Е гепатиті
Ол өзінің белгілерімен А гепатитіне ұқсайды.
Бірақ, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы Е гепатитінің ауру түрінде, бауырмен қоса бүйрек те зақымданады. Е гепатиті А гепатиті сияқты, нәжіс ауыз жолы арқылы жұғады, ауа райы ыстық және салқын сумен нашар қамтамасыз етілген елдерде таралған, және бұл аурудан сауығу жөніндегі болжам бойынша көбінесе сәтті аяқталады.
Е гепатитін жұқтыру, аурулардың жалғыз ғана тобына босанар алдындағы әйелдер үшін өте қауіпті. Бұл аурумен ауырған әйелдердің өлім жетімі 9-40 % - ға дейін болады, ал ішіндегі баласы өлі туады.
G гепатиті
G гепатиті вирустық гепатиттердің тобындағы соңғы өкіл, өзінің белгілерімен с гепатитіне ұқсайды. Ол қауіпті емес, С гепатитіне тән жұқпалы процестің өршуінен болатын циррозбен қатерлі ісік G гепатитінде пайда болмайды Егер екеуі үйлессе ғана, циррозға әкелуі мүмкін.
Вирустық гепатиттердің барлық түрі қазіргі кезде ойдағыдай анықталады және емді ертерек қолданса көпшілігі жазылып кетеді.
Жүрек ишемиялық ауру» денсаулық мектебі
Жүрек ишемиялық ауру мектебінің мақсаты: халықты салауатты өмір салты дағдыларына үйрету, науқастардың денсаулығын өз бетінше өмірін өзгертуге, құзырлықты жоғарылату сұрақтарына және қоршаған орта жағдайына бейімделуге оқыту, насихаттау.
Жүрек ишемиялық ауру мектебінің ұраны: « Дене белсенділігі - салауатты өмір салт негізі ».
Жүрек ишемиялық аурулары – жүректің созылмалы аурулары. Оған стенокардия, жүректің бір қалыпты соқпауы – аритмия, жүрек жетіспеушілігі, жүрек бұлшық еті инфакті және т.б. жатады.
Жүрек ишемиялық ауруларының белгілері:
Төс тұсының ұстамалы ауыруы (стенокардия). Бұл бір науқаста тек жайсыздықпен байқалса, енді басқаларында – қатты қысып, (күйдіріп кейде жүректің қыжылдауы) ауруымен сипатталады. Ауыру сезімінің сол иыққа немесе сол қолға «берілуі» жүрек ишемиялық ауруларына тән жағдай. Сонымен қатар ауыру сезімі мойынға, оң жақ иыққа, жауырын арасына «берілуі» мүмкін.
Тез әлсіреу, шаршампаздық.
Ауа жетіспеушілігі.
Денеге жүктеме түскенде ентігу және жүректің қатты соғуы.
Тәулік соңында аяқтың ісінуі.
Лоқсу және асқа тәбеттің болмауы.
Жүрек ауруларының даму қаупін болдырмас үшін әрбір адам келесі шараларды орындауы қажет:
Дұрыс тамақтану: бұл – қауіпті төмендетудің басты сатысы
Дене жаттығуларымен тұрақты шұғылдану: бұл аурудың даму қаупін төмендетеді. Жаттығулар жүректің бұлшық етін шынықтырып, оның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Темекі шегуді тастаңыз: бұл арқылы аурудың даму қаупін төмендете аласыз.
Өз дене салмағыңызды бақылап отырыңыз. Дене салмағының артықшылығы, әсіресе семіздік, жүректің ишемиялық ауруларының дамуына әкеледі.
Күйзелістерден аулақ болыңыз.
Қан қысымын өлшеп, бақылап отырыңыз. Қан қысымының жоғарлауы жүрекке үлкен күш түсіреді.
Қанның құрамындағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтаған жөн.
Алдын алу тексерулерден тұрақты өтіп тұрыңыз.
« Астана медицина универсиеті» АҚ
Ішкі аурулар кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: ЖТД практикасындағы денсаулық мектептері
Орындаған:Адырбек Д.Е
513ЖМ
Астана 2017жыл.
