- •Балалардың тілді қабылдау ерекшеліктері
- •Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі туралы түсінік
- •Тіл дамытудың негізгі міндеттері
- •Сөздік қорды дамыту
- •Сөздік қор туралы түсінік.
- •Балаларды көркем сөзге мәтінді мәнерлеп айтқызу арқылы баулу
- •Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
- •1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету
- •Балаларға тілдің үштұғырлығын үйрету әдістемесі
- •Заттық-дамытушы орта тілдік кеңістікке ену үшін:
- •Сөздікті дамыту
- •Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:
- •Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:
- •Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшеліктері
- •Сөздік жұмысы – тіл дамутыдың құралы
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
Қандай да көркем мәтін мазмұны дыбыстау нормаларын сақтамай оқылғанда толық, түсінікті қабылданбайды. Балаларды тәрбиелеушілер мен мұғалімдер тарапынан, тіпті баланы еркелету мақсатында дыбыстарды бұзып айтатын үлкендер тарапынан сақталмауы дыбыстық тәрбиеге кері ықпалын тигізіп, бала тілінің сөз ішінде, сөз тіркесі арасында және тіркесаралық дыбыстарды айтуда қателер жіберуге әкеледі. Мектеп жасына дейінгілердің дауыс аппараттарын жолға қою отбасында, балабақшада алдымен көзделуі тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін дыбыстарды анық айтқызуға бағытталған қарапайым артикуляциялық жаттығулар қолданылады. Сөз дыбыстарын дұрыс артикуляциялауға үйрету, яғни дикцияны қалыптастыру жұмысы сөздің дыбысталуындағы қиындықтарға орай «ерте онтогенез», «орташа онтогенез», «кейінгі онтогенез» делініп келетін [45] дыбыс түрлерімен тіл жаттықтыру жаттығуларынан тұрады. Ерте онтогенез дыбыстарына а, ә, о, ө, ы, і дауысты дыбыстары, м, б, п, б, д, и, г, ғ, к, қ, х, ц, с, з дауыссыз дыбыстары; орташа онтогенз дыбыстарына ұ, ү, у; меңгерілген дауыссыздарды қатаң-ұяңға жіктеу, дауыстыларды үндендіру жатады; кейінгі онтогенез дыбыстарға тілдің алдының көтерілуін қажет ететін р, с, ш, н, ң, ж, щ дыбыстары есепке алынады.Алғашқы қатардағы дыбыстарды еліктеу әдісі арқылы 2-3 жастағы балалармен жүргізу керек. Қазақ тілін үйретуде 3 жастағы балаларға ерте онтогенез дыбыстардан тұратын сөздер беріледі. Атап айтқанда, апа, бала, ойыншық, тәте, машина, доп, текше, әже, ата,қыз, ат, қой, ешкі, қоян, т.б. сөздері беріледі. Бұл дыбыстар ашық, анық айтылу үшін фонетикалық жаттықтырулар мен жаңылтпаштар, кіші-гірім ойын өлеңдерді қайталатып айтқызумен басталып, екінші кезекте кейінгі жылдарға дейін, қалған онтогенез деңгейлері бойы осы әдістер жалғастырыла береді. Осы әр түрлі онтогенездік деңгейлері қазақ тілін енді үйрене бастаған балаларда аралас келеді. Бағдарламалық жүйе бойынша сөздер мен тіркестерде айтылуы қиындық тудыратын дыбыстардың аралас берілуі, қазақ тілінің жоғары топтарда ғана үйретіле бастауы балалармен барлық дыбыстарды нормаға сай айтуға арнайы фонологиялық жаттықтыруды көздейді.Мысалы, орташа онтогенез дыбыстардан тұратын мұғалім, қыз бала, ұл бала, үлкен ата, үлкен шар, құлақ, , аяқ, қол, қыз, күн, бұзау, түйе, күз, т.б, кейінгі онтогенез дыбыстарға тәрбиеші, аспаз, меңгеруші, маңдай, мұрын , қас, кірпік, бет-аузың, маңдайың делініп сөйлеуде, өлең-тақпақтарда берілетін айтылуы қиындық туғызатын дыбыстар тіркесі түрліше фонетикалық ойындар
арқылы бекітіледі.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету
Тіл дыбыстарына жаттықтыру жұмысы қазақ тілі сабағының бір бөлігі
ретінде жиі ұйымдастырылып тұрады. Ол сабақ мазмұнына және сол сабақта үйретілетін жаңа сөздің дыбыстық ерекшелігіне қарай жоспарланады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуде балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеуді көздейтін басты үш міндет жүзеге асырылады.
Бірінші міндет – баланың дыбыстарды дұрыс естуін қалыптастыру.Екінші міндет – әрбір жаңа дыбыстың жасалу орнын байқатып, түсіндіру. Тіл үйретуші еріннің, тістің, көмейдің, тілдің қатысуымен жасалатын дыбыстарды өзінің артикуляциялық аппаратымен таныстыру арқылы немесе кестеден көрсетеді, бірнеше рет балалардың өздеріне айтқызып жаттықтырады.Үшінші міндет – дыбыстық мәдениетке жаттықтырудың практикалық тәсілдерін қолдану. Әр дыбысқа лайықталған арнайы фонетикалық жаттығуларды, ойындарды буында, сөз ішінде, сөз тіркесінде алып ұйымдастыру.Балабақша тәрбиешілері мен сәбилермен сабақ жүргізетін қазақ тілі мұғалімдері баланы қазақ тіл мәдениетіне бейімдеуі үшін орыс және қазақ тілдеріндегі артикуляциялық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жақсы білулері керек. Қазақ алфавитіне орыс тілінде бар 33 әріп және қазақ тіліне тән 9 әріп енгізілген. Олар ә, ө, і, қ, ғ, қ, һ, ұ, ү әріптері. Дыбысталуы жағынан бұл әріптерге ұқсас сыңарлары орыс тілінде де бар, екі тілдегі ы дыбысының айтылу ерекшелігінде айырмашылық бар.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі
Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
