Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Операционды жйені негізгі ымдары. Файлдарды архивтеу бадарламалары. Апараты орау. Антивируты бадарламалар..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.15 Кб
Скачать

Қ.А Ясауи атындағы қазақ түрік халықаралық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Операциондық жүйенің негізгі ұғымдары. Файлдарды архивтеу бағдарламалары. Ақпараты қорғау. Антивирутық бағдарламалар.

Орындаған: Жақсылық А

Тобы: 126 ЖМ

Қабылдаған: Досанов Н

Түркістан 2015 Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

  • Операциондық жүйенің негізгі ұғымдары.

  • Файлдарды архивтеу бағдарламалары.

  • Ақпараты қорғау.

  • Антивирутық бағдарламалар.

Қорытынды:

Қолданылған әдебиетер:

Программалық жабдықтау. Программалардың негізгі категориялары және олардың тағайындалуы.

Программалық жабжықтау (Software) – бұл есептеу жүйемен орындалатын программалар жиынтығы.

Программаларды үш категорияға бөлуге болады:

  1. қолданбалы программалар;

  2. жүйлі программалар:

  3. инструменталды программалық жүйелер.

Қолданбалы бағдарламабұл қандай да бір есепті берілген проблемалық аймақ шегінде шешуге көмектесетін кез келген нақты бағдарлама.

Қолбанбалы бағдарламалар автономды түрде, яғни қойылған есепті басқа бағдарламалардың көмегінсіз шешу, немесе бағдарламалық комплекстер не пакеттер құрамында қолданылуы мүмкін.

Жүйелік бағдарламалар қолданбалымен бірге орындалады және компьютердің ресурстарын – орталық процессор, жады, енгізу-шығаруды басқару қызметін атқарады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде ерекше орынды операционды жүйелер алады, олар компьютер ресурстарын тиімді қолдану мақсатында оларды басқаруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жүйелік бағдарламалардың маңызды кластарына қосымша тағайындаулары бар бағдарламалар – утилиттер (лат. utilitas — пайда) де жатқызылады. Олар операциондық жүйенің сәйкес мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады немесе дербес түрде маңызды есептерді шешеді (бақылау, тестілеу және диагностикалау бағдарламалары, драйвер-бағдарламалар, антивирустық бағдарламалар және т.б.).

Утилиттердің бір бөлігі операциондық жүйе құрамына кірсе, қалған бөлігі оған тәуелсіз қызмет атқарады, яғни автономды.

Программалау жүйесі (инструментальді бағдарламалар) – бұл жаңа бағдарламалар жасауға арналған нақты программалау тіліндегі жүйе.

Қазіргі программалау жүйелері әдетте қолданушыларға бағдарламаларды жасаудың қуатты және ыңғайлы құралдарын ұсынады. Оларға кіреді:

  • компилятор немесе интерпретатор;

  • интегралданған өңдеуші орта;

  • бағдарлама мәтіндерін құрастыру және редакциялау құралдары;

  • стандартты бағдарламалар мен қызметтердің көлемді кітапханалары;

  • дұрыстаушы бағдарламалар, яғни бағдарламадағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;

  • қолданушымен «тату (дружественная)» диалогтық орта;

  • көптерезелі жұмыс режимі;

  • қуатты графикалық кітапханалар;

  • орнатылған ассемблер;

  • орнатылған анықтама қызметі;

  • басқа да спецификалық ерекшеліктер.

Атақты программалау жүйелерія — Turbo Basic, Quick Basic, Turbo Pascal, Turbo C.

Соңғы кезде Windows-қосымшаларын жасауға бағытталған программалау жүйелері кең таралуда:

  • Borland Delphi (Дельфи) пакеті – визуальді құрастырудың сапалы және өте ыңғайлы құралдарын ұсынатын Borland Pascal компиляторлар жанұясының керемет мұрагері.

  • Microsoft Visual Basic пакеті – визуальді құралдарды қолдану арқылы Windows-бағдарламаларын жасауға арналған ыңғайлы және танымал құрал.

  • Borland C++ пакеті – DOS және Windows-қосымшаларын жасауға арналған ең көп таралған құралдардың бірі.