Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ыты атынастарды тсінігі жне трлері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.14 Кб
Скачать

Құқықтық қатынастардың нышандары:

1)Құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді.Нормативтік актілерде

қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктердің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтің актілер іске асады, орындалады.

2) Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетлуі. Бір жағынан құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең.

3) Субъектілер өз еркімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

4) Егер қатынастарда нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатысуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауы тиіс.

Құқықтық қатынастар түрлері

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асырылады:

  1. Салалық белгі бойынша – конституциялық құқық, әкімшілік құқықтық, азаматтық құқық және тағы басқа болып бөлінеді.

  2. Сипаты бойынша – материялдық (қаржылық, еңбек және тағы басқа) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және тағы басқа) құқықтық қатынастар.

  3. Құқықтық функциялар бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; Реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады; Қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асыруымен байланыстары тең.

  4. Қатысушылардың құрамына қарай – жай және күрделі құқықтық

қатынастар; Жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату- сатып алу құқықтық қатынастар), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастар).

  1. Субъектінің анықталу дәрежесіне қарай – абсолюттік және қатынасты құқықтық қатынастар болып бөлінеді: абсолюттік құқықтық қатынастар тек бір жақты ғана – субъективтік құқықтық қатынасты иеленуші анықталады, ал қатынастық құқықтық қатынастар – екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатынастық құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады.

  2. Жалпы және нақты құқықтық қатынастар: жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің, әрекеттердің, нақты жүріс- тұрыс актілердің нәтижесінен пайда болады.

Құқтық қатынастардың белгілері:

  • Бұл әлеуметтік субъектілердің арасындағы екі жақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынастар;

  • Ол құқықтық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

  • Бұл тұлғалар арасында субьективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

  • Бұл еріктік қатынас, себебі оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

  • Бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттары

Алғышарттар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар, құқықтық қатынастардың пайда болуын екі түрге бөліп қарастырамыз:

  1. Материялдық (жалпы) алғышарт: бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіліктері мен мүдделер жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамның қатынастарды құқықтық реттеудің объектілік қажеттілігін көрсететін әлеуметтік –экономикалық, мәдени және тағы басқа жағдайлардың жүйесі;

  2. Заңды (арнайы) алғышарттар: бұларға құқық нормасы, құқық- субъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.