Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika_ааааааааааааа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
769.29 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді.

Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде,ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринприя тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған. Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар.

Ара балыбал — жоғары калориялы диеталық тағам

Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әртүрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.

Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.

Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады.

Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.

І. Өндіріс саласындағы жалпы мәліметтер

1.1. Қазақстан Республикасының омарта ісінің тарихы

Бал- емдік және тағамдық өнім, адам ағзасына оң әсер етіп мүшелермен ткандерді қан ман лимфаны қалпына келтіреді. Ара жер шарының ежелгі тіршілік иесі. Полентологтардың мәліметі бойынша олар алғашқы адамдарға дейін миллион жылдар бұрын пайда болған. Балдың пайдасы туралы алғашқы қауымдық адамдар дәуірінен белгілі. Ара балы бағзы заманынан бері барлық халықтар емдік мақсатта қолданған. Египеттің 3500 мың жыл бұрынғы Египеттік медициналық кітабында «Адам ағзасының барлық бөлігіне арналған дәрілерді дайындау» құрамында балы бар рецептер жазылған. Бағзы заманнан бері Қытайларда ара шаруашылығымен айналысқан. Б.з.д II- III мың жылдықта олардыі медицинасында балды емдік зат ретінде қолданған. Ежелгі Қытайдың өсімдіктер кітабында былай деп жазылған «Бал ішкі мүшелерді емдеп жазады, ағзаға күш беріп, денеге жеңілдік және өмір сүру уаытын ұзартады». Ал Үндістанда ара шаруашылығы төрт мың жыл бұрын дамыған. «Мәңгілік сусыны» кітабында бал ең күшті ағзаны қуаттандырғыш заттар құрамына кіргізілген. Үндістер балды антидот ретінеде де қолданған. Ертедегі Грек мәдениетінеде ара шаруашылығы, және балдың емдік қасиеті жөнінде көптеген деректерді байқауға болады. Грек мифологиясында балдың қасиеті туралы көптеген аңыздар бар. Гомердің «Илиада мен Одиссея» шығармашылығында балдың қасеиті туралы көп жазылған. Ал Пифогор өз еңбегінде балдың әр түрлі емдік қасиеті туралы суреттеген. Ежелгі медицина реформаторы атақты Гиппократ әр түрлі ауруларға балды қолдануда табысқа жеткен.Соңғы кездері балды жараны емдеуге қолдану туралы көптеген мәліметтер ұшырасуда. Хирург Л.М.Криницкий балды балық майымен қосып жараға, күйікке остеомелитке қарсы қолданған. А.Л.Мисников пен А.С.Лашков балды емдік мақсатта бауыр мен өт жолдары ауруларына қолданған.

Археологтар Алтай мен Сібір өңірлерінде және Енісей жағалауында табылған тарихи ескеткіштерді зерттеу барысында тастар бетінде бал арасы бейнеленгендігін айқындаған. Осыған тәріздес тарихи ескерткіштер Алтайдағы Телец өзенінің маңайында табылды. Алтай тұрғындарының тілдерінде бүгінгі күнге дейін бал арасы өмірімен байланысты кейбір сөздер қолданылады.

Осы және басқа да фактілер көне заманнан бері Қазақстандық Алтай аумағында бал арасы мекендеуінің белгісі деп санайды зерттеушілер. Бірақ, Алтай аумағында омарта кәсібінің ауыл шаруашылық саласының бір бөлігі ретіндегі даму кезеңі Қазақстан аумағына бал араларды басқа жерлерден алып келгеннен кейін басталды. Тарихи деректерден байқасақ Өскемен қамалының коменданты Николай Федорович Аршеневский бал арасын Киевтен алып келуге тапсырыс берген. Бұл оқиға шамамен 1786 жылы орын алған.

Осыдан кейін біраз уақыт өткеннен кейін Өскемен балы халық арасында атаққа ие бола бастады. Омарта кәсібімен айналысатын адамдар саны көбейе бастады. Оңтүстік-Батыс Алтайда бастау алған қазақстандық омарташылық кейіннен Сібірге, Жетісуға және Орта Азия аумақтарына тарады. XIX ғасырдың басында Алтай аумағында 86 мың ара ұяшығы болса, 1870 жылы оның саны 400 мыңға дейін өсті. Аз уақыт ішінде омарта кәсібі халыққа танылып, ауыл шаруышылығының айнымас бір бөлігіне айналды. 1812 жылы алғаш рет жәрмеңкеге шығарылған Қазақстан Алтай балы, дәмі мен сапасы жағынан тұтынушылардың көңілінен шықты. Алтай омарталарының танымалдығы өсіп, мыңдаған тонна бал мен балауызды Бұқтырма, Ульба, Оба және Ертіс арқылы Сібірге жеткізіп, ол жерден Ресейдің батысына қарай жеткізу қажеттілігі туындап жатты. Айта кетсек, 1834 жылы Бұқтырма маңайындағы омарта шаруышылықтарынан жәрмеңкелерге 12 мың пұт жоғары сапалы бал жеткізілді.

1802 жылы Енісей губерниясының Ащы уезінде, 1806 жылы Тобыл, ал 1823 жылы Красноярск маңайында омарта шаруашылықтары ашылды. XIXғасырдың жартысында омарташылық Батыс Сібір жерінде кеңінен таралды. Уақыт өте келе омарта шығысқа қарай тарады. 1859 жылы аралар Байкалға, ол жерден 1869 жылы Амур өзенінің аумағына және 1890 жылдары Оңтүстік Уссурияға жеткізілді. 1848-1850 жылдары арасында ара кәсібі Өскеменнен еліміздің оңтүстік өңірлеріне қарай бет бұрды. Қапалға жеткізілген аралар, 1856 жылға қарай Алматы аумағына тарады. Жетісудан омарта кәсібі Орта Азияға тарап, 1872 жылы Ташкентте, ал 1894 жылы Бұқарада омарта шаруашылықтыраы ашылды.

Өскемен қаласы алтайлық, қазақстандық және сібірлік омарташылықтың ғана отаны болмай, Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. Н. Зандрок, Т. Д. Копырин, Е. П. Михаэлис, Д. Г. Панкратьев, А. И. Федоров, А. С. Хахлов, И. Шавров сияқты омарта ісінің зиялылары енгізген кәсекті омарташылықтың отаны болып саналады.

Галиции жүйесіндегі кәсектік ұяшықтары бар алғашқы омарта шаруашылығы 1860 жылы Өскемен маңайында орналастырылды. Кейін кәсектік ұяшықтар Сібірге тарап, 1866 жылы Кузнецк қаласының жанында Губердің кәсектік ұяшықтарымен жабдықтандырылған омарта шаруашылығы ашылды. Сол кезден бастап осы жүйені Бии және Барнауыл округтерінің омарташылары қолдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінен бастап кәсектік ұяшықтар Омбыға, Көкшетауға, Павлодарға, Петропавловскқа және Солтүстік Қазақстанның басқа да өңірлеріне тарады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]