- •Сезім және оның түрлері.
- •Беткей сезім дегеніміз не және оның зақымдану симптомдары.
- •Меншікті сезім және оның зақымдану симптомдары.
- •Ауырсыну және температура сезімінің өткізбе жолдарын сызыңыз.
- •Жұлын деңгейіндегі меншікті сезімнің орналасуы.
- •Стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сСезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
- •16. Пирамида жүйесінің орталық және шеткері перифериялық нейроны.
- •17. Tractus cortıco-spınalıs сызыңыз
- •18.Tractus cortıco-nuclearıs сызыңыз.
- •19. Орталық және шеткілік салдарының белгілері.
- •1,Үш тармақты нерв: Зақымдану симптоматикасы- Зельдер аймақтары бойынша.
- •3,Бет нерві: анатомиясы-ядролары, негізгі қызметі
- •4,Бет нервісінің тармақтары, иннервациялайтын бұлшықеттері, қызметі
- •40Бет нерві (VII)
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •46Кезбе нерв (X)
- •2. Сырқатқа жаңылтпаш иемесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
- •49Қосымша нерв (XI)
- •50 Қосымша нервтін зақымдануы
17. Tractus cortıco-spınalıs сызыңыз
18.Tractus cortıco-nuclearıs сызыңыз.
19. Орталық және шеткілік салдарының белгілері.
Қыртыс-бұлшықет жолы зақымдалған кезде паралич немесе сал ауруы (салдану) дамиды, Паралич — қимыл мен бұлшық ет күшінің болмауы. Немесе парез – қимыл-қозғалыс шектігі мен бұлшық ет күшінің төмендеуі. Перифериялық нейрон зақымдалған кезде шеткі паралич дамиды.
Перифериялық паралич
атония
арефлексия
атрофия
Фибриллярлы тартулар
ЭМГ-да қайта құрылу реакциясы
Орталық паралич
гипертонус
гиперрефлексия
патологиялық рефлекстер
Патологиялық синкинезиялар
Беткей рефлекстердің жоғалту
Әдетте сал болу (плегая) немесе қимыл-әрекеттері әлсіреуінің (парез) мына төмендегідей варианттары болады:
моноплегая — аяқтың немесе қолдың сал болуы;
монопарез — аяқ немесе қол қимыл әрекеттерінің төмендеуі (әлсіреуі);
параплегия — екі аяқтың немесе екі қолдың салдануы;
парапарез — екі аяқтың немесе екі қолдың әлсізденуі;
гемиплегия — оң немесе сол жақ дененің сал болуы;
гемипарез — оң немесе сол жақ дененің, әлсізденуі;
тетраплегая — екі аяқ пен екі қолдың сал болуы;
тетрапарез — екі аяқ пен екі қолдың әлсізденуі.
20. Орталық және шеткілік қозғалыс нейрондарының анатомия-гистологиялық құрылысы.
Орталық қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдынғы орталық ирелеңінен және орталық маңдай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Орталық неврондардың клеткалары (үлкен пирамида тәрізді Бец клеткалары) осы аймақтардағы ми қыртысы бесінші қабатына орналасқан. Аталған клеткалардың аксондары ми жарты шарына терең бойлап, ми қыртысы- жұлын шоғырын- tractus согticospinalis құрастырады. Ол ішкі капсуланың тізесі мен артқы саны арқылы ми баганына кіретін – ми аяқшасы , варолий көпірі жәнс сопақша мидың алдыңғы жағында аталған шоғырдың талшықтары әзара жақындап пирамида тәрізді орнaласады.Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы — жұлын шоғыры талшықтарының 80 процентіне жуығы қиылысып, жұлынның бүйір бағаны арқылы қарама-қарсы жағына өтеді де оның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарында аяқталады. Ол жоғарыдан төмен қарай жұлынның әр сегменттеріне тиісті талшықтарын қалдырып біртіндсп жіңішкере береді де ақырғы сегізкөз тұсындағы сегменттердe tayсылады.
Ми қыртысы — жұлын шоғыры қиылыспаған 20% бөлігі (Тюрк шоғыры) жұлынның алдыңғы бағанымен төмен қарай түсіп, кеуде сегменттері тусында аякталады. Үлкен ми жарты шарында пирамида шоғыры скі бөліктен тұрады. Біріншісі жоғарыда аталып кетксн ми қыртысы –жұлын шоғыры, екіншісі ми қыртысынан басталып, бассүйек — ми қимылдатқыші нервтерінің ядроларында аяқталатын ТалШықтардан туратын кортико-нуклеарлық шоғыр — tractus corticonuclearis .
Ми қыртысы — бұлшық ет шоғырының сыртқы неврондар клеткалары ми бағанындағы қозғалтқыш (қимылдатқыш) ядролар мен жұлынның алдыңғы мүйізіндe орналасқан. Ми бағанындағы қимылдатқыш ядролар клеткасының аксондары бассүйек-ми нepвтеpiн құрастырады. Жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондар аксондары омыртқа өзегінен омыртқааралық тесіктерден шығатын жұлын алдыңғы түбіршіктеріне айналады. Бұдан әрі сыртқы неврон түбіршік нерві, өрім және сыртқы нерв құрамында болады. Өрімдер мен сыртқы нерв құрамында тек қимылдатқыш талшықrap ғана емес, сонымен бірге сезгіш және трофикалық талшықтар да бар.Жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткалар (мотонейрондар) біртекті смес және олардың қызметтері де әр түрлі Олар үш типке бөлінеді:
1) бұлшық ет талшықтарының бірінен соң бірінің шапшаң жиырылуын қамтамасыз ететін пирамида жүйесіне тікелей қатысы бар α - үлкен мотонейрондар
2) бұлшық ет талшықтарының ширығып қысқаруына әсер ететін экстрапирамидтік жүйеден импульстар қабылдайтын α. – кіші мотонейрондар ;
3) торлы формациядан импульстар кабылдайтын ү – мотонейрондар . Бұлардың қимыл-әрекетіне тікелей қатысы жоқ, демек олар мотонейрон ретінде шартты түрде ғана белгіленген. Ү — мотонейрон өз аксонын бұлшық ет талшығына тікелей бермейді, сол бұлшық ет талшығының ішіндегі проприорецепторға — бұлшық ет ұршығына жеткізіп, оның қозуына әсер етеді.
Бұлшық ет ұршығынан қабылданған импульстер афференттік неврондар бойымсн жұлынның артқы түбіршегі арқылы оның алдыңғы мүйізіндегі α — шағын кіші мотонейрондарға тоғысады да қызыл бұлшық ет талшықтарына жетіп, оның ширатыла қысқаруына әсер етеді. Осылайша гамма-тұзағы тұйықталады. Сонымен, бұлшық ет тонусының өздігінен реттелуі мсн оның тұрақтылығын сақтауға кері байланыстар нәтижесінде пайда болатын созылу рефлексі әсер етеді.Ми қыртысы - бұлшық ет шоғыры (жолы) үлкен ми жарты шарларымен дененің жарты бөлігін керісінше байланыстырады. Мидың алдыңғы сара ирелеңіңде дененің жартысы төмен қарай төңкеріліп кескінделеді Шайнау, көмей, кеңірдек және тыныс бұлшық еттері ми қыртысымен қосымша байланыстары болғандықтан онымен екі жақты байланыс жасайды.
Келесі терминдерге анықтама беріңіз:
парез, - Әлсіреу босаңсу
плегия, - Сал болып қалу
гемипарез, - бір жақты әлсіздік
параплегия, - 2 қол немесе 2 аяқ сал болып қалуы
тетраплегия, - қол аяқ сал болып қалуы
монопарез, - 1 қол немесе 1 аяқтың әдсізденуі
гипотрофия, - көректің жетіспеушілігі
гиперрефлексия, - рефлекстің қозуы
гипертонус, - нерв талшықтарының қозғыштығының артуы
гипо-атрофия,
клонус, - жылдам және ырғақты қозғалыстан булшық еттің немесе топ булшық еттің тырыспалы қысқаруы
арефлексия. - рефлекстің мулдем болмауы
Көз
қозғаушы нерв ядролары және
иннервациялайтынаймақтары
Көзқозғаушы
нервтің қызметі және зақымдану
симптомдары
