- •Сезім және оның түрлері.
- •Беткей сезім дегеніміз не және оның зақымдану симптомдары.
- •Меншікті сезім және оның зақымдану симптомдары.
- •Ауырсыну және температура сезімінің өткізбе жолдарын сызыңыз.
- •Жұлын деңгейіндегі меншікті сезімнің орналасуы.
- •Стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сСезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
- •16. Пирамида жүйесінің орталық және шеткері перифериялық нейроны.
- •17. Tractus cortıco-spınalıs сызыңыз
- •18.Tractus cortıco-nuclearıs сызыңыз.
- •19. Орталық және шеткілік салдарының белгілері.
- •1,Үш тармақты нерв: Зақымдану симптоматикасы- Зельдер аймақтары бойынша.
- •3,Бет нерві: анатомиясы-ядролары, негізгі қызметі
- •4,Бет нервісінің тармақтары, иннервациялайтын бұлшықеттері, қызметі
- •40Бет нерві (VII)
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •46Кезбе нерв (X)
- •2. Сырқатқа жаңылтпаш иемесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
- •49Қосымша нерв (XI)
- •50 Қосымша нервтін зақымдануы
Стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сСезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады.
Дискриминациялык сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында щкала сызықшалары бар қарғаша бекітілген Вебер циркулін пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі циркуль қадамы 8-10 м болса кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып оның ұшы-мен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашықтығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадағы өлшем мөлшері жазылып алынады. Әдетте сау адам циркуль қадамын саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайды, немесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды.
Екі өлшемді-кеністікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.
Стереогаостикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді.
ипау арқылы ажырата білу.
15 сұрақ жауабы
16. Пирамида жүйесінің орталық және шеткері перифериялық нейроны.
Шартты қимыл жасау үшін ми қыртысының алдынғы орталық иірімінен және орталық алды бөлігінен импульс жұлынның алдынғы мүйізіне жетіп, одан әрі алдыңғы түбір арқылы, өрімнің қимылға жауапты бөлігімен нерв арқылы бұлшық етке жетеді. Қыртыс-бұлшықет жолы 2 нейроннан тұрады: орталық және периферикалық. Орталық нейрон денесі мандай бөліктін алдыңғы орталық иірімінің 5-ші қабатындағы Бецтың үлкен пирамида жасушаларында орналасқан. Пирамида жолы деп аталатын аксон бойымен импульс ішкі капсуланың артқы саны, ми аяақшасы, варолиев көпірі, сопақша ми арқылы өтеді. Сопқша ми мен жұлын шекарасында пирамида жолының (80%) қарсы жаққа өтіп, жұлынның бүйір бағанына кіріп әрбір сегмент деңгейінде ( 31-32 сегмент бар) жұлынның алдынғы мүйізінде орналасқан перифериялық нейронмен синаптикалық байланыс түзеді. Содан кейін алдыңғы түбір құрамындағы аксон бойымен өрім мен нервтың қимылға жауапты бөлігі арқылы бұлшықетке беріледі. Егерде қимыл-қозғалысқа аяқ,дене бұлшықеттері қатысса, импульс қыртысты-спиналды(пирамидалы) жол арқылы жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан 2-ші нейрон денесіне бағыталады. Егерде қимыл-қозғалысқа көмей, жұтқыншақ, бет, тіл бұлшықеттері және шайнайтын, көз қимылдатын бұлшықеттер қатысса импульс кортико-ядролы жол құрамында бмн сай қимылдататын ядроларға беріледі, онда периферикалық нейрон денесі орналасқан, ары қарай импульс қимылдатқыш түбір мен нерв арқылы бұлшық етке жетеді.
