Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік ызмет туралы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.29 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

1.Мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара ала ма?

ҚР Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқара алмайды.

2.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер неше рет біліктілігін арттырудан өтеді?

Үш жылда бір реттен кем емес

3.Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарайтын, оның ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін комиссия:

Уәкілетті комиссия

4.Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi:

ҚР заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметші

5.Еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негіз бола ала ма?

Иә, негіз бола алады

6.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары дегеніміз не?

Мемлекеттің қызметшілердің біліктілігін арттыру

7.Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін кім белгілейді? ҚР Президент

8.Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн кім жауап бередi?

Осы өкiмдi растаған басшы

9.Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган кімге тікелей бағынышты және есептілігінде? ҚР Президенті

10.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?

Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару

11.Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші:

Тәлімгер

12.Лауазымды адам дегеніміз кім?

Билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам

13.Мемлекеттiк қызметшiнiң коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқығы бар ма?

Бар, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiретiн болса

14.Мемлекеттік қызметке кімдер қабылдана алады?

Дұрыс жауап жоқ

15.Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде:

Саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды

16.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақтала отырып, басқа мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде және өзге де ұйымдарда мемлекеттік лауазымдарға орналасуы: Іссапарға бару

17.Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда бiржолғы жәрдемақы төленедi:

Мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, бұл орайда жәрдемақының мөлшерi «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңында белгiленгеннен төмен болмауы керек

18.Отставка дегенiмiз:

Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады

19.Мемлекеттік қызметші атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда қалай хабарлауға тиiс?

Жазбаша нысанда

20.Мемлекеттік лауазымдардың санаттары кімдер үшін белгіленеді? Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін

21.Мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін атқару барысында нені басшылыққа алады:

Заңнама талаптарын

22.Мемлекеттік органдарда саяси партиялар құруға бола ма?

Болмайды

23.Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті өткеру уақытына коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті ме? Міндетті, қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде

24.«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган не өткізеді?

Сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс

25«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын кім бекітеді?

ҚР Президентi

26.Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi негіз бола ма?

Иә

27.Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін кім белгілейді?

ҚР Президенті

28.«Б» корпусына жататын лауазымдар:

«А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар

29.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап неше күн ішінде шектеулерді жазбаша нысанда тіркейді?

Отыз күнтізбелік күн

30. Мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актісі шыққанға дейін азамат персоналды басқару қызметіне нені тапсырғаны туралы анықтама ұсынуға міндетті?

Кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларация

31.Мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін атқару барысында нені басшылыққа алады:

Заңнама талаптарын

32.Мемлекеттiк қызметшінің өкiлдi органдардың депутаты болуға құқығы бар ма?

Құқығы жоқ

33.Тағайындалуы, босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызметшi:

Мемлекеттiк саяси қызметшi

34.Адамды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау кезінде онымен:

Еңбек шарты жасалады

35.Нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы: Құзыреттер

36.Мемлекеттiк қызметке қандай адам қабылданбайды?

Мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кері әсерін тигізетін тәртіптік бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамды

37.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?

Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару

38.Мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша не өткізіледі?

Тағылымдама

39.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақтала отырып, басқа мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде және өзге де ұйымдарда мемлекеттік лауазымдарға орналасуы:

Іссапарға бару

40.«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін не құрылады?

Мансаптық жоспар

41.Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті орган кімге тікелей бағынышты және есептілігінде? қр Президенті

42.Мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актісі шыққанға дейін азамат персоналды басқару қызметіне нені тапсырғаны туралы анықтама ұсынуға міндетті?

Кірістер және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларатциялар

43«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қашан қабылданды?

2015 жылдың 23 қарашасында

44«Б» корпусының бос немесе уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ төменгі лауазым болып табылмайтын өзге де бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін не өткізіледі?

Жалпы конкурс

45. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші:

Тәлімгер

47.Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мына қағидаттарға негізделмейді:

Заңсыздық

48.Мемлекеттік қызметшілердің қосымша кәсіби білім алуына арналған оқу курстары дегеніміз не? Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау

49.«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос немесе уақытша бос лауазымға конкурстың түрлері: Азаматтар арасында жалпы конкурс және мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс

50.Мемлекеттік қызметшілер ант беруге міндетті ме?

Барлық мемлекеттік қызметшілер міндетті

51.Қандай лауазымға орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді?

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына

52.Мемлекеттік қызмет істері бойынша өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдері қандай нысанда рәсімделеді? Бұйрық

53.Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге:

Мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес және бос орынның болуына қарай мемлекеттік лауазым ұсынады

54.Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жаза түрлері қолданылады?

Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару