Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс воп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.03 Кб
Скачать

Ықпал факторлары

Егер отбасында туыстардың біреуінде тыныс демкіпесі байқалатын болса, балалардың демікпемен ауру қаупі артады, бұған тұқымқуалаушылық факторы тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар, тыныс алу жолдарының жоғары сезімталдығы, яғни аллерген әсеріне бронхтың аса тез немесе қатты тарылуына, науқастың жынысы да себеп болуы мүмкін. Ер балалар қыз балаларға қарағанда тыныс демікпесімен жиі ауырады. Ер балалар қыз балаларға қарағанда тыныс демікпесімен жиі ауырады. Дегенмен, ересек жастағы ерлерге қарағанда әйелдерде тыныс демікпесі көп тараған.

 Тыныс демікпесінің асқынуына әсер етуші факторлар

Бұл факторларға: дене жүктемесі, салқын ауа, тітіркендіретін газдар, ауа райының өзгерістері, күйзелістер жатады. Олар тыныс демікпесінің дамуына себеп бола алмайды, осы диагноз қойылған науқастарда ұстамалрдың пайда болуына себепші болады.

Тыныс демекпісінің пайда болу факторларын біле отырып, бұл дерттен сақтануға болады!

 Себептері

Бала жасындағы демікпені таралуының артуының себептері сан алуан. Үйдің ішіндегі, сондайақ сыртындағы қоршағандардың маңыщы зор, әсіресе бұл аэроаллергендерге (кененің болуы) қатысты. Жәндіктердің, мысалы, жасыл көбелектердің, кененің, таракандардың көп болуы да демікпенің себебі бола алады. Басты себебі болып ауа-райы табылады, өйткені аллергендер тұрғылықты жердегі ауа-райы жағдайына байланысты: ылғал және жылы климат көгерулер мен кенелердің көбеюіне жағдай жасайды.

Демікпені асқындыруға әкелетін қауіп факторлары үш топқа бөлінеді: алдын ала берілетін – атопия, мұрагерлік, гиперреактивтілік; себепті- шаң, жануарлар аллергендері, саңырауқұлақ, тозаң, аспирин және т.б.; ықпал етуші-респираторлық вирустық инфекциялар, тағамдар, темекі тарту, өтімді иістер және т.б.

Емдеу

Демікпені емдеу үшін екі түрлі препаратты қолданады: асқынуға қарсы және кеңірдекті кеңіту. Препараттар мөлшері мен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер тағайындайды.

Тыныс демікпесімен ауыратын балаларды кешенді емдеу мыналардан тұруы керек:

  • Қажетті дәрілік препараттармен емдеу;

  • Ауру балалар мен олардың ата-аналарына арналған білім беру бағдарламарына қатысу (демікпе-мектеп);

  • Мамандарға кезеңімен қаралып тұру;

  • Санаторийлық-курорттық және басқа да осы сияқты емдеу әдістерін қолдану;

  • Аллергендерге егілу (арнаулы иммунотер).

Алдын алу

Тыныс демікпесімен ауыратын баланың тағамдарынан ауруға себеп болатын тамақ өнімдерін алып тастау керек. Дәрілік аллергияның алдын алудағы маңызды фактор болып тұншығу және басқа да аллергиялық белгілерді беретін дәрілік препараттарды толығымен алып тастау саналады.

Күнделікті үйді жинау, жуу, тұрғылықты мекеннен кілемдерді, жұмсақ жиһаздарды шығарып тастаған жөн. Кітаптар шыныланған шкафтарда немесе сөрелерде болғаны дұрыс. Үйде синтетикалық жуу заттарын, тұрмыстық химиялық аэрозольдерді ұстамаған абзал.

Үйде жануарлар, құстар мен аквариум ұстамау керек. Құстардың қауырсындарына аллергиясы бар балаларға синтепоннан немесе сол сияқты басқа материалдан жастыұ жастау қажет.

Тыныс демікпесімен ауыратын балаларға жүргізіліп жатқан  емнің тиімділігін бақылап отыру үшін, оларды мұқият қадағалап отырған дұрыс.

Бақылау тұрақтылығы ару кезеңінің ауырлық дәрежесіне байланысты.

«ҚАНТ ДИАБЕТ» ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Қант диабет мектебінің мақсаты:  Емделушілерге ауруларын басқару  мен қант диабеті туралы толық ақпарат бере отырып күресу жолдарын және диабеттің асқынуын болдырмауға үйрету. Өмірге деген қызығушылығын арттыру. Қант диабеті – ұйқыбезі  жеткілікті  түрде  инсулинді  шығармайтын немесе  ағзаның безбен  шығарылатын инсулинді тиімсіз  қолданатын созылмалы ауру. Бұл   қандағы глюкоза  құрамының жоғары деңгейіне  әкеп  соқтырады. Қант диабеті  екі  түрге бөлінеді.

Қант диабеті  І түрі – ерте жаста: балаларда, жасөспірімдерде  және  жастарда  инсулин бірден азаяды.

Қант диабеті ІІ түрі – жиі ретте егде жаста, жастан кейін, ағзада  инсулинге  жасушалардың қабылдағыштығы әлсірегенде  және оның  қандағы  қанттың  нормасы  үшін  жеткіліксіздігінен пайда болады.

 Қант диабетінің  дамуы қауіп-қатерінің  факторлары:

  •     Тиімсіз  тамақтану;

  •     Аз қимылдау;

  •      Артық салмақ;

  •     Қант диабеті бар бірінші  жолдағы  туысқандар;

  •      Қатал күйзелістік жағдай, ұзақ уақыт бойғы артық күш жұмсау;

  •      Жүрек- қан тамырлары аурулары: артериальдық  гипертония, жүректің ишемиялық  ауруы, атеросклероз;

  •     Ұйқыбезінің аурулары (панкреатит, обыр)

Тамақ өнімдері  қуаттылығы бойынша 3 негізгі  топқа бөлінеді:

Қуаттылығы жоғары тағамдар – май – (май, өсімдік майы, майлылығы жоғары ішімдік, ет, «майлы балық, консервіленген немесе қуырылған ет», балық, қуырылған  картоп, соустар, жаңғақтар ).

Ішімдік – (қуаттылығы жоғары арақ сусындары, шарап пен сыра).Тәттілер -  (кекстер, шоколад, бал).

Қуаттылығы орташа тағамдар: Көмірсутектер – (нан, картоп, күріш, құрамында  қанты бар жемістер, алкогольсіз сусындар). Ақуыздар – (ет, балық және  майлылығы  орташа ірімшік, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері).

Қуаттылығы төмен тағамдар:

Жеміс-жидектер, диеталық сусындар мен тәттілендіргіштер (фруктоза мен сарбитол, шай, кофеден басқа).

Диабет кезінде тамақтану ережесі 

Негізгі ұстанымдары:

  1. Тамақты белгілі бір уақытта ішу – күніне 4-5-6 рет

  2.  Күні бойы  негізінен жылдам сіңірілетін  көмірсутек, кешке – жеңіл ақуыз, көмірсутекке бай тамақ ішу

  3. Әрбір тамақтану барысында қарапайым әрі күрделі көмірсутектерді  бірдей мөлшерде  пайдалану

  4. Ақуыз өнімдерін мөлшермен пайдалану.

      Қант диабеті – бұл, бәрінен бұрын,  өмір салтын дұрыс ұстанған жағдайда асқынудың  туындау қауіп-қатерін нөлге дейін азайтуға және өмір сапасының деңгейін ұзақ сақтауға болады.

"Вирусты гепатит" денсаулық мектебі

 Вирустық гепатиттер - кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі - бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.

      Сондықтан әр түрлі гепатиттер көбінше  «сары ауру»  (аурулардың көбіне ортақ кең тараған белгісі) деп аталады. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Vғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қоздырушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді, ол бүкіл ағзаға жалпылама тиетін патологиялық процесстің компоненттерінің бірі. Гепатит, яғни бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының,қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.

Вирустық гепатиттер бір бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда олардың кейбір белгілері бір біріне ұқсас.

Вирустық гепатиттің классификациясын оның көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • этиологиясы бойынша гепатит А, B, C, E, Д, G болып бөлінеді;

  • аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы;

  • гепатиттің аурулығына байланысты ауыр, орташа аурулықтағы және жеңіл түрі болады;

  • зақымданудың орнығуы бойынша гепатиттер ошақты, мезенхималдық паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді.    Вирустық гепатиттердің әр түріне толығырақ тоқталайық.