Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
неврология блок толық емес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать
  1. Сезім және оның түрлері.

Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті. Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса, екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену – мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам – кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға » келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым – қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Сезімталдық түрлері - Дәрігерлік тәжірибеде жалпы сезімділікті экстерорецептивті (үстірт), проприрецептивті (терең) және интерорецептивті сезімділіктер деп жіктеуге болады.

  • беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді

  • терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі

  • интероцептивті – хемо- және барорецепция

Арнайы сезімталдық

  • көру

  • есту

  • иіс сезу

  • дәм сезу

Экстерорецептивті (үстірт) сезімталдық контактрецепторлар (ауырсыну, температура, жанасу) және дистантрецепторлар (иіс, есту және көру) қамтамасыз етеді. 

Проприорецептивті сезімділікке бұлшық ет, буын, діріл, қысу, салмақ және кинестетикалық сезімдер жатады. 

Интерорецептивті сезімталдық ішкі ағзалар мен қан тамырларынан келетін импульстардың сезінілуін іске асырады.

  1. Беткей сезім дегеніміз не және оның зақымдану симптомдары.

  2. Меншікті сезім және оның зақымдану симптомдары.

Беткей сезімталдық - Келген импулс бірінші жұлын ганглиіне барады, мұнда бірінші нейрон орналасқан. Оның аксондары жұлынның сұр заты арқылы оған еніпжұлынның артқы мүйізіне келеді, мұнда екінші нейрон орналасқан. Екінші нейронның аксондары қиғаш бұрылыс жасап қарсы бетке өтіп жоғары көтеріледі, сопақша мидан өтіп көру төмпешігіне жетеді.Мұнда үшінші нейрон орналасқан. Одан әрі ми қыртысына барады.

Терең сезімталдық - мұндада бірінші нейрон жұлын ганглиінде орналасқан. Оның аксондары жұлынның артқы мүйізіне жетпей жұлынның артқы діңгегіне қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған талшықтар Голль ж/е Бурдах шумақтарына бөлінеді.Голль аяқ пен дененің төменгі бөлігінің импулстарын алып жүреді. Бурдақ дененінің жоғ бөлігінінің импульс алып жүреді. Олар төменгі олива денгейінде айқасады, мұнда екінші нейрон орналасады. Екінші нейронның аксондары қарсы бетке өтіп жоғары көтеріліп көру төмпешігінің ішкі ядросында аякталады. Мұнда көру төмпешігінінің артқы ядросында үшінші неврон клеткалар орналасады.

Симптомдар - Лассег симтомы-шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жаткан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шонданай нерві бойымен сыздап ауырады.Нери симптомы- шалқасынан жаткан сырқаттың басын дәрігер қолымен иіп қозғаса бел сегіз көз тұсы сырқырап ауырады. Штрюмпель- Маскевич симптомы-етпетінен жатқан науқасты аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді. Вассерман сим-етпетінен жатқан науқастың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауырсыну білінеді.Сикар симптомы-аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нервінің ауырсыну.Бонн сим-аяқтың жамбас сан ж/е тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында ж/е шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді. Турын симп-аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созғанда балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.

Синдромдар - Мононевриттік синдром-сыртқы нервтің жекелеген біреуінің зақымдануы. Полиневриттік синд-сыртқы нервтердің ең тысқары ұштарының зақымдануы нәтижесінде қол мен аяқтың төменгі тұстары шыдатпай қақсау н/е жансыздануы. Өрімдік синдром-нерв өрімдерінің зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзылыуы. Түбірлік синдр-жұлынның артқы түбіршіктерінің зақымдануы арқылы сезімталдықтың бұзылуы. Сегменттік артқы мүйіз синдр-жұлынның сұр затының артқы мүйізі зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзылуы. Коммисуральдық сегменттік синдром-жұлын сұр затының тұтасқан жерінің алдыңғы жағы ,яғни ауырсыну мен ыстық суық сезімталдығын өткізетін жолдың көру төмпешігіне дейінгі аралығының айқасқан тұсы зақымдануы. Өткізгіш жұлын синдр-жұлынның көлденеңнен немесе бүйір ж/е артқы бағаналары зақымданғанда кездесетін сезімталдықтың бұзылуы. Броун Секар синдромы-жұлынның көлденеңінен жартылай зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы.Ми бағаны синдр-ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы.Көру төмпешігі синд-көру төмпешігі зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы.Капсулдық синдр-мидың ішкі капсуласының артқы бөлімінің зақымдануы кезінде кездесетін сезімталдық өзгерістер. Ми қыртысы синдр-ми жарты шары қыртысындағы артқы сара ирелеңмен жоғары төбе бөлігі зақымданған кезде пайда болатын сезімталдық ауытқуы.