- •1.1. Қазақстан Республикасының омарта ісінің тарихы
- •Жк «Тулеугалиев» кәсіпорынның басқару құрылымы
- •Жк «Тулеугалиев» кәсіпорынның қол жеткізген жетістіктері
- •Іі. Жк «Тулеугалиев» кәсіпорынында шығарылатын өнімдердің ассортименті
- •Ііі. Технологиялық бөлім
- •Шикізатты қабылдау
- •0,5 Және 1кг-нан шыны құтыларға және 100гр-нан 3кг-ға дейін қаңылтыр құтыларға өлшеп салады
- •3.3. Етті тұздау
- •3.4. Ет консервісінің ұсақталған етін дайындау және оған дәмдеуіштер қосу
- •Өндірістегі техникалық қауіпсіздіктер Электр қауіпсіздігі
- •Өрт сөндіргіш заттар
- •Қорытынды
Өрт сөндіргіш заттар
Бұл, өрт аймағына енгеннен кейін жану процесін тоқтататын зат.
Өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын негізгі қазіргі заманғы өрт сөндіру заттары болып келесідегідей болып табылады: су, құм, көпіршік, жоғарғы активті заттар, порошоктар, көмірқышқыл, инертті газдар және басқалар, осылардың негізінде ОП, ОХП және басқалары сияқты типтес өртсөндергіштері құрылған.
Өрт қауіпсіздік шаралары:
- қажетті бірнеше шығу жолдарының болуы;
- цехта құм қорапшаларының болуы,
- өрт жайлы дыбыс беру;
Берілген жобаланушы лаборатория өрт қауіпсіздігі жағынан В дәрежесіне жатады.
Қорытынды
Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің негізгі саласы – ет өнеркәсібі. Ет құрамында адам ағзасына пайдалы нәруыздар көп болады. Адамның тамақтануына еттен жасалған өнімдер кеңінен қолданылады, оларға жататындар- шұжық өнімдері, жартылай дайын өнімдер, консервілер, шикі күйінде тұздалған және ысталған өнімдер (азықтар) – шошқаның қол немесе сан еті, ысталған (қақталған) төс еті және басқалар. Шұжық өнімдерінің дәмділік сапасы ұнамды, тәбетті қоздырады, ұзақ уақыттық аспаздық өңдеуді қажет етпейді, ақуыздардың, майлардың және минералды заттардың елеулі көздері болып табылады. Олардың құрамындағы ақуыздары, еттің құрамындағы сияқты 10 %-дан 24 % дейін. Сонымен қатар, шұжықтарда, әсіресе, ысталған түрінде майлардың мөлшері 2-3 есе артық. Ас тұзының, фосфаттардың деңгейі жоғары, тағамдық қоспа ретінде енгізілген нитриттер болады. Сондықтан, тағам рационындағы ет шұжықпен алмастырылмауы тиіс, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер рационында.Қазіргі күні еттен жасалатын өнім түрі – ет консервілері. Ет консервілерінің түрлері өте көп.
Шығыс Қазақстан облысының «ең үздік тауарлары» белгісімен марапатталған, ескі, тәжірибесі мол кәсіпорындардың бірі «Семей ет комбинаты» ЖШС кәсіпорыны еттен жасалған отандық сапалы тамақ өнімдерін өндіруге, еттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға өз үлесін қосуда.
Өндіріс орны ет және ет өнімдерін жасау процесінде жаңа заман талабына сай автоматтандырылған машиналарды, заманауи құрал-жабдықтар мен инновациялық технологияларды пайдаланады. Практика барысында осы технологиялық жабдықтармен жұмыс істеуді үйренумен бірге, ондағы жұмысшылар құрамының іскерлік қабілеттеріне куәгер болдық. Өзімізге берілген уақыт мерзімінде мамандығымыз бойынша қажетті және пайдалы мағұлматтарды алып, мол тәжірибе жинақтадық. Бізге берілген практика уақыты ойдағыдай аяқталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Технология мяса и мясопродуктов. Учебник. Под редакцией И.А. Рогова.-М.: Агропромиздат,1988. – 588 с.
Ет және ет өнімдерінің технологиясы. Оқу құралы. Төлеуов Е.Т., Әмірханов Қ.Ж., Хаймулдинова А. Семей, 2004.- 184б.
Қазақтың ұлттық тағамдары. С. Қасиманов. Алматы, Қайнар,1977. – 104 б.
Технология мяса и мясных продуктов. А.С. Большаков и др. –М.: Пищевая промышленность, 1976.- 398 б.
Производство конины. Е.Т. Толеуов.-М.: Агропромиздат,1986.-278 б.
Дүйсембаев С.Т., Әмірханов Қ.Ж. Өндіріс технологиясы және өнім сапасы. –Астана, Арман ПВ, 2008.- 365б.
|
|
|
|
|
|
Парақ |
|
|
|
|
|
|
|
Өзг. |
Парақ |
Құжат № |
Қолы |
Күні |
