Есептеулері
1.Барабанға жалғанған бұранданың қуаты
Ртр = Рб/η (1)
Рб = 1,5- 0,9 = 0,6 кВт
Айналу жиілігі белгілі болғанда, барабанның жылдамдығын табуға болады
ωб = nбπ/30 (3)
ωб = 250-3,14/30 = 246,6 рад/с
Қуатына байланысты электрқозғалтқыш маркасы 4A250S8 айналу жиілігі 250 Енді айналу жылдамдығын мына формуламен есептиміз
ωдв = πnдв/30
ωдв = 3,14-750/30 = 78,5 рад/с Айналу жылдамдықтарының қатнасы
i = ωдв/ωб Сонда белдікті берілісті былай есептиміз
ip = 78. Қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығы 78.5рад/с Белдікті берілістің есептелуі Айналу моментін мына формуламен есептиміз
Т = Р/ωдв Т1 = 37-103/78,5 = 471,3 Н.м = 471,3.103 Н.мм
Т2 = 37-103∙0.98/36,6 = 990,7 Н.м = 990,7.103 Н.мм Шкифтің диаметрін мына формуламен есептиміз
d1 = (3 - 4)Т½
d1 = 386 - 442 м Шкивтің мах диаметрі
d2 = iPd1(1 -ε)
d2 = 2,1-400(1 - 0,015) = 550 мм
ip = d2/d1(l - ε) (11)
ip = 560/400-(1 - 0,45) = 2,55
Валлдың бұрыштық жылдамдығы мынаған тең
ωв = ωдв/Iр
ωв = 78,5/2,1 = 37,4 рад/с
Белдіктің ұзындығын мына формуламен анықтаймыз
L = 2ар + 0,5π(d1 + d2) + (d2 - d1)2/4ap (15)
L = 2.1000 +0,5.3,14(400 + 560) + (560 - 400)2/4.1000 = 3532,8
Сулы қауыздау- ылғалдау жабдығы А1-БМШ, өнімділігі - q=6,0 т/сағ,
саны:
n =11/6 = 1,8
Электроқозғалтқыштардың қажетті және қабылданған
қуаттарын есептеу
Кәсіпорындағы барлық электр қозғалтқыштарының қуаттылығын
анықтауда өнделетін шикізаттың бір бірлігіне келетін қуаттылықты, ал пайдаланғанда өңделетін өнімнің бірлігіне келетін электр энергиясының шығынын есептейміз. Осыны есептегі отыра формуламен жалпы қуаттылықты есептеп табамыз.
мұнда Q –кәсіпорынның өнімділігі ; т/сут; Р уд - 1 т дәнді өңдеуге кететін қуаттылық, кВт,ұн зауытындағыпневмо-тасымалдағыш қолдануға қуаттылығы Р уд = 3,2 квт [12] деп аламыз.
Маңыздарды қоя отырып қажетті қуаттылықты аламыз.
Рпорт =220х3,2=704 кВт57
Электр двигательдердің қуаттылығын есептегенде дәннің физикалық
құрамында өзгеру мүмкіндігін есептеу керек, сондықтан жалпы қажетті
қуаттылықты 10%-ға дейін ұлғайту керек.
Рпорт =704х1,1=774,4 кВ
Біліктің есептелуі
1.Ұн тарту - өндірісіндегі астық жуу машинасы А1-БМШ өнімділігін мына формуламен есептейді, Vg(м3/с):
Мұндағы, β– машинаның технологиялық ПӘК-і, β = 0,5;
W–барабанның айналу жиілігі, с-1;
Z–барабандағы табақшалар саны;
–табақшаның конусты көтеру бұрышы, (56°, В.М.Брадис кестесі бойынша 1,4826);
Rmax,Rmin–табақшалардың максималды және минимальді радиусы, м;
рс, рч– дисперсті орта тығыздығы, кг/м3, 30ºС-та – рс = 1030,6 кг/м3,рч = 911,9 кг/м3;
–дисперсті ортаның байланыстылығы , Па · с,
30ºС –да – = 0,00133Па · с;
dч–минимальді диаметр, м; dч= 1,4 · 10-6 м.
Машинамен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі
Ұн тартатын зауытта өндіріс машиналары мен механизмдерін пайдалануда техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан қызмет көрсетуші жұмыскердің жарақат алу қауіптігі туындайды. Технологиялық,транспорттық құрал жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану үшін арнайы дәрігерлік сараптамадан өткен. Тиісті нұсқаулық алған құралдардың жұмысын білетін адам ғана жіберіледі. Жұмыс орнын ұйымдастыру өндірістің барлық бөлімдеріндегі өндірістік, технологиялық және еңбек тәртіптерінің жоғары дәрежесін, қамтамасыз етеді. Құрылғы дұрыс жұмыс істейді, оның жұмыс істеу деңгейлері техникалық паспорттағы көрсеткіштермен сәйкес келеді. Машинаның айналатын жүйелері сәйкестендірілген. Жұмысшы органдары реттеліп жөнделген, бөтен дауысе діріл, шиқылдаған, сықырлаған дауыстары жоқ. Машинаға сынуға, қызып кетуге, сынуға алып келетін артық салмақ түсіруге болмайды. Қоршамасы алынған, ажыратқыш, сақтандырғыш дауыс беретін құрылғылары дұрыс жұмыс істемейтін машинаны қосуға және жұмыс істеуге болмайды.
Құрылғының жұмыс істеп тұрған уақытында қосқыш ремендерді алуға немесе қосуға, жұмысшы органдарды тартуға, ұсақ жұмыстар жүргізуге, майлауға, болттарды тартуға болмайды. Бұл жұмыстар құрылғы толық тоқтап тұрғанда ғана жүзеге асырылады. Машинаның құрылымында электр тогынан қорғау қарастырылады. Сондай-ақ статистикалық электр қуатының қауіпті мөлшердегі зарядтарының болу мүмкіндігі де алынып тасталған. Осы мақсатта барлық машиналар, аппараттар трубалар жерге қосудың сенімі жүйесімен қамтамасыз етілген. Құрылғы құрылымында сонымен қатар сигнализация, техника бұзылғанда, ақау пайда болғанда автоматты қосу мен ағыту қаралған. Құрылғы құрылымы шуыл деңгейі мен тербеліс деңгейінің қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді. Құрылғының қауіп тудыратын қозғалатын бөліктері қоршалады. Егер машинаның жұмыс істеуі қоршау мүмкіндігін алып тастайтын болса, онда машинаны қосу және ағыту жүйелерін және ток көзінен алып тастау қарастырылады. Ұзын69 тасымалдаушы машиналарға тоқтату қондырғыларын әр 10 м сайын орнатамыз. Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі аса перспективалы және экономикалык жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандыруга сүйенеді. Бұрын қолданылган заңмен салыстырғанда жаңа заңда еңбек қатынастары тараптарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері нақтыланған. Бұл ретте жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар көзделген. Жұмыс беруші жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан асатын әр кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құратын болады.
