Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6, 7, 8.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.81 Кб
Скачать

2. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету процесі бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет.

Екінші кезеңде сол қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек.

Үшінші кезеңде қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алатын шаралардың орындалуы бақылауға алынады.

Төртінші кезенде қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алу шаралар тиімділігі талдануы мүмкін.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады.

Кәзіргі таңда көптеген кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуінің екінші кезеңінде жасақталған қолайсыз жағдайлар мен қатерлердің алдын-алатын іс-шаралар жүйесі іске қосылып, бақылануда. Осы ретте, кәсіпорынға төнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян толығынан талданады.

Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай қатерлердің алдын-алу шараларынан барынша оң әсер алатын ақпараттарды жинау, талдау және бағалаудың бірегей жүйесі болуы тиіс.

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын анықтау бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік мәліметтер негізінде кәсіпорын капиталының құрылымы мен серпіні, қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігі, айналым қаржыларының ағымдағы кезеңдегі және болашаққа өтімділігі мен төлем қабілеті талданады.

Осы тәріздес талдауға негізгі және айналым капиталының пайдалануы, еңбек өнімділігі, кұрал-жабдықтың пайдалануы мен тозуы да ұшырайды. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен еңбек ақы қорына ерекше назар аударылады. Кәсіпорындардың шығындары құрылымын талдау ресурстар үнемінің жасырын жолдарын, дамудың интенсивті, жоғары технологиялық жолдарын анықтауға жол береді.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда кәсіпорынның өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды камтамасыз етуді бағалауды аяқтай отырып, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін талдау жөн болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің келесі кезеңінде кәсіпорынның кысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын жасау жатады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық қатерлердің алдын алу шараларын өткізу арқылы жұргізіледі.

Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, «көктен түскендей» тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да үйренші болып келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады.