- •37.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •41.Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган кімге тікелей бағынышты және есептілігінде? қр Президенті
- •45. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші:
- •54.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •55.Еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіз бола ала ма?
- •73.Мемлекеттік қызметшінің қызметі қалай төленеді?
- •74.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап неше күн ішінде шектеулерді жазбаша нысанда тіркейді?
- •84.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
- •85.Лауазымды адам дегеніміз кім?
73.Мемлекеттік қызметшінің қызметі қалай төленеді?
Жергілікті және республикалық бюджеттен, не болмаса Ұлттық банк қаражатынан
74.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап неше күн ішінде шектеулерді жазбаша нысанда тіркейді?
Отыз күнтізбелік күн
75.«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік лауазымның негізгі түрлері: Саяси және әкімшілік
76.Мемлекеттік лауазымдардың санаттары кімдер үшін белгіленеді? Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін
77.Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесін қайсылар құрайды? Уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер
78.«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық орын ауыстыру және кәсіптік даму кезеңдерін анықтауға бағдарланған үрдіс:
Мансаптық жоспарлау
79.Егер адам өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап неше күн ішінде ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы?
30 күнтізбелік күн
80.Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн аттестаттаудың терiс нәтижелерi негіз бола ала ма?
Иә, негіз бола алады
81.Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге:
Мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес және бос орынның болуына қарай мемлекеттік лауазым ұсынады
82.Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгілене ме? Белгіленбейді
83.Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында не жүргізіледі?
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау
84.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?
Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару
85.Лауазымды адам дегеніміз кім?
Билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам
86.Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн кім жауап бередi? Осы өкiмдi растаған басшы
87.Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда мемлекеттік органдағы қызметтен босауға құқығы бар ма?
Қызметтен босауға құқылы
88.«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заң келесіні анықтайды:
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын
89.Мемлекеттік органның штаттық саны қысқарған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге жәрдемақы қай кезде төленеді?
Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде
90.Мемлекеттiк қызметші өзi қызмет iстейтiн мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiлі болуға құқылы ма?
Құқығы жоқ
91.Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіз бола ала ма?
Негіз болады
92.Саяси мемлекеттік қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс пе?
Тиіс
93.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем:
Бонус
94.Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi оны орындауға мiндеттi ме?
Егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, міндетті
95.Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда сынақ мерзімі қандай мерзімге ұзартылады? Үш ай
96.Бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету немесе қызметтен шығару жөніндегі шешімдерді қабылдауға не негіз болып табылады?
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың нәтижелері
97.Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасына қандай жағдай жасалады?
Үш орташа жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi
