Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9,10,11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.73 Кб
Скачать

1. Қр Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар

Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы Қазақстанның экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды. Қазақстан халықарылық стандарттарға сәйкес болуы және халықаралық сауда жүйесіне барынша қатысуы тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар серіктестік және ынтымақтасу туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.

Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұлттық заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен сәйкестілікті растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды қажет етті. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын қабылдау арқылы сәйкестендірді және сәйкестілікті растау рәсімдерін қайтадан қарастырды.

1999 жылы бекітілген Қазақстанмен Серіктесу және ынтымақтасу туралы келісімге сәйкес Еуропалық одақ экономикалық реформаларды күшейту жөнінде біршама жобалар мен тығыз экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады. Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықша талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді. Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін көздейді.

Жобаның негізгі серіктесі – Индустрия және сауда министрлігі, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет. Жоба командасы сонымен қатар Қазақстандық Стандарттау және сертификаттау институтымен және оның Ақпараттық орталығымен тығыз жұмыс істеді. Жоба осы тараптардың стратегиялық қажеттіліктеріне жауап беру үшін және барлық жұмысты нақты ұйымдастырып, олардың талаптарына сәйкес жүргізілуі үшін іске асырылды.

Осы жұмыстың негізгі мақсаттары:

  • Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.

  • Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.

Осы мақсаттарға жету үшін, жоба батыл шаралар орындады, олар:

  • Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар бойынша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарға шолу жасау.

  • Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды, аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз ету.

  • Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.

  • Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту, Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу.

Жобаның іс-шаралары заң жобаларының әзірленуін, реттеу жүйесінің реформасы жөніндегі ұсыныстарды, техникалық-заңдық семинарлар ұйымдастыруды, ЕО-тың Директивалары мен техникалық стандарттар сияқты маңызды материалдар алуды, дербес және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша оқытуды, халықаралық қарым-қатынастардың күшейтілуін және оқыту сапарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Еуропалық кеңес 1 миллион евро сомасында жобаны қаржыландырады. Еуропалық кеңестің Жобаға арналған техникалық көмегімен Қазақстан тез арада Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік жөніндегі белгілі бір негізгі талаптарға сәйкестікке жауап берді және халықаралық сауда жүйесімен бірікті.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше атанған 162-ші мемлекет. Әлемнің ең ірі экономикалары Қазақстанды инвестициялар үшін қолайлы елдердің бірі ретінде мойындады. Біз үшін ол өте маңызды. Себебі дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастың ең биік шыңы, ең жоғары көрсеткіші - Дүниежүзілік сауда ұйымы. Соған еліміз мүше ретінде кіргенде қандай деңгейде, қандай жағдайда араласамыз - сол Қазақстанның, дағдарыстан шығу мүмкіндігін көрсетеді. Әлемдік нарықтың толыққанды мүшесі атану үшін жаһандану дәуірінде ұжымдаса қабылданған әлемдік ойын ережелеріне жылдам бейімделе алуымыз керек. Бұл әсіресе шағын және орта бизнеске қатысты. Себебі ДСҰ нарығында ең жойқын ауыртпалықты бірінші сезінетін осылар. Өңдеуші саламызды, маркетингті, отандық менеджментті әлемдік деңгейге көтеруіміз керек. 20 жылға жақын уақыт бойы ұйымның экономикалық заңдарына сай ішкі дайындықты пысықтап келдік. Кедендік одақтың төңірегінде де көптеген тәжірибелер жиналды. Сондықтан әлемдік экономика ұсынған талаптарға отандық тауарөндірушілер де дайын. Қазақстан ұстанған позиция бойынша ел экономикасы ДСҰ-ға кіруі міндетті болды. Себебі біз әлемдік үдерістерден бөлініп кете алмаймыз.

Ұйымға мүше болып енуіміз - уақыт талабы. Бірақ қандай да бір ұйымға, бірлестікке енбес бұрын, «бізге ол не береді?» деген заңды сауал туады.

Ең біріншіден, Қазақстан әлемдік сауданың элитасына кіреді. Елдегі шағын және орта бизнестің нарықтық аясы кеңейіп, Еуропаға, Шығыс Азияға тауарды еркін өткізіп, оны сатуға мүмкіндік ашылады. Отандық кәсіпкерлер мейлінше сауатты құрылған сауда нарығына түседі. Ұйымға мүше мемлекеттер қазақстандық тауарларға бірдей мүмкіндіктер беруге кепілдік етеді. Қазірдің өзінде шетелге тауарларын экспорттайтын ұлттық брендтер аз емес. Мәселен, «Рахат» шоколадтары Германия, Ресей, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан Ауғанстан сынды елдерге экспортталады. Мұндай ірі компаниялар мен кәсіпорындар үшін ДСҰ - үлкен мүмкіндік.

Екіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болу - сыртқы капиталдардың көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни шетел инвестицияларының көлемі арта түспек. Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен соң, инвесторларды тартуда Орталық Азия аумағындағы көшбасшылығын одан әрі күшейте түспек. Былтыр шетел инвестициялары бүкiл әлем бойынша 8 пайызға төмендедi. Соның iшiнде дамушы елдерде 50 пайызға дейiн азайды. Соған қарамастан, Қазақстанда инвестициялардың тұрақты өсiмi тiркелуде. Деректерге сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақстан 208 млрд. доллар шетел инвестициясын тартты. Жыл сайын бiз 20 млрд. долларға тарта шетел инвестициясын тартып отырмыз. 2014 жылы оның көлемi 23,9 млрд долларды құрады.

Үшіншіден, еліміз сауда саласындағы дауларды шешудің әлемдік тәжірибесіне қол жеткізетін болады. Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі - халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор. Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған. Ол ұйымға мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан, барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерді ұсынады. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашады. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. Ұйымда АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.

Төртіншіден, қазақстандық инвесторлар ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің нарығына қол жеткізе алады. ДСҰ шеңберінде қазақ инвестициясы салынған мемлекеттердің саны да арта беретін болады.

Бесіншіден, қазақстандық тұтынушылар арзан тауарларға молынан қарық болмақ. Кедендік кедергілерсіз енген шетелдік тауарлар біздің елде теңдей құқыққа ие болады.

Алтыншы, Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін қаперге ала отырып, әлемдік сауданың жаңа ережелерін жасақтауда өз үлесін қоса алады.

Ал ең бастысы - Қазақстан халықаралық сауда нарығының толыққанды мүшесі ретінде өз имиджін біршама жоғарылататын болды.

ДСҰ мүше болудың SWOT – талдау нәтижесі төменде 10.1-кестеде кеоттірілген.

Кесте 10.1 - ДСҰ мүше болудың SWOT – талдау нәтижесі

Күшті жақтары

Осал жақтары

  • Шикізат толық қамтылған

  • Қолайлы орналасу территориясы

  • Өте жоғары қарқынмен дамуы

  • Тұрақты саяси жағдай

  • Қайта өңдеу саласының деңгейінің төмендігі

  • Теңізге шығу жолының жоқтығы

  • Кадрлық әлсіздік

  • Технологияның көнерген ахуалда болуы немесе жоқтығы

Мүмкіншілігі

Қауіп-қатері

  • Ірі державалармен өз тауарларын сату арқылы қарым-қатынас орнату

  • Аграрлық бағыттан қайта өңдеу бағытына ауысуға мүмкіндік

  • Шетел мемлекеттерімен тәжірибе алмасады, кадрлық мүмкіндіктер береді

  • Жаңа техника және технологиялар алу

  • Нақты бағалық саясат

  • Инвестицияның тартылуы

  • Сапасыз тауарлардың нарықты жаулауы

  • Шекараның ашық болу нәтижесінен көлеңкелі экономиканың дамуы

  • Миграциялық жағдайдың орын алуы

2. Дағдарыс салдарын жоюда экономиканы инновациялық жаңғыртудың шетелдік тәжірибесі

Инновация аясының динамикалық өсімі - инновациялық экономиканың негізгі көрсеткіші. Мұндай жоғарғы технологиялы экономика тиімді инновациялық жүйе болып табылады және инновациялық процестің институттарын құруға қолдау көрсетеді. БҰҰ-ң мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстан әлемнің жоғарғы технологиялы елдердің үздік жиырмалығына да кірмейді. Инновациялық экономиканың бірінші ондығына Финляндия, АҚШ, Швеция, Жапония, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Сингапур, ары қарай Қытай мен Үндістан да енеді.

Қазақстанда экономиканың жаңа типін қалыптастырудың көзі болып жаңа технологиялы ауқымды инвестициялар табылады және жаңа жоғарғы технологиялы тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру үшін ұдайы өндірісті керекті біліммен қамтамасыз ету керек. Мемлекеттің жаңа инфрақұрылымының негізі болып табылатын, коммуникациялық ақпараттық технологиялар экономиканың қарқынды дамуында аса маңызды рөл атқарады. Олар экономиканың даму деңгейімен бірге ілгері қарқын алуы керек. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі тауар өндірудің ең төмен қайта өңдеу деңгейімен байқалады. Отандық өндірушілердің саладағы басымдылығының инновациялық белсенділігі айрықша байқалады. Бұл тамақ, кокс және мұнай өнімдері өнеркәсібіне қатысты. ҚР Президенті жарлығымен 2003 жылдың 17 маусымында Қазақстанның үдемелі индустриалды инновациялық дамуының (ҮИИД) 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Осы стратегия елдің қарқынды дамуын экономиканы жетілдіру мен диверсификациялау негізінде экспорттың өсуі мен тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттырды. ҮИИД стратегиясы 2015 жылға дейінгі мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіруге бағытталған. Экономикалық жаңғырту - бұл объективті және туындаған дағдарысты енсеруде маңызы зор қажеттілік. Ұзақ уақытқа әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап, мемлекеттің ұлттық мүддесін жақтауға ұмтылуды, әлемдік дәрежеде орнын бекітуді, халықтың әл-ауқатын жақсартуды, экономикалық қуаттылықты, тауарлар мен қызмет нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды, қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздікті (оның ішінде экономикалық және технологиялық) қамтамасыз етеді. Іс жүзіндегі экономикалық қауіп-қатердің, мүмкіндіктер мен шектеулердің есебімен экономикалық жаңғырту кез келген мемлекетте ауқымды проблемаларды (әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, техникалық) жеңуімен байланысты.

Жалпы алғанда, экономикалық жаңғыртуды тек қана балама жолдармен емес, сондай-ақ, кең көлемді белгіленген іс-әрекеттер мен басқа да өзгерістермен жүзеге асырылады. Экономиканы жетілдіру және жаңғыртудың шетелдік экономикалық тәжірибесі ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін экономиканы жаңаша арнаға салудың өзіндік моделі болуға тиіс пе? Шетелдік тәжірибелерге сүйену үшін оны толығымен қарастырып, тиімді жағын және басқа да факторларды ескере отырып мемлекетке қай модель келе алатынын алдын ала ескеру керек. Әлемнің алдынғы қатарлы дамыған елдерінің экономиканы инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі өз тиімділігін көрсеткен. Экономикасы қарқынды даму үстіндегі мемлекеттердің келесідей тәжірибелері: АҚШ-ң экономиканы инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі. 1980-жылдарда АҚШ-ң мемлекет басшылары, ғалымдары және Конгресі «ұлттық инновациялық мүмкіндіктер» (national innovation capacity) атты концепциясын жетілдіру туралы алдын ала шаралар жасады. Қысқа мерзім ішінде мемлекеттің мүмкіндіктерін үздік технологиялармен арттыру, ұлттық экономика мен қауіпсіздікті бекітудің маңызды факторы ретінде меңгеру туралы шешім қабылданды. 1993-жылдың ақпан айында президент Клинтон өзінің «Американың экономикалық өркендеуіне арналған технология: экономикалық қуаттылықты құрудағы жаңа бағыт» атты баяндамасында жаңа ғылыми-техникалық саясатты жария етті. Ол мемлекеттің ғылым мен техника саласындағы күллі қызметі келесі мақсаттарға бағытталуын ұсынды:

  • америкалық өндірістің бәсекеге қабілеттігін арттыру және жаңа, ең бастысы, жоғарғы технологиялы жұмыс орындарын құру; инвестициялардың тек қана жаңа идеялармен байланысы бар, жаңа енгізілген технологиялардың ӛркендеуге апаратын кәсіпкерлік ортаны жасау;

  • федералды үкіметтің барлық ведомствосында үйлестірілген технология менеджментін қамтамасыз ету;

  • өндіріс, федералды ведомстволар, штаттар үкіметі және университеттер арасында тығыз жұмыстық қарым-қатынастарды құру;

  • информатика және коммуникация, тұрақты өндіріс, қоршаған ортаны қорғау технологиялары сияқты қазіргі заманғы бизнестің қиын-қыстау кезеңдеріндегі, даму үстіндегі экономика болып саналатын технологияларға барлық күштерді бағыттау;

  • барлық технико-технологиялық дамудың іргелі ғылым алдында мемлекеттік міндеттемесін растау

АҚШ-ты жан-жақты қолдай бастаған феномендік өндірісі тиімді ұйымдастыруымен ерекшеленді. Ол фирмааралық және фирмалар коммуникацияларының ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану нәтижесінде мүмкін болды. Осы мақсатта өндірістік кәсіпорындардың интеграциясын қолдау арнайы бағдарламасы құрастырылды. Икемді немесе бірігіп өндіру - бұл бірнеше заңды тәуелсіз өндіріс фирмаларының келісім негізінде өзара шарт жасасып, белгілі бір уақытқа дейін қандай да бір тауарды өндіруге бағытталған серіктестігі. Бұл феномен АҚШ-та 1980- жылдардан бастап мәлім, бірақ XX ғасырдың соңына қарай ғана ол жеткілікті өрістей алды және өндірістік жүйеде үкіметтен толыққанды қолдауға ие болды. АҚШ үкіметі ЖИЕ (жаңа индуртриалды елдер) тиімділігі кадрлық ұтқырлыққа және құрылымдық тиімділікке ерекше әсер етеді деп таныды, яғни ғылым саласындағы жұмысшылардың бір зерттеу орталығынан екінші зерттеу орталығына ауысу, зерттеудің тақырыптық бағыттылығын алмастыру, оқытудан өндірістік зерттеулерге өту және керісінше.

Францияның ұлттық экономикасының инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі. Бүгінде, инновация аясының дамуы Францияның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып табылады және елдің келешекте экономикалық ӛсімінің басты факторы ретінде қарастырылады. Елдің әлемдік аренадағы орны мен болашағы осы бағытта дамуымен байланыстырылады. Франция инновациялық саясат пен ғылыми- технологиялық жағынан жүзеге асыру мен құрастыруда өзіндік жоғары тәжірибеге ие. Бұл басқа көптеген елдерге үлгі боларлықтай саясат. Францияның заманауи практикасының жағымды жағын көрсете кетсек: Мемлекеттің ғылымды қаржыландыру мен инновациялық қызметке айтарлықтай көңіл бөлінуі. 2005 жылы Франция ғылым және инновация салаларын жаппай қаржыландыруға бағыт алады. 2008 жылы Франция үкіметі жоғарғы мектеп пен ғылым салаларын бюджет саясатының басты артықшылығы деп таныды және әр жыл сайын қосымша бӛлініп тұратын 2009-2011 жылдар аралығына осы салаларды 1,8 млрд. еуро қаражат кӛлемінде қаржыландырды. Әлемдік қаржылық дағдарыс ел экономикасындағы үкімет жоспарларын жүзеге асыруға еш кедергісін жасаған жоқ. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығына қарамастан (2009 жылы ЖІӨ-ң 7%-на жуық), ел президенті Н.Саркози мемлекеттік қаржының қатаң экономиялық саясатын жүргізуден бас тартады және 2010 жылы Францияның стратегиялық басымдығын қаржыландыруға мемлекеттік заем жариялайды. Францияның болашағымен байланысты болатын кең масштабты ұзақ мерзімді үкіметтің инвестициялық бағдарламасын стратегиялық бағыттарда қаржыландыруды ұсынады. Жоғарғы білім беру, кадрларды кәсіби даярлау, ғылыми зерттеулер, бәсекеге қабілетті өндіріс, инновациялық шағын және орта бизнесті өркендету, қарқынды даму және сандық технологиялар үкіметтің келешекке жасаған инвестициялық бағдарламалары болып саналады.

Экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі жаһандық экономикалық бәсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Әр түрлі бағалар бойынша дамыған елдердің 70-тен 100%-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Әлемдік тәжірибеде жеке секторда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен контрукторлық әзірмелерді (ҒЗЖКӘ) ынталандырудың екі негізгі әдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру және салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау. Өнеркәсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:

  • жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;

  • әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;

  • салық салынбайтын және ҒЗЖКӘ-ні жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақсаттағы қорларды құру;

  • зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген мөлшерлемелер;

  • төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табысқа салық салу (шағын кәсіпорындар үшін);

  • ҒЗЖКӘ-ні жүзеге асыратын кәсіпорындарға салық несиелері мен демалыстары.

Бұдан басқа шетелде зерттеулердің перспективалық бағыттары үшін ұзақ мерзімді кредиттер беру жолымен ҒЗЖКӘ-і үкіметтік кепілдігімен ынталандыру тәжірибесі кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкіметтік құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тіптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады. Әлемнің кӛптеген дамыған елдерінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың өңірлік құраушысын пайдалану ролцесі үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерімен түсіндіріледі. Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгілерді қорғау саласындағы зияткерлік меншік объектілерін патенттеу жүйесі әлемдік практикада инновациялық белсенділікті жоғарылатудың құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы өңірлік халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерінің Еуразиялық кеңістіктегі тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік) тауарлық белгілерді қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, ӛйткені тауарлық белгілердің аумақтық сипаттағы қорғауы бар. Осыған байланысты, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы Еуразиялық ұйымды құру қажет. Қазақстан Республикасы болжамды ұйымның орналасу орны болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу қаласы, Ресей осындай Еуразиялық патенттік ұйымның (патенттерді қорғау саласында) орналасқан орны болып табылады. Қазақстан экономикасын жетілдіру және жаңғырту үшін оның басқа шетелдің дамыған алдынғы қатарлы елдерінің тәжірибесін қолдана білуіміз керек. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын дамыту үшін инновация ауадай қажет. Біз өз еліміздің табиғи ресурстарын қолдана отырып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыздар санын мейлінше қысқартуымыз керек. Инновациялық дамуда нәтижелікке қол жеткізу үшін ғылым мен экономиканы байланыстыра отырып, сапалы білім жүйесін қалыптастыру керек. Сондықтан, мемлекеттің инновациялық дамуының негізі адамзат капиталы болып табылады.