- •Дағдарысты мемлекеттік реттеудегі шетел тәжірибелері.
- •2. Дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету
- •1. Қр Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
- •3. Дағдарысқа қарсы менеджментіндегі тәуекелді басқару процесі.
- •1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық әдістемелік аспектілері.
- •11.1 Сурет - Дағдарысқа қарсы басқару механизмінің элементтері
- •2. Мұнай – газ саласы кәсіпорынның мәні, дағдарыстарды реттеу тәжірибелері
- •3. Мұнай–газ саласы кәсіпорынын дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
- •11.2 Сурет – Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
3. Мұнай–газ саласы кәсіпорынын дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Дағдарысқа қарсы басқаруын орындайтын менеджменттің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне, басқару сапасы мен тиімділігін жоғарлатуы жатады. Дағдарысқа қарсы басқаруда, белсенді әрі тиімді қолданыс осы ортақ мәселені шешуге негіз бола алатын келесі факторлар анықталынып, негізделген.
1. Мекеменің даму барысындағы қалыптасушы дағдарыс жағдай бағасына ғылыми шешім келесіні болжайды: болашақ мекеменің елесі, оның даму процесі; мекеме өндірісінің жүйелік сараптамасының жағдайы, біркелкілігі, еңбек шартын ынталандыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету, жұмыс әдістері мен амалдарын енгізу; қаржылық жағдайын бағалау, қызметкерлерді басқару және т.б. жатады. Бұл, жақындап келе жатқан немесе өтіп кеткен дағдарысты бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.
2. Менеджердің өнері, творчестволық қабілеттілігі, еркін мақсатқа ұмтылысы. Көптеген дағдарыс жағдайларында, табиғи апаттарда, техногенді апаттарда, айтулы даралық сапа, дағдарыстан шығу немесе оны жеңілдетуін анықтаушы факторы болып табылады. Сондықтан, дағдарысқа қарсы басқарушысы орнына үміткерлерін таңдау барысында, осындай сапаға ие мен дағдарысқа қарсы менеджерлер қабілеттілігін анықтау қажет.
3. Дағдарысқа қарсы басқарушылардың кәсібилігі мен әлеуметтік дайындық. Басқару саласындағы менеджерлерге біліктілік пен қатар дағдарысқа қарсы басқару ерекшелігін бейнелейтін кәсіби білім мен икемділігі аса қажет. Кәсібилік, жоғарғы оқу орны мен одан кейінгі арнайы оқуда жүйесімен, түрлі дағдарыстың алдын алу мен жоюда жүргізілген тәжірибесі бірігуімен қалыптасады. Созылмалы дағдарыс шартында, жоғары оқу орындарында бағдарламалар, оқулықтар мен дағдарысқа қарсы басқару саласындағы студенттерді арнайы дайындау тренингтерін құруына бағытталған кешенді шараларды жүргізі қажет.
4. Тәуекел шешімін өндіру әдістемесі. Басқару шешімінің сапасына, басқарудың барлық жүйесінің тиімділігі тәуелді. Мұндай тәуелділік, әсіресе дағдарысқа қарсы басқаруда үлкен. Сондықтан да, тәуекел шешімдерді қабылдау әдістемесін эасақтау маңызды.
5. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне айтарлықтай әсер етуші бірлестік болып табылады. Бірлестік бұл – фирма қызметкерлерінің, мақсаттарының, тапсырмалары мен мекеменің басты құндылықтарын ұғыну мен қабылдауда бірігуі. Бұл фирмалық патриотизм, мекеменің жоғары имиджіне жету мен ортақ қызығушылықтар үшін бас алмай жұмыс жасауға дайындық. Бірлестік сезімі дағдарысқа қарсы тіреушісі болып табылады.
6. Дағдарысқа қарсы басқарудағы жоғары тиімділіктің басты факторы көсбасшылық болып табылады. Басшылық – жеке тұлғаның, әлеуметтік, кәсіби топтың, мекеменің, басқарушы жағдайы ие, экономикалық, басқару және ғылыми қызметтің ең тиімді нәтижелеріне шарттасқан; басымдылық пен бағыну қатынасы, тұлға аралық қатынас жүйесіне еру мен ықпал ету.
7. Дағдарыстан шығу немесе алдын алудың оңтайлы стратегиясын құру. Стратегия, мақсатты нақтылау керек, осы мақсатқа жетуге маңызды қаражатты реттеп, анықтауы керек, фирма мен бәсекелестерінің жұмыстары туралы мәліметті бақылап отыруы қажет, күрделі мәселені шешуде бірнеше амалдарды ұсынуы міндет. Дағдарысқа қарсы басқарудағы стратегия, қызметтік міндеттердің барлық шешімдерін жойып, оларды мекеменің бағытталған стратегиясын іске асыруға бағындыруға негізделген. Тек осы шарттарда ғана, стратегия дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттырудағы алдыңғы қатарлы фактор рөлін орындайды.
9. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің басты факторы, дағдарыс жағдайында бақылау жүйесін құру болып табылады. Жалпы жағдайда, бақылау астарынада, басқарушы объекттің немесе сыртқы ортаның шынай уақыт тәртібінде күйі, өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ететін және осының арқасында айтарлықтай, шаруашылық, қаржылай және инновациялық қызметінің қаупі төмендейді.
