Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
неврология блок толық емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

3,Бет нерві: анатомиясы-ядролары, негізгі қызметі

Бет нерві (VII)facialis, бет нерві-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius  және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.

4,Бет нервісінің тармақтары, иннервациялайтын бұлшықеттері, қызметі

40Бет нерві (VII)

  • facialis, бет нерві-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.

  • Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius  және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.

  • Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.

41Бет нервісінін әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері.

Бет нервісінің сыртқы невроны (нервтің өзі немесе оның ми бағанындағы ядросы) зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бүлшық еттері сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңіп, қабағы қозғалмай, көзі жұмыл-май қалады («қоянның көзі» тәрізді белгі), көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, үстіңгі және төменгі кірпіктерінің арасынан көздің ағы көрініп тұрады (Белл симптомы). Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып леп белгісіне ұқсай-ды — «шарко леп белгісі» симптом. Екі ұртын томпайтқанда, зақымданған жақтағы ұрт томпаймайды.

Солып сал болып қалған бет бұлшық еттеріне электр тоғы әсер етпейді (дегенерация реакциясы).

Бет нервінің әр түрлі деңгейде зақымдануы кезінде жоғарыда келтірілген бет бұлшық еттерінің сал болып қалуынан басқа мына төменгі қосымша симптомдар анықталады (кездеседі).