Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6, 7, 8.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.81 Кб
Скачать

4. Дағдарысқа қарсы менеджментте стратегиялық маркетинг тұжырымдамасы

Кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен тауарлардың ресурс сыйымдылығының жоғарыда аталған көрсеткіштерінің (абсолюттік көрсеткіш; құрылымды көрсеткіш; салыстырмалы көрсеткіш; меншікті көрсеткіш) жақсаруы ресурстарды тиімді пайдалану факторларын кешенді түрде пайдаланатын ұйымдық-техникалық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру нәтижесінде орын алуы мүмкін.

Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі факторларының бірі өндіріс масштаб эффектісі заңын қолдану болып табылады. Тауарлар бойынша өндіріс масштабының ұлғаюы жалпы деңгейде өткізу нарығы мен тауарлардың түр аралық унификациясының кеңеюі негізінде орын алуы мүмкін; тауардың құрылымдық бөліктері бойынша түр ішілік унификация негізінде болады.

Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуі бойынша, өндіріс масштабы өсуінің нәтижесінде тауардың өзіндік құнын үш есе төмендетуге болады, сапасын 40%-ға дейін жоғарылатуға болады, бірақ бұл кезде тауарды толық қолданбау және параметрлік қатардың қысқаруына байланысты тұтынушының шығыны бірнеше есе өседі.

Дағдарысқа қарсы менеджментте стратегиялық маркетинг тұжырымдамасы кәсіпорынды ұзақ мерзімді тиімді жұмысқа бағыттайды. Имидждің бәсекелестік күресінде басып алудың негізгі шарттары тауарлардың жоғарғы сапасы және оларды қолдану шығындарын азайту болып табылады.

Тауарлардың қолдану шығындары көптеген өнеркәсіптік тауарларда тауардың өзіндік құнынан асып кетеді. Сол себепті тауарлардың өмірлік цикліндегі жиынтық шығындардың құрылымын оларды азайту мақсатында талдау ресурстарды үнемдеу факторларының бірі болып табылады. Экономикалық теорияда жиынтық шығындарды қысқарту механизмі уақыт үнемдеу заңымен сипатталады.

Маркетингтік орта және оның негізгі факторлары.

Ұйымның нарықтық мүмкіндіктерін талдау маркетингтік орта факторларын және ең алдымен, ұйым қызмет ететін микроортаны қолданумен жүзеге асырылады. Маркетингтік орта және оның негізгі факторлары төменде 6.2 кестеде келтірілген.

Кесте 6.2 - Маркетингтік орта және оның негізгі факторлары

Маркетингтік орта

Зерттелетін факторлар

1.Халықаралық

Жеке аймақтардағы және елдердегі экон.дағдарыстар;

Демографиялық күрт өсу;

Әлемнің жеке аймақтарындағы әлеуметтік жанжалдар және соғыстар;

Экологиялық құбылыстар, стихиялық апаттар;

Халықаралық келісімдердің бұзылуы.

2.Макроэкономикалық

Әлеуметтік-экономикалық саясат, ғылыми-техникалық және өндірістік саясат, елдің ресурстық әлеуеті, бағалық ж/е салықтық саясат, ақша-несие саясаты, кедендік саясат, азаматтық ж/коммерциялық заңдар.

3.Микроэкономикалық

Бәсекелік ортаның мінез-құлқы, тұтынушылардың сипаттамасы, ресурстар нарығының жағдаяты: шикізаттық, материалдық, қаржылық; бәсекелік артықшылықтар және бәсекелестердің әлсіз жақтары.

4.Аймақтық

Инвестициялардың серпіні, халықтың жұмыспен қамтылуының мінез-құлқы және деңгейі, оның құрылымының серпіні; халықтың әл-ауқатының деңгейі және серпіні; инфрақұрылым дамуының деңгейі.

Дәріс 7. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруындағы инновациялар. Инновациялық стратегияның негізгі типтері және олардың сипаттамасы.

Мақсаты: кәсіпорынды сауықтыру барысындағы инновациялардың, инновациялық процессттің рөлін ашып көрсету және инновациялық стратегияның негізгі типтері мен сипаттамасын тұжырымдау.

Жоспар:

1. Кәсіпорындарды сауықтыруда инновациялардың рөлі.

2. Инновациялық процесс дағдарысқа қарсы басқару факторы ретінде.

3. Инновациялық стратегияның негізгі типтері және олардың сипаттамасы