3. Билікті бөлу принципі
Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Ежелгі және орта ғасырлардағы ойшылдардың (Аристотельдің, Марсилий Падуанскийдің, т.б.) билікті тармақтарға бөлу идеясын 18 ғасырдың орта шенінде Ш. Монтескье (1689 — 1755) дербес ілім ретінде дамытты. Маркстік-лениндік теория “мемлекеттің таптық болмысына” қайшы құбылыс ретінде билікті тармақтарға бөлу ілімін теріске шығарды, соның салдарынан бұрынғы КСРО-да және марксшіл-лениншіл уағызға ұйыған т.б. елдерде тоталитарлық тәртіп үстемдік құрды.
Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.
Мемлекетте билікті бөлу теориясының нақтылы дәрежеде қалыптасуы. Билікті бөлу теориясы негізінде Еуропада буржуазиялық төңкерістер кезінде пайда болып, феодализмнің деспотиялық, шексіз билігіне қарсы бағытталған прогрессивтік идея болды. Монархтың тұқым қуалау арқылы қалыптасқан шексіз билігін тежеу, тосқауыл қою үшін ұсынылды және келешекте тиімді түрде іс жүзінде асырылады. Бірақ бұл идея ежелгі Эллада елінде, тұңғыш рет адамзаттың саяси-құқықтық тарихында Солонның жасаған реформаларында көрініс берген. Атап айтқанда, Солон Афинада мемлекет құру барысында 400-дік Кеңеспен ареопага оргындарын қалыптастырып, екеуінің бір-біріне тежеп, биліктің тепе-тең болуын жақтаған. Джон Локк, Шарль Луи Монтескье сияқты буржуазия идеологтері билікті бөлуді демкратияның дамуына тікелей ықпал ететін тетіктер ретінде бағалады
«Егер заң шығаратын және атқарушы билік бір адамның, немесе мекеменің билігінде болса, онда бостандық болмайды , себебі, бұл монарх, немесе сенат тирандық заң жасай бастайды. Егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктерден бөлінбеген жағдайда да бостандық болмайды». Ал, Барлыбек Сыртанов Қазақстанның саяси – құқықтық ой пікірінің тарихында тұңғыш рет «Қазақ елінде билік жүргізу закон шығаратын , орындайтын һәм сот болып тұрады.
Үш билік бір-біріне бағынбайды, бассыздыққа жол бермеудің белгісі болып тұрады», -деп Ш. Монтескье идеясын қазақ қоғамына пайдалануды ұсынды .
Билікті бөлу теориясы қазіргі кезде барлық демократиялық режимдегі мемлекеттерде қабылданған. Билікті бөлу жоқ мемлекеттерде құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, бір адамның еркі үстемдік етеді, заңсыздықтың, бассыздықтың орнауына тікелей жол ашады. Үш биліктің бір-біріне ара қатынастары тепе-теңдік тежемелік қағида негізінде іс жүзінде асырылуы тиіс.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін — мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган — аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері: - қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады; - функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі; - мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
Плюрализм (көппікірлік)- құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде қоғамда еркін пікірталасқа толығынан мүмкіндіктер туады. Әркім өзінің пікірін еркін айтуға құқық бар және пікірталастың нәтижесінде әлеуметтік топтар, таптар, мүдделі азаматтар мемлекетке өз ойларын білдіреді. Батыс Еуропада плюрализм негізінде ірі социолог Фишердің страт теориясымен тікелей байланысты. Фишердің тұжырымдамасы бойынша қоғам әр түрлі мүделердің (кәсіби, мүліктік, білімдік, жас, діни, жыныстық т.б) үйымдасқан топтарынан қалыптасады. Оларды ұйымдастырған мүдделер қоғамда басқа мүдделі адамдар арасында еркін пікірталас тудырады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздер
Әкімшілік құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жарияланған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік оргындардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатнастарды:
- мемлекеттік атқарушы оргындардың құрылуымен байланысты қатнастарды;
- әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік оргындардың азаматтар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады.
Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкімшілік құқық бұзушылық” кодекісі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатнастарды реттейтін ережелер.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материялдық, процессуалдық, ал субьектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік – құқықтық қатнастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік- құқықтық нормаларымен реттелген қатнастарды айтады. Бұл қатнастарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы оргындардың басқарушы – жарлықшы қызыметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.[13].
Атқарушы билік мемлекетті басқару органдары жүйесінен тұрады , ал бұл жүйеге Үкімет, министірліктер, мемлекеттік комиттетер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік әкімшіліктері жатады.
Үкімет мемлекеттің жоғарғы атқарушы өкімет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президеттік басқару нысынына үйлестіріле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейінгі атқарушы оргындарды қалыптастыруда, олрдың қызымет атқаруында алатын шешуші рөлін білдіреді.
Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президетпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53 бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызымет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді ( 1995 жылғы 18 желтоқсандағы “ Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика Президенті құрады. Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президетке ұсыныс енгізіледі. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
