- •1. Кинематика. Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе.
- •2. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
- •3. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материалдық нүктенің кинематикасы. Материалық нүкте қозғалысының траекториясы.
- •4. Жылдамдық және үдеу, радиус-вектор.
- •5. Галилейдің салыстырмалық принципі. Галилей түрлендірулері.
- •6. Дененің массасы және импульсі.
- •7. Қисық сызықтық қозғалыстағы жылдамдық және үдеу.
- •9. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
- •10. Эйнштейннің салыстырмалы принциптері.
- •11. Эйнштейн постулаттары.
- •12. Лоренц түрлендірулері және олардың салдары.
- •13. Жылдамдықтарды түрлендіру және қосу
- •14. Динамика. Инерциялық санақ жүйелері.
- •15. Ньютонның заңдары. Күш.
- •16. Механикадағы күштер: гравитациялық күштер, серпінді күштер, үйкеліс күштері.
- •18. Материалдық нүктенің импульс моменті. Күш моменті. Инерция моменті.
- •19. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.
- •20. Сақталу заңдары. Импульстың сақталу заңы.
- •21.Механикалық энергия. Кинетикалық энергия.
- •22. Жұмыс. Қуат. Консервативті күштер.
- •23.Сыртқы күштер өрісіндегі потенциалдық энергия және оның күшпен байланысы. Механикалық энергияның сақталу заңы.
- •24.Импульс моменті. Реактивті қозғалыс. Импульс моментінің сақталу заңы.
- •25. Гидродинамика элементтері. Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық. Үзіліссіздік теңдеуі
- •26.Идеал сұйық. Бернулли теңдеуі.
- •27. Тұтқыр сұйық. Ламинарлық және турбуленттік ағыс
- •28.Лаплас формуласы. Стокс өрнегі. Пуазейль формуласы.
- •29.Тербелістер мен толқындар. Тербелмелі қозғалыс. Механикалық қозғалыс.
- •30.Еркін гармониялық тербелістер. Гармониялық тербеліс кинематикасы және динамикасы.
- •31.Серіппедегі жүктің тербелісі. Серіппелі маятник.
- •32.Математикалық маятник. Физикалық маятник.
- •33. Толқындық процесстер. Толқындық қозғалыстың негізгі сипаттамалары.
- •34.Дыбыс. Ультрадыбыс.
- •35.Статистикалық физика және термодинамика негіздері. Молекула-кинетикалық теория. Молекулалардың жылулық қозғалысы.
- •36. Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық жүйенің күйі. Термодинамикалық параметрлер.
- •37. Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі. Термодинамикалық процестер.
- •38. Ішкі энергия. Жылу мөлшері және термодинамикалық жұмыс.
- •39. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Идеал газдағы изопроцестер.
- •40. Идеал газдың жылусыйымдылығы. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша біркелкі таралуы.
- •41. Жылу двигательдері. Пайдалы әсер коэффициенті.
- •42. Термодинамиканың екінші бастамасы. Карно циклі. Карно теоремасы.
- •43. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Энтропияның қасиеті. Энтропия және ықтималдық
- •45. Максвелдің таралу заңы. Газ молекулаларының жылулық қозғалысының жылдамдығы.
- •46. Тасымал құбылыстары. Тепе-тең емес күйдегі термодинамикалық жүйелер.
- •47. Газдардағы тасымалдау құбылыстары.
- •48. Молекуалардың соқтығысуы. Молекулалардың эффективті диаметрлері.
- •49. Молекулалардың еркін жолдарының орташа ұзындығы.
- •50. Тасымал құбылыстарының жалпы теңдеуі. Жылу өткізгіштік. Тұтқырлық. Диффузия. Тасымал коэффиценттері.
- •51. Нақты (реал) газдар және қатты денелер. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары.
- •52. Газдарды изотермиялық сығу. Фазалық күйлер.
- •53. Клайперон-Клаузиус теңдеуі. Күй диаграммасы. Үштік нүкте.
- •54. Табиғаттағы электрлік құбылыстар және оларды
- •55. Электр тоғы. Тоқ күші. Тоқ тығыздығы.
- •56. Кулон заңы. Электр өрісі.
- •57. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі.
- •58. Потенциал. Потенциал мен электр өрісінің кернеулігі арасындағы байланыс.
- •59. Электрлік диполь.Электр өрісі кернеулік векторының циркуляциясы туралы теорема.Гаусс теоремасы.
- •60.Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сыйымдылық.
- •61.Оқшауланған өткізгіштер
- •61.Конденсаторлар. Конденсатордың сыйымдылығы.
- •62. Электрлік ығысу және диэлектрлік өтімділік. Зарядталған конденсатор энергиясы.
- •63.Электр өрісінің энергиясы.Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.
- •64.Тұрақты электр тоғы. Электр тоғының болу шарттары.
- •65.Металдардағы электр тоғы.Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі. Тосын күштер. Біртекті емес тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр қозғаушы күш.
- •66.Тізбектің тармақталуы.Киргхов ережелері.
- •67.Газдардағы және плазмадағы электр тоғы.
- •68. Барометрлік формула. Больцман және Максвелдің үлестірулері
- •69. Тасымалдау құбылыстарының негізгі заңдары. Молекулалық қозғалыстың негізгі сипаттамалары
- •70. Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі заңдарын тұжырымдаңыз
7. Қисық сызықтық қозғалыстағы жылдамдық және үдеу.
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы кисықсызықты болып табылады. Велосипед немесе автомобиль доңғалақтарындағынүктелер де кисық сызық бойымен қозғалады , т.с.с.
Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сиякты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады.
Қисық сызықты қозғалыс кезінде үдеу векторының бағыты жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келмейді. Үдеу векторының құраушыларын жанама (тангенциал) және нормаль үдеу деп атайды.
Қисық сызықтық қозғалыстағы жылдамдықтар:
Сызықтық жылдамдық – бірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама. υ [м/с] – шеңбердің жанамасы бойымен бағытталады, яғни шеңбердің әр нүктесінде бағыт өзгеріп отырады.
Бұрыштық жылдамдық – бірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама. ω [рад/с]; φ [рад] – бұрыштық ығысу (бұрылу бұрышы). Радиан – L доғасының ұзындығы R радиусқа тең болатын φ центрлік бұрыш
Бұрыштық үдеу — бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама; - бұрыштық жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын бұрыштық жылдамдықтың өзгеруінің лездігі.
8. Айналмалы қозғалыстың кинематикасы.
Айналмалы қозғалыс (Движение вращательное) — центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы.
Айналмалы қозғалысты сипаттау үшін R және φ полярлық координаттарын қолдану қолайлы, мұндағы R - радиус–полюстан (айналу центрінен) материялық нүктеге дейінгі қашықтық , ал φ –полярлық бұрыш (немесе бұрылу бұрышы).
Бұрыштық
орын ауыстыру –
ауытқу векторы (
),оның
модулі бұрылу бұрышына тең, бағыты оң
бұранда әдісімен анықталады. Бұрылу
бұрышы
аз
болса, доғаның шамасы мына өрнекпен
анықталады:
9. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы кисықсызықты болып табылады. Велосипед немесе автомобиль доңғалақтарындағынүктелер де кисық сызық бойымен қозғалады , т.с.с.
Бұрыштық үдеу — бұрыштық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Модулі айналу бұрышының модулінен уақыт бойынша алынған туындыға тең. Бұрылу бұрышы φ әрпімен белгіленеді.
10. Эйнштейннің салыстырмалы принциптері.
Жарық жылдамдығымен (с) салыстыруға болатын жылдамдықтармен болатын қозғалыстарды сипаттау үшін Эйнштейн релятивистік механиканы, яғни, арнайы салыстырмалылық теориясы (1905 ж.) талаптарын ескеруші механиканы жасады.
Бұл теорияның негізін Эйнштейннің салыстырмалылық принципі және жарық жылдамдығының тұрақтылығы принципі деп аталатын екі постулаты құрайды:
Бірінші постулат - салыстырмалылық принципі: барлық физикалық құбылыстар (механикалық, электромагниттік және т.б.) бірдей жағдайларда кез келген инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.
Екінші постулат - жарын жылдамдығының тұрақтылық принципі: жарықтың ваккумдегі жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей және жарық көзінің қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз болады.
