Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
387.58 Кб
Скачать

Қр Еңбек құқығы негіздері

Жұмысшы мен қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет жөніндегі жұмысты орындауға міндеттеніп,ал әкімшілік(жалдаушы)жалақы төлеуге міндеттенетін жалдаушы мен жұмысшының арасындағы келісім

A.Еңбек шарты

B.Келісім

C.Міндеттемелер

D.Меморандум

E.Консенсус

Қазақстан Республикасы еңбек зандары бойынша 16-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақытының мөлшері қандай?

A.Аптасына 36 сағат

B.Аптасына 30 сағат

C.Аптасына 35 сағат

D.Аптасына 41 сағат

E.Аптасына 24 сағат

Азаматтық бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сотқа шағымдану түрі

A.Талап-арыз

B.Анықтама

C.Талап

D.Наразылық

E.Ұсыныс

Қай орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тани алады?

A.Сот

B.Нотариат

C.Мәслихат

D.Үкімет

E.АХАТ

Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек етуіне байланысты мағлұматтар жазылатын негізгі құжат

A.Еңбек кітапшасы

B.Мәжіліс хаттамасы

C.Келісім шарт

D.Куәлік

E.Шешім

Жұмысшылар, жұмыс берушiлер қай құқықтың субъектілері болып табылады?

A.Еңбек құқығының

B.Азаматтық құқықтың

C.Кәсіпкерлік құқықтың

D.Әкімшілік құқықтың

E.Конституциялық құқықтың

Азаматтардың еңбек қатынастарына түсу жасы?

A.16 жас

B.14 жас

C.13 жас

D.15 жас

E.17 жас

Азаматтың кәмелеттiк жасы:

A.18 жас

B.16 жас

C.14 жас

D.20 жас

E.21 жас

Еңбек құқығының пәні не болып табылады?

A.Еңбек қатынастары

B.Әкімшілік қатынастар

C.Қоғамдық қатынастар

D.Еңбек даулары.

E.Еңбек ұжымдары

Азаматтардың еңбекке қабілеттілігін тiкелей жүзеге асыруымен байланысты әрекет:

A.Еңбек құқығының обьектiсі

B.Еңбек құқығының пәні

C.Жалдамалы еңбек

D.Өзіндік еңбек

E.Еңбек құқығының институты

Еңбек құқығының субьектiсi ретiнде кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң құрамында шешушi роль атқаратын:

A.Әкiмшiлiк басшысы

B.Мастер

C.Цех жетекшiсi

D.Бригадир

E.Еңбек ұжымы

Кәсiпорын басшысының өкiлеттiгi анықталады:

A.Шартпен

B.Жарғымeн.

C.Мiндеттiлiкпен.

D.Кәсiподақ шешiмiмен.

E.Жарлықпен

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына неше сағат?

A.40 сағат.

B.45 сағат.

C.41 сағат.

D.29 сағат.

E.35 сағат.

Зиянды жұмыстардағы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына неше сағаттан аспауы керек ?

A.34 сағаттан

B.38 сағаттан

C.36 сағаттан

D.40 сағаттан

E.24 сағаттан

Тамақтануға берiлетiн үзіліс:

A.1 сағат

B.0,5 сағат

C.1,5 сағат

D.2 сағат

E.3 сағат

Жүйелi еңбек түрi дегенiмiз не?

A.Жеке меншiк иелерiнiң және меншiгi жоқ адамдардың ұжымдық еңбегi

B.Әртүрлi саладағы жұмысшылар еңбегi

C.Бiр саладағы әртүрлi маман жұмысшыларының еңбегi

D.Бiр мамандықтағы жұмысшылар еңбегi

E.Бір ұжымдағы мамандар еңбегі

Жұмысшының еңбек шартында белгiленген еңбек қызметiн орындағаны үшiн төленетiн ақы:

A.Еңбек ақы

B.Жәрдем ақы.

C.Сый ақы.

D.Арнайы төлем.

E.Зейнетақы.

Қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары:

A.ауыр жұмыстар

B.вахталық жұмыстар

C.маусымдық жұмыстар

D.ауысымдық жұмыстар

E.үй жұмыстары

Еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға:

A.Делдал

B.Дилер

C.Брокер

D.Кәсіпкер

E.Акционер

Адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі:

A.Еңбек

B.Жұмыс

C.Қызмет

D.Лауазым

E.Әрекет

Қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт:

A.Еңбек стажы

B.Түскі үзіліс уақыты

C.Жазғы демалыс уақыты

D.Еңбек демалысы

E.Мерекелік күндерге берілген уақыт

Белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары:

A.Зиянды еңбек жағдайлары

B.Кәсіби ауру

C.Зиянды өндірістік фактор

D.Зиянды еңбек факторы

E.Зиянды уақыт

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға:

A.Қызметкер

B.Азамат

C.Жұмыс беруші

D.Лауазымды тұлға

E.Кәсіпкер

Қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы:

A.Өндірістік жарақат

B.Зиянды еңбек

C.Зиянды өндірістік фактор

D.Кәсіби ауру

E.Зиянды еңбек факторы

Жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші:

A.Тарифтік разряд

B.Тарифтік ставка

C.Тарифтік жүйе

D.Тарифтік кесте

E.Тарифтік ақы

Орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы:

A.Тарифтік кесте

B.Тарифтік ставка

C.Тарифтік жүйе

D.Тарифтік разряд

E.Тарифтік ақы

Еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі:

A.Тарифтік жүйе

B.Тарифтік ставка

C.Тарифтік ақы

D.Тарифтік разряд

E.Тарифтік кесте

Қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері:

A.Тарифтік ставка

B.Тарифтік жүйе

C.Тарифтік ақы

D.Тарифтік разряд

E.Тарифтік кесте

Ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт:

A.Ұжымдық шарт

B.Контракт

C.Келісім-шарт

D.Еңбек шарты

E.Бұйрық

Аптасына қалыпты норма 40 сағат болғанда, күнделiктi жұмыс уақытының ұзақтығы неше сағаттан аспауы керек?

A.8 сағаттан

B.7 сағаттан

C.10 сағаттан

D.9 сағаттан

E.12 сағаттан

Үстеме жұмыстардың мөлшерi әр жұмысшыға бiр күнтiзбелiк күн iшiнде неше сағаттан аспауы керек?

A.2 сағаттан

B.1 сағаттан

C.30 минуттан

D.1,5 сағаттан

E.2,5 сағатан

Үстеме жұмыстарға неше жастан бастап тартылады?

A.18 жастан

B.15 жастан

C.16 жастан

D.14 жастан

E.20 жастан

Жұмысшының жұмыс күнi аяқталғаннан келесi күнгi жұмыс басталғанға дейiнгi күделiктi демалыс уақыты неше сағаттан кем болмауы керек?

A.16 сағаттан

B.14 сағаттан

C.12 сағаттан

D.10 сағаттан

E.8 сағаттан

Жұмысшыны жұмыс берушiнiң нұсқауымен еңбек мiндеттерiн орындау үшiн түрақты жұмыс орнынан басқа жерге жiберу:

A.Іссапар

B.Басқа жұмысқа жiберу

C.Жұмыс уақыты.

D.Демалыс уақыты.

E.Жұмыс ауыстыру

Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі неде?

A.Міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы

B.Еңбектің еңбек заңдылығымен реттелуі

C.Жұмысшының міндеттерінің анықталуы

D.Жұмыс берушінің міндеттерінің анықталуы

E.Тараптардың құқықтарының анықталуы

Он төрт жасқа толған оқушылардың еңбек етуіне қойылатын талаптар:

A.Сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындауға

B.Тек сабақтан бос уақытта оқу процесіне қатысты жұмысты орындауға

C.Ата-аналарына көмектесу мақсатындағы жұмысты орындауға

D.Ғылыми жоба аясында денсаулығына зиян келтірмейтін жұмысты орындауға

E.Маусым кезіндегі жұмыстарды орындауға

Жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн бе?

A.Қызметкердiң келiсiмi бойынша берiлуi мүмкiн

B.Тек кәсіпорын басшысына ғана берiлуi мүмкiн

C.Тек 18 жасқа толған тұлғаларға берiлуi мүмкiн

D.Мүмкiн емес

E.Арнайы органдардың рұқсатымен ғана

Еңбек шартын жасау үшін жеке басының куәлігі немесе төлқұжаттың қажеттігі міндетті ме?

A.Міндетті

B.Кей жағдайда

C.Міндетті емес

D.Арнайы органдардың талап етуімен

E.Басқа құжаттар болмағанда

Еңбек тәртiбін бұзған жағдайда қолданылатын жаза түрі:

A.Ескерту жасау

B.Бас бостандығынан айыру

C.Айыппұл

D.Шығынның орнын толтыру

E.Мүлікті тәркілеу

Еңбек ұжымдарында еңбекке қатысты даулардын қарайды:

A.Кәсіподақ

B.Сот

C.Прокуратура

D.Үкімет

E.Депутаттар

Еңбек шартының нысаны:

A.Жазбаша

B.Ауызша

C.Нотариалды

D.Қарапайым

E.Консенсуалды

Жұмыс беруші қызметкерді неше күн мерзімде жұмысқа қабылдау туралы актімен таныстыруға міндетті?

А.3 күн мерзімде

B.1 күн мерзімде

С.5 күн мерзімде

D.4 күн мерзімде

Е.2 күн мерзімде

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат:

А.Еңбек кітапшасы

B.Төлқұжат

С.Сенімхат

D.Жеке бас куәлігі

Е.Неке куәлігі

Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат:

А.Еңбек кітапшасы

B.Еңбек Кодексi

С.ҚР Азаматтық Кодексi

D.ҚР Конституциясы

Е.Еңбек шарты

Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосыла ма?

А.Қосылады

B.Жұмыс беруші қажет деп тапса

С.Кей жағдайда

D.Қосылмайды

Е.Ұжымдық шартта көрсетілсе

Қызметкерге тағайындалған сынақ мерзімі қанша болуы тиіс?

А.3 айдан аспауға тиіс

B.1,5 ай болуы керек

С.1 айдан аспауы тиіс

D.2 ай

Е.2 аптадан аспауға тиіс

Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші қызметкерге оны қандай тәртіппен ескертуі керек?

А.Сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап жазбаша түрде

B.Сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік бес күн қалғаннан бастап жазбаша түрде

С.Сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап ауызша түрде

D.Сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік бес күн қалғаннан бастап ауызша түрде

Е.Сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан бастап жазбаша түрде

Жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге кемінде қанша ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті?

А.1 ай.

B.2 ай

С.3 ай

D.4 ай

Е.5 ай.

Қызметкерді қандай жағдайда басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді?

А.Денсаулығына байланысты

B.Қызметкердің өтінішімен

С.Мемлекеттік органдардың тиым салынуымен

D.Нотариалды түрде келісім болғанда

Е.Отбасы жағдайымен

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 36 сағат болғанда аспауға тиіс:

А.7 сағат 12 минуттан

B.5 сағат 12 минуттан

С.6 сағаттан

D.4 сағатан

Е.5 сағат 15 минуттан

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 24 сағат болғанда аспауға тиіс.

А.5 сағаттан

B.2 сағаттан

С.4 сағаттан

D.7 сағаттан

Е.3 сағаттан

Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 36 сағат болғанда аспауға тиіс: 

А.6 сағаттан

B.7 сағаттан

С.5 сағаттан

D.4 сағаттан

Е.3 сағаттан

Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 24 сағат болғанда аспауға тиіс:

А.4 сағаттан

B.7 сағаттан

С.6 сағаттан.

D.3 сағаттан

Е.5 сағаттан

Кезектi демалыс ұзақтығы төмен болмауы керек:

А.15 күннен

B.25 күннен

С.20 күннен

D.30 күннен

Е.18 күннен

Түнгі уақыт болып есептеледі:

А.22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт

B.21 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 9-ға дейінгі уақыт

С.22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 8-ге дейінгі уақыт

D.20 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 8-ге дейінгі уақыт

Е.22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 10-ға дейінгі уақыт

Үстеме жұмыстарға жіберілмейді:

А.Жүкті әйелдер; он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер

B.Он алты жасқа толмаған қызметкерлер

С.Мүгедектер

D.Зейнеткерлер

Е.Жас баласы бар әйелдер

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына қанша сағаттан аспауға тиіс:

А.Он екі сағаттан

B.Жеті сағаттан

С.Сегіз сағаттан

D.Тоғыз сағаттан

Е.Алты сағаттан

Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген қанша айды құрайды:

А.Он екі

B.Он

С.Тоғыз

D.Он бір

Е.Сегіз

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу қандай тәртіппен жүргізіледі?

А.Сот шешімімен

B.Кәсіподақ ұйымының шешімімен

С.Ұжым басшылығының шешімімен

D.Мекеме басшысының бұйрығымен

Е.Бөлім хаттамасы негізінде

Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының неше пайызынан аспауға тиіс:

А.50 пайызынан

B.33 пайызынан

С.45 пайызынан

D.40 пайызынан

Е.25 пайызынан

Басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны:

А.Қайта даярлау

B.Кәсіптік даярлау

С.Оқыту шарты

D.Біліктілікті арттыру

Е.Арнайы оқыту

Бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны:

А.Біліктілікті арттыру

B.Кәсіптік даярлау

С.Қайта даярлау

D.Оқыту шарты

Е.Арнайы оқыту

Белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны: А.Кәсіптік даярлау

B.Біліктілікті арттыру

С.Қайта даярлау

D.Оқыту шарты

Е.Арнайы оқыту

Жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім:

А.Оқыту шарты

B.Біліктілікті арттыру

С.Қайта даярлау

D.Кәсіптік даярлау

Е.Арнайы оқыту

 Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен неше күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі?

А.Елу алты

B.Отыз алты

С.Жиырма төрт

D.Алпыс

Е. Елу

Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең:

А.Вахта

B.Ауысым

С.Кезең

D.Маусым

Е.Жүйе

Вахтаның ұзақтығы неше күннен аспауы керек?

А.15 күннен

B.25 күннен

С.10 күннен

D.30 күннен

Е.45 күннен

Он алтыдан он сегiз жас аралығындағы жұмысшылар үшiн қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы:

А.36 сағат

B.24 сағат

С.40 сағат

D.30 сағат

Е.37 сағат