Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_delo_2016-17_uch_god.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.75 Кб
Скачать

1 Пәннің сипаттамасы:

«Қазақ тілінде іс құжатын жүргізу» базалық пән, соның ішінде таңдау бойынша компонент болып табылады. Қазақ тілінде іс жүргізу пәні мамандықты менгеруде кәсіптік білім мен дағдыларын қалыптастырады.Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен, маңызды, жауапты іс.Қазақ тілінде ресми құжаттарды әзірлеу, ұйымдастыру, реттеу, құжаттау жағы сауатты жаза білуді талап етеді. Іс қағаздар - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін қағаз үлгісі болып табылады. Іс қағаздарын жүргізетін және ресми құжаттарды әзірлейтін қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуіне қазіргі таңда ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік тілде іс жүргізуде әрбір құжат түрлерінің тұрақты тәртібі, орамдары, терминдері, реквизиттері болуға тиіс.

Пререквизиті

Қазақ тілі

Постреквизиттері:

Кәсіби қазақ тілі

Пәнді оқытудағы мақсаты:

Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің мақсаты- мемлекеттік тілде ресми іс қағаздарының үлгілерімен танысып, дұрыс толтыру, сауатты жаза білуге үйрету

Міндеттері:

Күнделікті өмірде қолданылатын ресми іс қағаздарының үлгілерін меңгерту, келешекте өздері пайдалана алатындай және дұрыс, сауатты түрде жаза алатындай дәрежеге жеткізу.Өзі туралы, мамандығы, білімі, кәсібі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі туралы толық мәлімет жаза білуі.

Пәнді оқу барысында білім алушылар:

білуі керек:

  • күнделікті өмірде қарым-қатынасқа керекті ресми іс қағаздары

үлгілерін толтыра білу;

  • болашақ мамандықтарына сәйкес ресми құжаттарды толтыра білуі;

  • әлеуметтік –тұрмыстық және әлеуметтік –мәдени салада

жағдаяттарды немесе оқиғалардырет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

игеруі керек:

  • кәсібіне, қызметіне байланысты ресми құжаттарды қазақ тілінде толтыра білуі;

  • өзі туралы, мамандығы,білім,кәсібі,жұмыс тәжірибесі, біліктілігі туралы толық мәлімет жаза білуі;

  • өмірден алынған қарапайым хабарламаларды еркін жеткізуді;

дағдысы болуы керек:

  • тақырыптық құжаттарды ашық айыра білу;

  • құжаттар мазмұнын түсініп баяндау;

  • электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті

ақпараттарды табу, түсіну;

құзыретті болуы керек:

  • құжаттардың түрлері, құжаттарды топтастыру және ресімдеудің

негізгі талаптарын;

  • құжат мәтінін дұрыс құрастыру мен реквизиттердің қазақша

атауларын;

  • реквизиттердің орналасу тәртіптері мен ресми іс қағаздары

стильдерінің ерекшеліктерін;

  • іс жүргізуге байланысты термин атауларын;

  • іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілде сауатты жазу;

  • әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

  • мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

  • мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

  • мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

  • мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші ретінде тани білуді көздейді.

2 Пәннің мазмұны

І модуль.Ақпараттық- анықтамалық құжат түрлері

1.Іс жүргізуге кіріспе. Іс жүргізу құжаттарын топтастыру.Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары. Ресми іс қағаздарының атаулары. Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар. Құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыра білуге баулу. Іс қағаздардың қоғам өмірінде алатын орны туралы түсінік. Құжат түрлерімен танысу.Іс қағаздарын жазу барысында жиі қолданылатын сөздерді меңгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]