бар су. «Арасан-Қапал» шипажайы. 1886 жылы қаланған. Талдықорған қаласынынң 110 км қашықтықта, арасан ауылында. Биен өзенінің бойында, теңіз деңгейінен 980 метр биіктікте орналасқан. Климаты – континенталды, құрғақ. Жаз айлары жылы, қыс айлары жұмсақ, күз айлары құрғақ, қысқа болып келеді. Ылғалдың орташа мөлшері - 60%. Негізгі емделу факторы – әлсіз минералданған кремнилі, сульфатті-хлоридтік, натрийлі, термальді, (+39 ЭС) құрамында – фтор және радонның мөлшері жоғары су. 475 орынды «Арасан-Қапал» шипажайы жыл бойы жабдықталған корпустарға адамдарды қабылдайды. Емдеу процесінде сумен емдеу, диагностикалық емдеу кабинеттері қабылданады. Сонымен бірге климаттық емдеу, уқалап емдеу қабылданады.

«Арасан-Қапал» шпажайында:

  • Артрит

  • Полиартрит

  • Остеохондроз

  • Гинекологиялық аурулар

  • Қанайналым жүйелерін

  • Дермотологиялық ауруларды

  • Қан тамырлары аурулары

  • Ас қорыту мүшелерін емдейді.

Емделуге келгендер өздерінің бальнеологиялық және физио бөлімдерінде емделеді. Сумен емдейтін шараларға мыналар кіреді:

  • Душ-массаж

  • Душ шарко

  • Циркулярлық

Массаж жасау кабинеттері жұмыс істейді, парафиноз-керитотерапия, гинекологиялық т.б. Емдеу курстың ұзақтығы – 24 күн, тері ауруларды емдеу үшін – 26 күн.

«Ақжайық» шипажайы. Орал қаласында 45 км қашықтықта Орал өзенінің бойында орналасқан. 1989 жылдың бері жұмыс істейдді. Негізгі емдеу факторы: азминералданған хлоридті-магнилі-натридті минералды су. Осында айналыс жүйесі, асқорту жүйесі, эндокриндік жүйедегі (диабет) ауруларды емдейді. Жақсы жабдықталған физио бөлімі, диагностикалық лабороториясы және т.б бар. Шипажай 226 орынды болып келеді. Жол маршруты: орал қаласынан, автовозолдан шипажайға дейін автобуспен жүруге болады.

«Мереке» шипажайы теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте Мерке ауылынан таулы шатқалында орналасқан. Республикада теңдесі жоқ радон минералды суы бар. Климаты – орташа таулы. Негізгі табиғи емдік факторлары: радондық минералдық сулар және климат болып келеді. Шипажайда УФО, электрофорез, УВЧ, амплипульс, жарық ванналары, АФ, дарсенвализация, қолмен уқалау, емдік дене шынықтыру, гелиотерапия, инемен емдеу бар. Негізгі ауру түрелрі:

  • Жүрек қан-тамыр аурулары: ИБС, стенокардия ФК І-ІІ ст, гипертония І-ІІ ст. Ревматизм НК І т.б

  • Сүйек-буын аурулары: полиртрит, остеохондроз, радикулит, подагра.

  • Әйел жыныс аурулары. Бедеулітің түрелрі (І және ІІ), жыныс мүшелерінің қабыну аурулары жатыр миомасы 12-апталық мерзімге дейін.

  • Нерв жүйесі аурулары: әртүрлі невроздар.

  • Тері аурулары. Экзема, нейродермит, аллергиялық дератиттер.

  • Урологиялық аурулар: простатит, пиэлонерфриттер, циститтер.

  • Асқазан-ішек жолдары аурулары созылмалы гастриттер, өт жолдарының қабыну процесстері.

  • Стомотологиялық аурулар: парадонтоз

  • Эндокриндық аурулар: бүйрек үсті бещінің гипофункциясы, қалқанда безінің (зоб І-ІІ ст.) қабыну, сезімдік аурулар.

  • Қан-тамыр аурулары: аяқтың варикоздық аурулары жән трофикалық язвалары, атеросклероз, эндоартрит.

Демалушыларға – жабық бассейн, сауна, бильярд, би алаңы, теннис, клуб, видеозал, караоек, кафе-бар, машина алаңы т.б қызмет көрсетеді. Демалуышлардың бос уақыттары қызықты ұйымдастырылады. Осы жердің радиондық бұлақтар, қолайлы климаттық жағдайлар, ерекше ландшафт емдеу жағынан жоғары сапаға жетуге мүмкіншілік береді. [5,87б]

Шипажай 1981 жылдан бері жұмыс істеуде. Жыл сайын 550-ге жуық адам қабылдайды. Шипажайға жету жолдары: жол маршруты: алматы темір жолынан Мерке станциясына дейін, одан автобус арқылы «Мерке» автовокзалына жетіп шипажайға жетуге болады.