Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый документ в формате RTF (5).rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.64 Mб
Скачать

Мазмұны:

Мазмұны 2

Кіріспе 3

1. Жуу машинасының техналогиялық эксплуатациясы 5

2. Жуу машинасының ремонты 13

3. Экономикалық бөлім

4.А1БМШ машинасының есептелуі 15

5.Машинамен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі 19

4. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ...............................23

Қорытынды 27

Әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Агроөндірістік кешен қоғам үшін өмірлік маңызды өнім өндірілетін және ірі экономикалық әлеует шоғырланған ұлттық экономиканың неғұрлым мәнді құрамдас бөлігі болып табылады. Оның дамуы шешімді мөлшерде экономиканың барлық салаларының жай-күйін, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды.Біздің республикамызда дән өңдеу агроөндірістік кешеннің жетекші саласының бірі болып табылады. Сонымен бірге жоғары технологиялық әрекеттегі диірмендерді алдыңғы қатарлы әлемдік машина жасаушылар шығарған. Нәтижесінде ұнның жоғары сапасымен ерекшеленуі оның бәсекелестікке қабілетті басымдығы болып табылады. Сонымен бірге ұн тартушылар жылына 5 млн. тоннаға дейін бағаланатын қазақстандық дән өндірушілер үшін кепілді сатып алушыларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ аграрилерден дән сатып алушылар болып табылады. Осы дәннің жартысы өңделеді және экспортқа жоғары баға қосылған өнім ретінде сатылады. Бұл ретте ұн ауыл шаруашылығының өңделген барлық өнімінен республиканың экспорттан алынған валютасының 80% береді. Бүгінде ұн тарту өндірісі соңғы бірнеше жыл қатарынан өсу деңгейі ұдайы артып келе жатқан Қазақстандағы жалғыз сала. Саланың соңғы жылдарда қол жеткізілген жетістігі көзге көрінеді – Қазақстан әлемде екінші жыл қатарынан ұнды экспорттаудан басшы позициясын ұстап келеді. Бұл сөзсіз сыртқы рынокты игерген кәсіпорынның өз жетістігі Елдің агроөндірістік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасына сәйкес өндірісті әртараптандыру үдерісі жүргізілуде. Ішкі рынокта жоғары сұранысқа ие болған және экспортқа бағытталған егіс дақылдары көбеюде. Оның қарқындалуына бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық өндірісті енгізу жөніндегі шаралар қабылдануда.Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы елеулі дамуға ие болды. 2008 жылы тамақ өнеркәсібінің көлемі 521,3 млрд. теңгеге қол жеткізді, ол өткен жылғыға қарағанда 5,2 артты. Соңғы төрт жылда тамақ өнімдерінің өндірісі 1,9 есеге артты, орта жылдық өсім 11% құрады. Дән өндірісінің өсуімен отандық ауыл шаруашылығын экспорттау артты. Өткен жылы тәуелсіздік алған жылдардың ішінде алғаш рет экспортың көлемі 1,3 млрд. долларды құрады. Өңдеу салаларының дамуы инвестициялаудың 10-пайыздық өсуімен шарттасты, нәтижесінде 4 жылда негізгі капиталға жалпы инвестициялау көлемі 1 миллиард долларды құрады. Шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Дән өңдеу кәсіпорындарының қызметін жандандыру, салаларды мемлекеттік қолдау есебінен олардың өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Дән өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жабдықтаудың негізгі бағыттары өндіріске жабдықтар мен прогрессивтік технологияның жаңа түрлерін әзірлеу мен енгізуден тұрады.

Жуу машинасының техналогиялық эксплуатациясы.

Астық жуу машинасын өндірістік шарты бойынша техналогиялық және механикалық пайдалану деп бөлуге болады. Техналогиялық пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер бойынша оған мыналарды жатқызуға болады:

-астық массасын 3,5%-ке ылғалдандыру

-күлділіктің 0,03%- азаюы

-миниралды қоспалардың бөлінуі

-зиянды қоспалардың бөлінуі (жусан,тозаң, шаң)

-астық массасында иістің болуына қарай, иісті жою

-сынған астықтықты жууға дейін және кейін көлемін өзгерту

-қалдықтың құрамымен санын өзгерту

Астықты жуғаннан қалатын қалдықтың сапасы мен саны оның астық массасының шаң болуы байланысты өзгеріп отырады. Астықты жуу машинасының эксплуататциясының процесі кезінде қажетті техналогиялық тиімділікті қамтамасыз ету үшін оның жұмысын үнемі бақылап отыру қажет, яғни:

-астық жуу машинасының жууға дейінгі және кейінгі ылғалдылығын анықтау( жуу ваннасында астық 6-7% ылғалданады, сору колонкасында 3-3,5% ылғалданады.) Астықтың ылғалдылығын лаборатория сағатына бір рет анықтап отырады;

-астықтың күлділігін азайтуды анықтау, оныда лабораториялық күніне бір есептейді;

-сынған астықтың жууға дейін және кейінгі санын анықтау;

-судың температурасы мен тазалығының дәрежесін өлшеу (минералды тұзы көп су астықты жұмсақ судан да нашар жуады);

-машинаның өнімділігін тұрақты ұстау;

-жұмыс оргондарының оңтайлы мәндерін сақтау;

-астықтың температурасы мен суды нақты жұмсау (суды жұмсау 1 килограм астыққа 1,0-1,5литрден кетеді және ол астықтың ластануына, ылғалдылығына және басқа факторларға байланысты өлшенеді;

-астықтың суда тұруының ұзақтығын анықтау.

Машинаны жұмысқа дайындау үшін:

машинада розетка, өткір жиектер,кедір-бүдір, тегіс емес заттардың болмауын тексеру, себебі ол астыққа зиянын тигізеді;

өздігінен ағатын су және бұрғы трубаларын жалғау;

дискілерге белдік қою және қоршаулар орнату;

жуу ваннасын астық шнегінің осьтік сызығына дейін сумен толтыру және резенкелі шланкіні пеногласителге жалғау.

Жуу машинасының тұрақты жұмысы үшін таспен астықтың гидротранспортының су құбырларындағы судың қысымы Па-дан төмен болмауы тиіс. Магистральді қысымның аз болу жағдайында сорғы қондырғылары қолданады. Машинаның жуу ваннасы сумен толтырылмаған жағдайда қосуға тиым салынады.

Машинаны төмендегідей ретпен жұқмыс істеуге жібереді. Бастапқыда жуу ваннасын шнектің жоғарғы деңгейіне дейін сумен толтырып ,ротордың қысу бағанын қосады, содан кейін шнектің жуу ваннасын қосады. Егер машина қалыпты,дірілсіз,қағыссыз,тыныштықта жұмыс істесе одан май ағып кетпейді. Жүктемені реттеп болғаннан кейін, паспорт өнімділігі бойынша астық шнекте бір келкі болып бөлінуі керек. Астықтықтың қарқынды тазалануы құрылғыда клапындармен реттеледі. Ластанған суды және соның нәтежиесінде пайда болған көбікті асып төгілген штуцер арқылы жойып жібереді. Көбік ішінара легірленген құрылғыда және жуу машинасында өше бастайды. Тұзщы су гидротранспортпен пеногасительдің саңлауларына барып түседі.

Жу машинасын мынандай тәртіппен тоқтады:

-астық жеткізуді тоқтату;

-шнектің жетегін тоқтату және қысу колонкасының бұрандасын тоқтату;

-машинаға су жеткізуді тоқтату;

Машинаны ұзақ уақытқа тоқтатқан кезде жуу ваннасынан суды ағызып ,қысу колонкасын және өзін жақсылап шайып жіберу керек.

Жуу машинасын экплуатациялау кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

машинаның су ағынын іске қосу және тоқтату;

жуу ваннасындағы судың деңгейін астық шнекгінің осіне дейін жеткізіп және оны су төгетін клапындары мен ұстап тұру керек;

пеногасительдің қарқындылығын реттеу;

машинаның астық шығаруының біріңғай ағынын бақылау.

Жуу машинасының жұмысы бір ауысымда бірнеше рет жеңіл қоспаларды жойып тұру қажет. Жуу машинасының мжұмысы кезінде көбінесе оның техникалық ақаулығына мән беріледі.Қысу колонкасы мен жуу ваннасының орналасқан жері қалың және суды шашыратпайтындай болуы қажет. Барабанды жуу үшін және жабдықталған ойпатты жуу үшін резенкелі шланкілер пайдалынылады. Машинаны жуу және тазалау әр ауысымда бір рет жасалынып тұрады. Оны негізінен машинаны толық тоқтатылғаннан кейін тазалайды. Су жуу машинасынан кейін өзінің қалдықтарын шайып алып кетеді, ол қалдықтар жануарларға жем болады. Сонымен қатар жуу машинасының жұмысы кезінде кір суға сынған және бүтін астықтың түсіп кетуі әбден мүмкін. Лас суды еліктен өткізеді, ол електе қалдықтармен астық қалып қалады, ал су сол арқылы өтіп кетеді. Елек қол көмек және әр түрлі механизимдер арқылы тазалай алады. Елек арқылы өткен су тағы пайдалануға болатындай таза болуы мүмкін. Бір жуу машинасынан күніне 500 килограмм қалдық шығып отырады.

Берілген суретте қарапайым астық қабылдағыш көрсетілген. Ол диірмендерде қолданылады.

Қалдықтар мен астық електе қалып жылжымалы щетка арқылы жоғары жылжиды, кейін бункерге барып түседі де транспортерге және іріктелген бункерге барып түседі. Нәтежиесінде алынған қалдықтарды кептіру ұсынылады. Қалдықтарды шнекті кептіргіште кептіреді. Мұндай кептіргіштер ұзындығы 3метр және диаметрі 250мм болатын жұмыс істейтін 3 шнектен тұрады. Шнектер бу-рубажкасы болады. Кептіргіштің өнімділігі 150 кг/сағ. Ал бу шығыны 50 кг/сағ, егер де қысымы Па. Қалдықтарды өңдеу уақыты 5 минутқа дейін.