Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рабочая программа Нефрология для интернов терапевтов КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.3 Кб
Скачать

Оқыту әдіснамасы

  • Тәжірибелік сабақтарды өткізуде: тестілеу, «миға шабуыл»

  • Оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыс жасауда: талқылай отырып, бүйрек аурулары кезіндегі зертханалық-аспаптық көрсеткіштерді интерпретациялау, ситуациялық есептерді шешу;

  • ИӨЖ ұйымдастыру формасы: презентация

Оқытушының басшылығымен интерндердің тәжірибелік әрекеттері:

  • Терапиялық профильді бөлімшелерде дәрігер-интерндердің жұмысы – курация, медициналық құжаттарды жүргізу, ҚИЕБ және қабылдау бөлімдерінде жұмыс жасау, функционалды диагностика бөлімшелерінің мамандандырылған кабинеттерінде жұмыс жасау;

  • Клиникалық талдауларға, консилиумдарға, профессорлар мен доценттердің қарауларына қатысу;

  • Науқасты клиникалық талдауға, кафедра меңгерушілерінің, профессорлар мен доценттердің қарауларына дайындау;

  • Оқытушының басшылығымен тәжірибелік машықтары мен дағдыларын жетілдіру;

  • Ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференцияларға қатысу;

  • Таңғы дәрігерлік конференцияларға қатысу;

  • Дәрігерлік конференцияларға арнап тақырыптық мәлімдеме дайындау;

  • Дәрігерге міндет болып табылатын санитарлы-ағарту жұмыстарын орындау (1-2 сұхбат жасау, дәрістер, ақпараттық парақшалар, модульге санбюллетень)

  • выполнение санитарно-просветительной работы в обязательном для врача объеме (1-2 беседы, лекции, информационного листка, санбюллетеня за модуль)

Аптасына 1 күн – медициналық құжаттарды жүргізу сапасын бағалау

Аптасына 1 рет стационар бөлімшелерінде және қабылдау бөлімдерінде дәрігер көмекшісі ретінде кезекшілік, таңғы конференцияға есеп бере отырып.

Оқытушының басшылығымен интерндердің теориялық дайындалуы:

Аптасына 2 күн – науқасты тақырыптық/клиникалық талдау (талдау немесе патологоанатомиялық конференцияға арналған клиникалық жағдайды презентациялау, ауру тарихын рецензиялау)

Аптасына 2 күн - семинар (дискуссиялар, миға шабуыл, кейс-стади, жұптасып жұмыс жасау, брейн-ринг, рөлдік ойындар және т.б.) – нақты қай әдісті таңдауды оқушының когнитивті қабілетіне байланысты, оқытушы шешеді. Семинар интерндердің тақырып бойынша өзіндік дайындаған материалдарын бағалауды қамтиды (мақала шолуы, мәлімдеме), сонымен қатар тесттік тапсырмаларды орындау мен ситуациялық есептерді шешу.

Аптасына 1 рет – мәселелі дәріс/оқу конференциясы (кафедра жоспары бойынша)

Интерндердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: тестілеу жауаптарын ұпай, «миға шабуыл» бағалау критерилеріне сәйкес ұпай, ЭКГ талдай отырып, интерпретацияларын бағалау критерийлері бойынша ұпай, ситуациялық есептерді шешу критерийлері бойынша ұпай, қорытынды бақылауда емтихандық билет бойынша ауызша сұрау.

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Мазмұны

Сабақты өткізу формасы

Ұзақтығы,

сағат

1

2

3

4

5

1

Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромдар

Нефрологияның симптомдары мен синдромдарының патогенезі және ажырату диагнозы: гематурия, протеинурия, нефритикалық синдром, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілік синдромы (БЖЗ, БСА терминальды сатысы), дизурия, артериальды гипертензия, ауру-сезім синдромы, тулоинтерстициалды синдром. АГ патогенезі және бүйрек патологиясының үдеуінде гиперфильтрацияның рөлі. Бүйрек патологиясы кезіндегі АГ емі: бүйректік гипертензиялар, реноваскулярлы, қатерлі АГ. АГ қалыптасуында туғандағы аз салмақтылықтың маңызы.

Семинар

тестілеу, «миға шабуыл», тақырыптық талдау

5

2

Гломерулонефриттер

Шумақ зақымдалуының клиникалық синдромдары. Жалпы диагностикалық тәсілдемелері. Бүйректің шумақтық аппараты зақымдалуының үдеу механизмі. Жедел (постстрептококкты) гломерулонефриттің, созылмалы гломерулонефриттердің клиникалық ерекшеліктері. Асқынулары. Гломерулонефриттердің морфологиялық жіктелуі. Биопсия: көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер және асқынулар, жасау әдісі. Гломерулопатияның морфологиялық варианттары: МӨГН, ФСГН, мембранозды нефропатия, МПГН 1,2,3 типті, ТҮГН. Екіншілік гломерулонефриттер. Заманауи селективті иммуносупрессивті препараттар.

Семинар

тестілеу, «миға шабуыл», тақырыптық талдау

5

3

Бүйрек және жүктілік

Жүктілік кезінде бүйрек физиологиясының ерекшеліктері. Жүктілердегі ЗШЖИ, асимптоматикалық бактериурия. Жүктілердегі преэклампсия мен эклампсия және гломерулонефриттердің дифференциалды диагностикасы. Жүктілік кезінде бүйрек патологиясымен науқастарды емдеу және жүргізу ерекшеліктері. Жүктілерде преэклампсия мен эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету.

Семинар

тестілеу, «миға шабуыл», тақырыптық талдау

5

4

Бүйректің жедел зақымдалуы

Преренальды, ренальды және постренальды БЖЗ: себептері, патогенезі, клиникалық ағымының ерекшеліктері, ажырату диагнозы. RIFLE жіктелуі. Емдеу қағидалары. Уремиялық жүрек. Гиперкалиемия кезінде көмек көрсету. Гемодиализ. Гемодиализге абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Перитониальды диализ. БЖЗ өткерген науқастарды жүргізу.

Тақырыптық талдау

5

5

Бүйректің созылмалы ауруы

Бүйректің созылмалы ауруы. БСА сатылары. Диагностикалық критерийлері. ЗБП кезінде ағзалар мен жүйелердің зақымдалуы. БАТ бастауға көрсеткіштер.Терминальды сатысында БСА негізгі емдеу қағидалары: перитонеальды диализ, бағдарламалы гемодиализ, бүйрек трансплантациясы. Науқасты трансплантацияға дайындау. Бүйректік трансплантаттың жедел қабылдамауы.

Семинар

тестілеу, «миға шабуыл», тақырыптық талдау

5

Аралық бақылау

5

Барлығы

30