ҚР білім және ғылым министірлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Алматы энергетика және байланыс университетеі
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
«Саясаттану» пәнінен
1-семестірлік жұмыс
Тақырыбы: 1.19 Мемлекет
Орындаған: Мұстафа Ә. Н.
Тобы: ЭСХк-15-02
Студенттік нөмірі: ****93
Қабылдаған: профессор ...
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің пайда болу тарихы мен себептері...............................................4
2. Мемлекет – саяси жүйенің маңызды элементі.................................................7
3. Билікті бөлу принципі.......................................................................................19
Қорытынды............................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................25
Кіріспе
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды.
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке және т.б. мемлекеттік және саяси емес қатынастардың жиынтығы. Бұл адамдардың әдет-ғұрыптары, дәстүрі, адамгершілігі болып саналады.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білеміз.
1. Мемлекеттің пайда болу тарихы мен себептері
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қазақстан Республикасы – егеменді унитарлы мемлекет
1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.
Азаматтық қоғамның даму кезеңдері.
Ертедегі қарапайым адамдардың шағын топтары өмір сүру мақсатында ішіп-жем мен баспана табу, табиғат апатынан, аң-құстардан қорғану үшін тұрақсыз қауымдасуды қалыптастырды.
Жылдар өткен сайын бірлестіктер саны өсіп, қызметі күрделіленіп тұрақты қалыпқа түсіп, орнықты ұйымдарға айнала бастады.
Азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрады, оған мүмкіндігінше қамқорлық пен бақылау жасайды.
Әлеуметтік прогрестің дамуы саяси өмірдегі ірі жаңалықтарға жол ашты. Бірақ азаматтық қоғам әлі де бұғанасы қатпаған жас сәби сияқты мемлекет оны ығыстырып, адамдар тағдырын өз заңдары бойынша шешуге ұмтылды.
Уақыт озған сайын азаматтық қоғамның іргетасы көтеріліп нығая түседі, оның негізгі құрылымдары қалыптасады, оның ішінде қорғау қабілеті жетіледі. Қоғамның мемлекетпен арақатынасы заңмен реттеледі.
Жекеленген және өмірлік маңызы бар қоғамдық салалардың мемлекет ықпалынан қорғану деңгейі арта түседі. Саяси режимдер тұрақты қалыпқа келеді.
Дамыған елдердегі «әл-ауқатты» мемлекетке айналуына байланысты азаматтық шектеу пайда болады.
Дүниежүзілік тарихи даму барысында адамдардың шын теңдігін орнату, олардың түбегейлі арманын, мүдделерін азаматтық құқықтық қоғам реттейді. Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне жауапты болады.
