- •Мазмұны
- •І. Шипажай-курорт ісі дамуының тарихи аспектлері
- •1.1 Қазақстандағы шипажай қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері
- •1.2 Қазақстанның қазіргі шипажай ресурстары
- •1.3 Қазақстанның шипажайларының сауықтыру және емдеу саласының қонақ үй шаруашылығындағы үлесі
- •Іі. Шипажай қонақ үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •2.1 Бальнеологиялық емдеу-сауықтыру орындарының рөлі.
- •2.2 Климатологиялық емдеу-сауықтыру орталықтары
- •2.3 Балшықпен емдеу-сауықтыру орындарының туризмдегі бағалануы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3 Қазақстанның шипажайларының сауықтыру және емдеу саласының қонақ үй шаруашылығындағы үлесі
Қазақстан халқының материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуі, өнеркәсіптің дамуы, Маңғышлақ түбегінің мұнай мен газ байлықтарының меңгерілуі, тың жерлерді игеріп, жаңа шаруашылықтардың құрылуы, сонымен қатар ауыл шаруашылықтардың басқада салаларының дамуы, қайта құру кезеңіне дейін Қазақстан халқының санының ұдайы өсуіне әкеп соқты. Бірақ ол тек табиғи өсіммен ғана шектелмейді, Қазақтандағы басқа жерлерден халық қоныс аударды. Осының нәтижесінде курорттық – санаториялық емдеудің қажеттілігі өсті. Бірақ, егер біз емдеуде қажетті ғимараттардың салынуының және халықтың тұрмыс жағдайы қажет ететін ғимараттарды сатудың нәтижесін салыстырсақ емдеу ғимараттардың, яғни санатория мен курорттардың саны халықтың қажеттілігін қанағаттандырмайды. Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеулерде Қазақстанда халқы көп ауыратын ауруларының түрлері анықталып, халқының жалпы денсаулығының деңгейі зерттелінеді, сонымен бірге курорттық – санаториялық емдеудің қажеттілігі жағынан есеп жүргізіледі. Осы зерттеулер кейіннен физиотерапия және курортология Орталық Институты қолдады. Нәтижесінде кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Оларға; Қазақстан халқы үшін санаториялық орындармен қамтамасыз ету, динамикалық жағынан 2000 жылға курорттық жәрдемі жағынан қажеттіліктің өсуіне болжамдық-жоспар жүргізіледі. Осылай, Қазақстанда 1996 жылы 240 мың адам курорттық емдеуді керек етті. Олардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 18мың жылдық санаториялық орындар керек болды. Фактілерге сүйенсек осы кезде бар болғаны 1445 жылдық және 1290 маусымдық орындар, жалпы есептегенде 2100 санаториялық орындар, ол 11,7% керекті мөлшерде құрады.
1971 жылы емдеуге қажет ететіндердің саны 280 мың адамға жетті. Ол 21 мың жылдық орындарды талап етті. Сол кезде курорттар мен санаториялара 1972 жылдық және 675 маусымдық орындары жұмыс істеді. 1980 жылы қазақстанда курорттық емдеуді қажет ететіндер саны 330 мыңға жетті. Олардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 24 мың жылдық санаториялық орын қажет еді. Физиотерапия және курортология Орталық Институтының көрсеткіші бойынша қазіргі кезде курорттық емдеуді 342 мың адм қажет етеді, бірақ қазіргі кезде шипажай және санатория жүйелердің толығымен емдеуге мүмкіншілігі жоқ. Осыған байланысты бірнеше рет анализ жүргізіліп, төмендегі көрсеткіштер анықталды. Бұрынғы КСРО-ның құрамына кірген шипажайларда халықтың 20%-ға көмек көрсетілді. Дәлірек айтсақ: 1996 жылы – 18,7%, 1971 жылы – 19,8%; 1980 жылы – 19,8%. Ал 1990 жылдың бастап халық мүлдем мемлекеттік тарапынан емдеулік жәрдем көрсетілмеген. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қорытынды жасасақ Қазақстанның халқы көбінесе шетелде емделуге талпынады.
Егерде біз Қазақстандық шипажайларға жалпы сипаттау жасасақ, ол біздің халқымызға тиімді және ұтымды болып келеді. Емдеу жағынан жақсы нәтежиеге жетуге мүмкіншілігі бар, яғни акклимазация және реаклклиатизация қажеттіліктері төленеді. Біздің халқымызға өте тиімді болып келеді. Әрине, біздің курорттардың тек «жағымдың» жақтары ғана емес, сонымен бірге «жағымсызың» да бар. Оны «жағымсызсың деп айтсақ, шынымен қажетсіз. Дәлірек айтсақ ол біздің курорттар мен санаториялардың дамуына кері әсер ететін процесс.
