Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кема.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать
    1. Мұнай өнімдерін сумен тасымалдау

Мұнай мен мұнай құйғыш кемелермен-теңсіздік және өзендік танкерлермен, баржалармен (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмеитін) тасымалданады (2-сурет). Теңіз үстінде өздігінен жүретін мұнай құйғыш кемелер танкелер деп аталады (оның жүк көтергіштігі 50т, одан да көп), өздігінен жүрмеитін

2-суре-Мұнай өнімдерін сумен тасу

кемелер – теңіз баржасы, не лихтерлер деп аталады. Мұнай құйғыш, теңіз кемесінен сырты темірмен қапталған металл каркастан тұрады. Кеменің корпусы ұзынынан және көлденеңінен келетін өткізбеитін қалқалармен бірнеше бөліктерге (танктер деп аталатын) бөлінген. Бұл кеменің суға батып кетпеуін қамтамасыз етеді, шайқалыс кезінде гидравликалық соғуды кемітеді, өрт қауіпсіздігін арттырады, пайдалану жағдайларын жақсартады. Танкілерге кіру люктер арқылы іске асырылады. Танктердегі жүк танкілері басқа бөлмелерден өткізбейтін екі қалқалармен бөлініп тұрады. Кеменің бас жағына құрғақ жүкті трюм орналасқан, ортасында сорап бөлімі, артқы жағында машина бөлімі, жылу қазаны және тұрғын бөлмелер бар.

Сорап бөлімдері барлық танкілермен құбырлар арқылы қосылған Әрбір танкте мұнай ӛнімдерін құю-қотару жұмыстарын атқаратын тиегіш-түсіргіш құбырлар бар, олар палубадағы ортақ коллекторға жалғасқан. Мұнай өнімдерін құю, қотару жүйесінде сорушы және арынды магистралдар болмайды. Қотару операциясы ӛнімдердің бір танктен екінші танкке ағуы арқылы орындалады, ал сорап бӛлімдері кӛршілес танктен сорап кӛмегімен жағаға немесе басқа кемеге бағытталады. Құю процесінде ӛнім бір не бірнеше танктерге барады, одан әрі басқа танктерге ӛз бетімен бағытталады. өнімдердің бір танктен екінші танкке өтуі танктердің бүиіріндегі тесіктер арқылы жүзеге асады. Лихтерлер, жүк кӛтергіштігі 10 мың т және одан да артық, мұнай ӛнімдерін алыс қашықтарға тасымалдауға арналған және танкерлер жағаға жақындап келе алмайтын болғанда, құю-қотару қызметтерін атқаруға арналған. Құю-қотару операциялары лихтерлерде, қалқитын сорап станцияларында орналасқан сораптар кӛмегімен жүреді. Өзен баржалары өздігімен жүре алмайтын бункер, не итергіш көмегімен жүретін жүк тасушы кемелер. Олардың жүк кӛтергіштігі 100т-дан 12 мың т-ға дейін жетеді. Танкердегідей олардың іші бір неше бӛлімдерден тұрады, саны 50ге жетеді. Бұлардың жүк жүйесі ауыспалы. Палубаның үстінде қызметшілер үшін салынған құрылыстар бар. Мұнай құйылған кемелердің құю-түсіру қызметтерін гавандар мен причалдар атқарады. Гаван-порт акваториясының жүк операцияларын ӛткізетін бір бӛлігі. Мұнай гаванінің су беті толқыннан сақталып тұруы керек, кемелердің тоқтай алатын және маневр жасай алатын белгілі тереңдікті керек ететін алаң болуы керек. Мұндай алаңды акватория деп атайды. Гаван жасау үшін табйғй жайлар пайдаланылады (шығанақ, бөгет). Егер мұндай жайлар жоқ болса, онда жасанды түрде жасалады. Кеменің тоқтайтын жерін және оның жағамен байланысын атқаратын ғимараттарды пристан деп атайды.Егер пристан жағаға не су ішіне қарай әжептәуір еніп тұрса, оны прис деп атаиды. Пристанның немесе пристің бірнеше причалдары болуы мүмкін. Мұнай причалдарынан бастап жағадағы резервуарларға дейін құбырлар салынады. Өнімдерді резервуардан кемеге, сол сияқты кемелерден резервуарларға жағадағы сорап станцияларының кӛмегімен айдайды. Жаға құбырларын кеме құбырларымен жалғастыру, штангілер немесе шарнирлі элементтер арқылы жүргізіледі. Өзен (кеиде теңіз) пристандарында өнімді құю үшін қалқып жүретін сорап станциялары кең қолданылады, кемелер сорап станцияларының жанына келіп тоқтайды. Сорап станцияларының сорушы құбырлары кеменің жүк жүиесімен, сұйық шығарғыш құбырлар, жаға құбырларымен жалғасқан. Одан кейін сораптар кӛмегімен ӛнімдер кемеден жаға резервуарларына айналады. Қалқйтын сорап станциясы дегеніміз- екі не одан да кӛп сорабы бар кеме. Мұндай станциялар су бетінде жүргізілетін аралық тие-түсіруде пайдаланылады. Теңіз мұнай причалдарының құрылысын салу қйын болса немесе экономикалық тиімсіз болса, онда танкердерден құю жұмыстары жағадан біршама алыста, жерасты құбырлары арқылы жасалады.