Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ыты атынастарды тсінігі жне трлері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.14 Кб
Скачать

Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы

Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынастар – құқықтық нормасының негізінде пайда болатын құқықтық қатынас.

Олардың арасындағы өзара байланыстары мынадан көрінеді:

  • Құқық нормасы мен құқықтық қатынастардың құқықтық реттеу механизімінің элементтері болып табылады;

  • Құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастардың пайда болуының негізі;

  • Құқықтық нормасы құқық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;

  • Құқық нормасы өз гепотезасында белгілі бір құқықтық қатынастардың пайда болу жағдайларын көздейді;

  • Құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъектік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;

  • Құқықтық нормасы өз санкциясында диспозициясында орындаудың мүмкіндік салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапатталау);

  • Құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни құқықтық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

Құқықтық қатынастардың құрылымы

Құқықтық қатынастардың элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастардың субъектісі; құқықтық қатынастардың объектісі; субъектік құқық және заңды міндеттер.

Құқықтық қатынастың субъектілері – бұл өзінің құқық, әрекет, қабілеттілігін пайдаланушы құқық субъектісі. Төмендегідей бөлінеді:

  1. Жеке субъектілер (жеке тұлға): бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қос азаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады;

  2. Ұжымдық субъектілер: бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банктар, қоғамдық бірлестіктер және тағы басқалар).

Құқықтық қатынастардың объектілері

Құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз – бұл құқықтық қатынастық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған

және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категориялар.

Қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, еңбектік және тағы да басқа сол сияқты қарым-қатынастар. Материялдық дүние- заттар, рухани шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқықтық субъектілерінің мінез-құлықтары және құқықтық қатынастардың нәтижелері – құқықтық қатынастардың объектілері. Аталған категорияны түсінуде екі бағыт бөлініп қарастырылады:

  • Олардың біріншісіне сәйкес құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері болып табылады;

  • Екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды. Оған сәйкес объектілердің түрлері өте көп, олар:

  1. Материялық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүліктер және тағы басқа);

  2. Материялық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және тағы басқа);

  3. Рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және тағы басқа);

  4. Құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттері (тасымалдау шарттары, мердігерлік шарттарының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);

  5. Бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және тағы басқа).