Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл дамыту срочно.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.65 Кб
Скачать

Сөздік қорды дамыту

«1-1,5 жас аралығында баланың сөздік қоры 30-40 шамасында болады. Екі жасқа аяқ басқанда, Абай атамыз айтқандай, жылтыраған, шықылдаған ойыншықтарға, заттарға көңіл аударып, зат, ойыншық аттарын өздігінен атай бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап, есімдіктермен мынау, анау, мен, сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б., домалақ, ұзын, әдемі, жаман, т.б. жаңа да талпынып айта бастаған сөздерінде дыбыстық, грамматикалық қателер жібереді. Бұл кезеңдегі қателерге назар аударылмай, баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек. Қойылған сұраққа сәбидің бірден жауап беруге талаптануы осы кезде баламен сөздік жұмысын суреттер арқылы да дамытуын қажет етеді, бала сөздігі 300-400-ге жетеді. Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге (Мынау менің... Маған қарашы көзім қандай, қолым қандай?), өзінің жақсы көретін ойыншықтары, үй жануарлары, олардың төлдері жайлы жақсы көру сөздерін сезім білдіре айтуды («Бөпені уату», «Қуырмаш» ермек тақпақтар) ұнатады. Ана тілін сезіммен қабылдау, өзге тілдің құрылымдық ерекшеліктерін, айтылу әуезін сезіну, оны қабылдау дағдыларының қалыптасуы 2,5-3 жас аралығында айқын көрініс береді. 4-5 сөзден тұратын сәби сұрақтарын бұл кезде жауапсыз қалдырмау керек. Сәбилермен сөйлесе бастау кезеңі 3 жаста оның диалогты сөйлеу тілі негіздерін құрайды» [26].2-3 жастағы сәбилерге тән психологиялық табиғи ерекшеліктерді ескеріп, ата-аналар, педагогтер қауымы сөздік—альбомды, «Тілашарды» [27] дұрыс пайдаланса, сәби тілінің белсенді сөз қоры арта түспек. «Суреттi сөздiкте» берілген суреттер баланың жақыннан танитын ойыншықтары, заттары; көшеде, аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-жансыз қарекет иелерін аңғарта таныстыратын, өз елінің ерекше тұрмыстық ерекшеліктерін білдіретін тақырыптарды қамтыды. Екі жастағы бала тәрбиешіні тыңдайды да, жаңа сөздерін іштей, не бірлесе қайталай қабылдап, ойыншықпен ойнайды. Кейін өзі ойыншыққа жақындап бұл сөздерді өзі қайталауға талпынады. Ойнау кезінде бала ол сөздердің жалпы мағынасын (мысалы, жүн, жұмсақ) ұғады, бұл сөздер, иттың ғана емес, әтештің, аттың тағы басқа жануар, хайуанат, құстардағы терінің түгінде кездесетінін түсінетін болады. Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап егеді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардын сапасын, қимылын атайды.

Мұнда да тәрбиешінің баламен дұрыс сөйлесуі, интонациямен бала игеретін жаңа сөздерді бөліп айтуы үлкен рөл атқарады.Балалар кейбір түсінбей қалған сөздерін, ауыр тиетін грамматикалық формаларды меңгеруі, толық мағлұмат алуы арнайы сөздік қорды дамыту сабақтарында жүзеге асырылады.194 жасқа қараған бала әрекетінде тілді, сөйлеуді меңгеруде мазмұндық және құрылымдық-формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың осы кезеңде өздігінен сөз шығарғыштық белсенділігі басым болуына байланысты оларға сөздің мағыналық және формалық құрылысы туралы нақты білім берілу көзделеді. Заттарды жеке-жеке аталымдарымен қоса, жалпы аталымы болатыны кей сөздердің дерексіз, белгісіз нысандарды да белгілі бір сөздермен берілетіні балаға біртіндеп түсіндіріледі. Осындай жас ерекшеліктеріне қарай тіл жетілісін ескеріп, балалармен сөздік жұмысын жүргізу әдістерін білу керек.