Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizika_teoria (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
973.59 Кб
Скачать

22. Жұмыс. Қуат. Консервативті күштер.

Механикалық жұмыс — күштің және орын ауыстырудың векторына бағынышты физикалық шама; белгілі бір физикалық процес үстінде энергияның бір түрден екінші түрге айналуын сипаттайтын шама.

Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. 1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт.

Консервативті күш (ауырлық, серпімділік, гравитациялық , кулондық күштер) күштердің денеге қатысты істейтін жұмысы жолға тәуелді болмайды, дененің кеңістіктегі бастапқы және соңғы орнымен анықталады. Кез келген тұйық жолдағы консервативті күштердің істейтін жүмысы нөлге тең болады. Консервативті емес күштер істелінген жұмысы дененің бір орнынан екінші орнына ауысқандағы жолына тәуелдң кұштер. 

23.Сыртқы күштер өрісіндегі потенциалдық энергия және оның күшпен байланысы. Механикалық энергияның сақталу заңы.

Сыртқы күш өрісіндегі бөлшектің потенциалды энергиясы және оның консервативті күшпен байланысы (ауырлық, серпімділік, гравитациялық , кулондық күштер ). Кеңістіктің әрбір нүктесінде бөлшекке бір нүктеден екінші нүктеге F(r) заңдылығымен өзгеретін күш әсер ететін кеңістіктің аймағын күш өрісі деп атайды. Бөлшектің потенциалдық энергиясы өрісті тудыратын объектілермен өзара әсерлесу энергиясы болып табылады:

A12=Wp1+Wp2=-∆Wp dA= -dWp= (Fdr)=Fdrcosα

Механикалық энергияның сақталу– табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия жоқтан пайда болмайды, жоқ болып кетпейді, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Анықтамасы: Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады. W=Ep+Ek=const.

24.Импульс моменті. Реактивті қозғалыс. Импульс моментінің сақталу заңы.

Импульс моменті – материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының динамикалық сипаттамаларының бірі.  Күш моментітәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті центрге (нүктеге) және оське де қатысты анықталады.

Импульс моментінің сақталу заңы. Бұл заң да импульстің сақталу заңы сияқты тек тұйықталған жүйелер үшін әділетті. Олар үшін сыртқы күштер моменті нөлге тең, және моменттер теңдеуі мынадай:

Бұл теңдеуді интегралдау арқылы алатынымыз:

Импульс моментінің сақталу заңы мынаны білдіреді: тұйықталған жүйенің импульс моменті жүйе ішінде болып жатқан кез келген үрдістер кезінде өзгермейді.

Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқа атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады. Ол біраз уақыт бөлме ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама – қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді.

 Реактивті қозғалыс принцепі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, Жердің жасанды серіктерін, планетаралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]