Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9,10,11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.73 Кб
Скачать

1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық әдістемелік аспектілері.

Қазіргі уақыттағы экономикалық әрекет етушіліктер кәсіпорынның басшыларының айқынсыздық не тұрақсыздық жағдайларында үнемі шешім қабылдауын жүктейді. Көптеген кіші, орта және ірі кәсіпорындардың тек қарапайым уақытша қиындықтарды бастан өткізбей, әртүрлі дағдарыс жағдайларына үнемі кездесіп отырды. Осы жағдайлардың нәтижесінде тұрақсыздық немесе банкроттылық орын алуы мүмкін. Сондықтан осындай басқару әдістері мен формаларын іздеу және кеңінен енгізу мәселелері өзекті болып отыр. Оны қолдану арқылы еліміздегі нәтижелер көңіл көншітпейтіндей жағдайларда жалпы жағымсыз нарықтық жағдайларға қарамастан кәсіпорын ісінің дағдарысқа дейінгі жағдайға жеткізбеуге мүмкіндік берер еді.

Экономикалық ғылымда дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі принциптерге негізделеді:

1. Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі дағдарыс белгілерін ерте анықтау осыны ескері отырып кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы кәсіпорындағы айтарлықтай зиян келтіреді және оның меншік иелеріне капиталды біраз жоғалтумен байлынысты болады, дағдарыстың пайда болуы мүмкіндігі қазіргі уақыттағы оның жойылуының мүмкіндіктерін пайдалану мақсатымен өте ерте кезеңдегісін анықталу тиіс.

2. Дағдарыс белгілеріне әрекет ету мерзімділігі. Әрбір пайда болған дағдарыс белгілері әрбір жаңа шаруашылық циклымен кеңейтуге ғана дамуы болмауы тиіс, сондай-ақ оған байланысты жаңа белгілерде пайда болады. Сондықтан дағдарысқа қарсы механизмдерді ертерек қолдана бастағаннан кәсіпорынға келтіру мүмкіндіктері де пайда болады.

3. Кәсіпорынның әрекет етуге адекваттылығы оның қаржылық тепе-теңдігіне нақты қауіп төндіру дәрежесі. Бакроттылық қауіптерінің жою бойынша механизмдердің жүйесін қолдана отырып қаржылық шығындармен байланысты өзінің қауіпті бөліктерін анықтайды. Сонымен бірге бұл шығындардың деңгейі және жоғалтулары кәсіпорынның банкроттылық қауіп деңгейіне адекватты болуы тиіс.

4. Ішкі мүмкіндіктердің толық іске асырылуы кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығуы. Кәсіпорынды бакроттық қауіппен күресте тек ішкі қаржылық мүмкіндіктерді ғана есепке алуы тиіс.

Сонымен дағдарысқа қарсы басқару механизмі - бұл дағдарыс құбылыстың алдын алу немесе өз уақытында сауықтыру бойынша шараларды жасап және еңгізуге бағытталалған өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Дағдарысқа қарсы басқару механизмін экономикалық және құқықтық элементтерге бөлуге болады (11.1 – сурет).

11.1 Сурет - Дағдарысқа қарсы басқару механизмінің элементтері

Көрсетілген элементтердің салын есепке алу менеджерлер үшін өте маңызды. Дағдарысқа қарсы жұмысын бақылай отырып бір түрінің элементтерін екіншісінің орнына қабылдап қою арқылы оңай қателікке ұрындырады. Дағдарысқа қарсы басқарудың экономикалық механизмін құру және теориялық негізін салу кешендік сипатта болуы тиіс және келесі жағдайларға негізденеді: басқару процессіне жүйелік қадамдарды қолдану және дағдарыс жағдайында шешімдер қабылдау, сапалы құрылымның және мақсаты қызмет етуші заңдылықтарды, сондай-ақ экономикалық қарама-қайшылықтарды да есепке алу.