Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
неврология блок толық емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.

Ми бағанында бет нервінің ядросымен қоса пирамида жолы зақымданғандықтан зақымданған жақта бет бұлшық еттері сал болып қалады да, қарама-қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады 

2. Көпір-мишық бұрышының зақымдануы. 

Үшкіл нерв, бет немесе есту нервтері қосарлана зақымдануына байланысты зақымданған жақта беттің сезімділігі жойылады және оның бұлшық еттері сал болып қалады, есту қабілеті төмендейді (гипакузия) немесе естімей қалады (анакузия), дененің тепе-тендігі жойылады (атаксия).

3. Егер көпір-мишық бұрышын зақымдандыратын ошақ ми бағанын жаныша әсер ететін

болса, онда зақымданған жақта мишық атаксиясы, ал қарама-қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады.

4.   Фаллопий каналында бет нервінен үлкен тастық нерв бөлінгенге дейін зақымданса бет бұлшық еттері сал болып қалуымен қатар көз жанары құрғайды, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу қабілеті күшейеді (гипергевзия) немесе төмендейді (гипогевзия).

5.  Фаллопий каналында бет нерві үлкен тастық нерв бөлінетін жерінен төмен, бірақ үзеңгілік нерв бөлінетін тұсынан жоғары за-қымданса, жоғарыда келтірілген симптомдар қайталанады да, бірақ көз құрғамайды, керісінше кезден жас ағатын болады.

6. Фаллопий каналында бет нерві үзеңгілік нерв бөлінетін тұсынан төмен, бірақ дабыл шегінің шығатын тұсынан жоғары зақымданса, бет бұлшық еттері солып сал болуымен қоса тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезінуі бұзылады, көзден жас ағады.

7.  Бет нерві істік тәрізді өсіктің тесігі тұсында зақымданса бет бұлшық еттері солып сал болуымен қоса көзден жас парлайды.

Бет нервінің орталық неврондары бір жағынан зақымданса, зақымданған жағына қарсы бет құбылысын атқаратын бұлшық еттердің төменгі бөлігінің қызметі әлсірейді, ерін аймағындағы әжім ұлғаяды, езуі төмендеп босайды (Шарконың «лепбелгісі» симптомы).

42

  • IX жұп тіл-жұтқыншақ және X жұп — кезбе нервтер аралас нервтерге жататындықтан, олардың құрамында қимылдатқыш, сезгіш және вегетативтік талшықтар бар.

  • Аталған нервтердің ядролары сопақша мидың қақпағында ор-наласқан. Олар: екі нервке ортақ қимылдатқыш екі жақтылық ядро және ссзімділік — сұр аймақ ядросы; тіл-жұтқыншақ нервіне қатысты сілекей шығаратын және дәм сездіретінядролар; кезбе нервіне қатысты сыртқы вегетативтік парасимпатикалық ядро 

  • Бұл нервтердің екеуі де төменгі олива мен жіп тәрізді дененің арасындағы өзекте бірнеше түбіршелерімен сопақша мидың сыртына шығады. Олар бас сүйек қуысынан артқы бас сүйек шұңқырындағы мойындырықтық тесіктен (мойындырықтық венамен бірге) шығады.

  • Екеуінің де сезімділік бөлігі жалпы сезімділік анализаторы сияқты үш неврондық құрылымнан тұрады. Бірінші сезімділік неврондардың клеткалары арнаулы төрт түйінде. Олар мой-ындырықтық тесіктің маңайында орналасқан.

  • қимылдатқыш бөлігі ми қыртысы-бұлшық ет жолына ұқсап, екі невроннан құрастырылады. Орталық неврондары сопақша мидағы ядроларынан жоғары екі жағынан жартылай айқасады. Сол себепті екі жақтылық ядро ми қыртысымен екі жақты байланысады.

  • Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтер соматикалық және

  • вегетативтік қызметтерді үйлестіреді.

  • Соматикалық функциялары:

  • а) екеуі де жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшық еттерінің жиырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актысын үйлестіреді; 

  • б) екеуі де тіл түбірі, жұтқыншақ, көмей және ортаңғы құлақ сезімділігін қамтамасыз етеді, ал тіл-жұтқыншақ нерві бұған қосымша тіл түбіріндегі дәм сезу қабілетіне әсер етеді; 

  • в) екеуі де сопақша мида тұйықталатын жұтқыншақ рефлексінің доғасын құрастырады. 

  • Вегетативтік функциялары:

  • 1)  тіл-жүтқыншақ нерві шықшыт безінен сілекей шығуын реттейді;

  • 2)  кезбе нерв кіші жамбас куысы ағзаларынан басқа ішкі ағза-ларды тегіс парасимпатикалық иннервациямен қамтамасыз етеді.

44 Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары

Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің жартылай зақымдану белгілері:

-  маңқаланып сөйлеу (назолалия);

-  дыбысы шықпай қалуы (афония) немесе оның бәсендеуі (гипофония);

-  жұтынудың қиындауы - дисфагия (сұйықты жұта алмайды, егер жұтпақшы болса шашалып қалады, сұйық мүрнынан қайта шығады);

-  жұтыну рефлексінің тәмендеуі немесе жоғалып кетуі;

-  таңдайдың салбырап кетуі, оның қимылының шектелуі немесе жоғалуы;

-  тіл түбірінде дәм сезу баяулайды (гапогейзия) немесе мүлде сезілмейді (агейзия).

Бұл нервтердің ми бағанындағы ядролары жартылай зақымданса жоғарыда аталған белгілермен қоса жүрек соғуы нашарлайды, тыныс алу жиілігі қалпынан тыс ауытқиды, ал егер осы ядролар толығынан зақымданатын болса, сырқат тынысы тарылып, демін ала алмай өліп кетуі мүмкін.

Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтің орталық неврондарының бір жағынан зақымдануы олардың қызметіне соншалықты әсер етпейді. Ядролар үстіндегі байланыстар екі жағынан бірдей зақым-данса псевдобульбтар (жалған сопақша ми) синдромы пайда болады.