- •Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау
- •Мұнай өнімдерін теміржолмен тасымалдау
- •Мұнай өнімдерін сумен тасымалдау
- •Мұнайды құбырлармен тасымалдау.
- •Магистральді құбырөткізгіштің сызықтық құрлымдары
- •Айдау және жылу станциялары
- •Магистральді құбырөткізгіштердің соңғы пункттері
- •1.7 Магистральдық құбырды есептеу.
- •Табиғи газды тасымалдау. Табиғи газды тасымалдауға дайындау.
- •Мұнай мен газды тасымалдаудың экологиялық мәселелері.
- •Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін қолданылатын жүк көліктері
- •2.1 Мұнайөнімдерін сақтауға арналған резервуарлар.
- •3. Жартылай тиркемелі цистерналар және вагон цистерналар
- •3.1 Автомобильдің үйлесімдік схемасын негіздеу
- •3.3.Автомобиль цистерналарының қажеттігі, жіктелуі және жалпы талаптар.
Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау
Мұнай мен газды алыс қашықтыққа тасымалдаудың үш негізгі түрі бар: сумен, теміржолмен және құбырлар арқылы тасымалдау. Газ күйіндегі газды тек құбырлар арқылы ғана тасымалдайды. Су транспорттары танкерлер мен баржалар (лихтерлер) арқылы мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды кез келген мөлшерде тасымалдайды. Су жолы, әдетте теміржол және құбырлардың ұзындығына қарағанда, ұзын болады. Сондықтан бірқатар жағдайларда тасымалдауға кететін шығындар да көп болуы мүмкін. Оған қоса, солтүстік кеңдіктердегі сумен тасымалдаудың тек мезгілдік сипаты болады.
Теміржол көлігімен цистерналар, бункерлер және ыдыстармен барлық мұнай өнімдері, мұнай және сұйытылған газдар тасымалданады. Алайда, жаппай тасымалдау үшін теміржол көлігін пайдалану көп жағдайларда тиімсіз. Салыстырмалы түрде аз өндірілетін мұнай өнімдері — әр түрлі сортты майлар, мазуттар, әсіресе битум мен парафиндер үшін теміржол алыс қашықтықтарға тасымалдаудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мұнай мен газдың көп мөлшерін кез келген қашықтыққа тасымалдаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі — құбырлық тасымалдау.Тасымалдаудың осы үш түрінен басқа, автокөлікпен тасымалдаудың да маңызы зор. Автокөлікпен тасымалдаудың негізгі мақсаты — автоцистерналар немесе ұсақ ыдыстармен дайын мұнай өнімдерін ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына және одан әрі тұтынушыларға дейін жеткізу болып табылады.
Мұнай өнімдерін теміржолмен тасымалдау
Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагонцистерналармен тасиды (1-сурет). Тек өнімнің аз ғана бөлігін ұсақ ыдыстармен тасуға болады. Вагонцистерна болаттан жасалған горизонталдык цилиндр. Жүк көтергішіне қарай екі немесе төрт болікті болып келеді. Таситын цистерналардың конструкциясына қарай олар стандартты және арнаулы қолданысты деп бӛлінеді.Стандартты цистерналармен тұтқырлығы мен температурасы құю-қотару жұмыстарына тәуелсіз мұнай өнімдерін тасиды.Арнаулы қолданыс цистерналарымен тұтқырлығы жоғары мұнай ӛнімдері тасылады. Арнаулы қолданыстық цистерналар ішіндегі мұнай ӛнімдерінің сууын баяулату үшін оларды жылытқыш құбырғыларымен жабдықтайды. Осының нәтижесінде аудару-қотару жұмыстары тез жүреді. Ең кӛп тарағаны, кӛлемі 50 және 60 мᶾ төрт бірлікті цистерналар. Балқу температурасы баяу жүретін битумды тасымалдау кезінде бункерлік жарты вагон деп аталатын арнаулы теміржол вагоны қолданылады. Бұл ерекше вагонның рамасына төрт бункер (көлемі 118 мᶾ) орнатылған. Бункер толы болса, оның ауырлық орталығы тірек нүктелерінен биікте орналасады. Сондықтан бункер битум құятын алаңға оп-оңай аударылады, одан кейін бұрынғы вертикалдық қалпына келеді.
1-сурет-Теміржол арқылы мұнай өімдерін тасымалдау
Контейнерлер деп жүк котергіштігі 2,5 және 5т, теміржол платфомасына орнатылған шағын цистерналарды айтады. Тиісті орнына келгеннен кейін, оларды крандармен жүк тасығыш машиналарға аударып тиейді. Цистернаконтейнерлермен көбінесе тұтқырлығы жоғары майлар мен жағар майлар тасылады. Сондықтан контейнерлер өнімдерді қыздыратын құбырғылармен жабдықталған. Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю және отан қотару жұмыстарына теміржол эстакаларының көмегімен жүреді. Көпірлер вагон-цистерналардың деңгейінде орналасқан. Теміржол эстакадалары өзінің атқаратын қызметіне қарай құятын, қотаратын және құйып қотаратын болып бӛлінеді.Эстакаданың негізгі элементтері-теміржолдың бір немесе екі жағынан арақашықтығы төрттен он екі келлометрге дейін орнатылған құйғыш бағаналар (стояктар). Стояктар бір бірімен цистерналарды толтырғанда, стояктарды іске қосып, не бөліп тастау үшін қолданылатын арматуралары бар коллекторлармен қосылған өнімдерді эстакада коллекторларына жіберу сораптары көмегімен өткізіледі. өнімдерді вагон цистерналарға құю процесі цистерналарды дайындау, сораптарды іске қосу, тиісті арматурларды ашу толып кетуін бақылау сияқты тізбектеліп келген операциялардың белгілі бір рет ретімен жүруіне байланысты. Цистерналар толғаннан кейін тиекті арматура жабылады, құйылған өнімнің мөлшері өлшенеді, сынаққа алынады, люктер жабылып, пломбаланады. Теміржол цистерналарынан өнімдерді резервуарларға аудару цистерналарыдың жоғарғы жағымен, насос көмегімен жүргізіледі немесе олар цистернаның төменгі жағымен өздігінен ағады.
