- •Мазмұны
- •І. Шипажай-курорт ісі дамуының тарихи аспектлері
- •1.1 Қазақстандағы шипажай қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері
- •1.2 Қазақстанның қазіргі шипажай ресурстары
- •1.3 Қазақстанның шипажайларының сауықтыру және емдеу саласының қонақ үй шаруашылығындағы үлесі
- •Іі. Шипажай қонақ үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру
- •2.1 Бальнеологиялық емдеу-сауықтыру орындарының рөлі.
- •2.2 Климатологиялық емдеу-сауықтыру орталықтары
- •2.3 Балшықпен емдеу-сауықтыру орындарының туризмдегі бағалануы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ШИПАЖАЙ-КУРОРТ ІСІ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТЛЕРІ
1.1 Қазақстандағы шипажай қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері......4
1.2 Қазақстанның қазіргі шипажай ресурстары...................................................6
1.3 Қазақстанның шипажайларының сауықтыру және емдеу саласының қонақ үй шаруашылығындағы үлесі.................................................................................9
ІІ. ШИПАЖАЙ ҚОНАҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Бальнеологиялық емдеу-сауықтыру орындарының рөлі.............................12
2.2 Климатологиялық емдеу-сауықтыру орталықтары......................................15
2.3 Балшықпен емдеу-сауықтыру орындарының туризмдегі бағалануы.........21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................24
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................25
КІРІСПЕ
Дамыған мемлекеттерде шипажайларды ұйымдастыру әртүрлі. АҚШ-та, Италияда, Испанияда курорттардың көбі демалуға, жалпы емдеуге және сауықтыруға (қонақ үй, пансионат) арналған. Сондай-ақ аздаған психикалық ауруларға, туберкулезбен ауыртаын адамдарға арналған пансионаттар, отельдер бар. Германия, Франция, Австрия, Швеция, Чехия, Венгрияның шипажайларында балшықпен және емдік минералды сулармен емделуге мұқтаж жандарға арналған медициналық-сауықтыру кешендері бар. Жоғарыда айтылған мемлекеттің шипажайлары Қазақстандық шипажайлардан едәуір ерекшеленеді. Шетел шипажайларының негізгі физиобальнеоклиматайықтыру, яғни қонақ үйлерде, жеке меншік үйлерде тұратын ауруларға арналған амбулаториялық емдеу жүйесі.
Сонымен қатар жоғарыда айтып өткендей Қазақстан шипажайлық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылы Қазақстанда мемлееттік мәні бар Бурабай, Алмаарасан, Сарыағаш, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық сияқты шипажайлық мекемелер 19 мың орны бар 182 санаторий-профилакторицй, 4300 орны бар демалыс үйі, 717 орны бар 3 емдеу панисонаты жұмыс істейді. Ал 1917 жылға дейін Қазақстанда әрқайсысы 30 орындық 2 шипажай, климаты таулы жерге тән Шымған станциясы ғана бар. Мұнда қазір 3 шипажай, 18802 орны бар 116 шипажайлар бар.
І. Шипажай-курорт ісі дамуының тарихи аспектлері
1.1 Қазақстандағы шипажай қызметінің түсінігі мен негізгі принциптері
Қонақ үй шипажайлары-әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынынң жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы- «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды. Заң жүзінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекітіліп, яғни оларды сертификаттау қарастырылады. Қонақ үй шипажайларын дамыту үшін ұсынылған аса қызықты жобалар ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы «экожүйес» ЖШС-ның «Рахманов бұлағындағы» 50 орындық туристік кешен құрылысы, «Көшпенділердің» туристік сызбасын жайластырды. Алдағы қойылған мақсатты шешу үшін келесі сұрақтар қарастырылады;
Шипажай-курорттық істің дамуының саласындағы кәсіпорындардың негізі;
Қазақстан Республикасының қазіргі санаторий-курорттық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарың негізгі жіктеулерін қарастыру;
Қазіргі жағдайдағы денсаулықты қалыптастыратын, әлеуметтік факторларды қарастыру;
Санаторий-курорттық мекемелердегі емдік-сауықтыру қызметін көрсетудің негізгі принциптерін қарастыру;
Тұрғындарға санаторий-курорттық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды басқару ерекшеліктеріне талдау;
Санаторий-курорттық мекемелердегі негізгі ұйымдастыру-басқару және экономикалық мәселелерді шешу;
Көрсетілген қызмет деңгейін маркетингтік талдап, сапа деңгейін анықтау;
Санаторий-курорттық қызмет саласындағы негізгі проблемаларға және оны шешу жолдары мен болашағына тоқталу.
Қонақ үй кәсібінде басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қарастырады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т.б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады.
Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету қаладағы урбанизация мен Ғылыми Техникалық Ревалюцияға байланысты адамдарға психологиялық ауртпалықтың өсуі нәтежиесінде туризмнің рөлі арта түседі. Бұл адамның бос уақытын тиімді пайдалану қозғалысы болып табылады. Психологиялық ауртпалық, қала көшелерінен тыс жерледе, туристік походтар мен саяхаттар арқылы жүзеге асады. Әрдайым адам жақсы, тиімді демалса, ол белсенді түрде жұмыс істей бастайды.
Нарықтық экономика кәсіпорыннан ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, шаруашылықтың және өндірісті басқарудың тиімді формаларын енгізу, қызмет көрсету жағдайларын жандандыру, еңбекті және персоналды басқару әдістерін ұйымдастыру, кәсіпорынды дамыту стратегиялары мен тактикаларын өндіру, өндіріс тиімдігін жоғарлату резервтерін анықтау және кәсіпорын қызметкерлік нәтежиелерін бағалау негізінде өндіріс тиімділігін, өнім мен қызмет бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды талап етеді. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі Жоғары аттестациялық комитетінің ғылыми мамандықтары тізбесіне «Туризм географиясы» «Туризмнің педогогикасы мен психологиясы», «Туризмнің құықтық негіздері» атты жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажеттігі жетті. Егер, осы айтылғандарың бәрі алдағы екі-үш жылдың белесінде жүзеге асса, туризм ел эконмикасының тұрақты кіріспе саласына айналары хақ.
