Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika_ааааааааааааа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
871.68 Кб
Скачать

Іі. Жк «Тулеугалиев» кәсіпорынында шығарылатын өнімдердің ассортименті

Ассортимент дегеніміз — белгілі бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді.

Өндірістік ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен (кәсіпорын ассортименті) немесе белгілі бір өндіріс саласында (сала ассортименті) шығарылатын бұйымдарды біріктіреді.

Саудалық ассортимент — көтерме немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын ассортиментіне (дүкен, база) және тауарлық топ ассортиментіне (кондитерлік, сүт, ет және т.б. тауарлар) бөлінеді.

Бүгінгі таңда омарта шаруашылығы өнімдердің мынадай ассортиментін шығарады:

  • Тағамдық бал

  • Балауыз

  • Гүл тозаңы

  • Перга

  • Прополис

  • Ара уы

  • Маточное молочко

Тағамдық бал - Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. 

    

Балауыз- араның балауыз безінен бөлінетін зат. Ара дан өздеріне кәрез салады. Балауыз ежелден шырақ жасау және бальзамдау үшін қолданылған. Қалыпты температурада Балауыз ақ, ақшыл сары, қара қоңыр, не қара түсті зат. Құрамы күрделі, онда 70 — 74% спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, 15% май қышқылы, 12 — 15% көмірсутек бар. Балауыз — су тепкіш зат, спиртте және глицеринде ерімейді. 35°С-тан жоғары температурада жұмсара бастайды да, 60 — 65°С-та балқып сұйылады. Алыну әдісіне, өңделуіне қарай Балауыз бірнеше түрге бөлінеді. Омарта Балауызы қайнатып немесе омартада арнаулы преспен сығып алынады. Ол өнеркәсіпте, медицинада қолданылады. Престелген Балауыз арнаулы машинамен кәрезді престеу арқылы алынады. Сығынды Балауызды кәрез қалдықтарынан алады. Бұл аяқкиім майын, бояу жасауға, т.б. пайдаланылады. Омарта Балауызы мен престелген Балауыз түсіне, қоспасына қарай 3 сұрыпқа бөлінеді: қоспасыз ақ не ақшыл сары түсті (1-сұрып), сары не ашық қоңыр (2-сұрып) және қара қоңыр, қара түсті (3-сұрып). Бір маусымда әр ара ұясынан 2—3 кг-ға дейін балауыз алынады.

Гүл тозаңы - аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады. 

Перга - аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар. 

Прополис - араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие. 

Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.

Маточное молочко – жас аралардың арнайы сөлінің секіреті, бұнымен олар балаң құрттарды және аналық араларды қоректендіреді. Спецификалық иісі және қышқыл дәмі бар желе тәрізді ақ сарғыш зат. Бұл медицинада алдын алу және емдеу мақсатында парфюмрия өндірісінде крем жасау үшін қолданылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]