Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практ адист нускау гы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

2. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.

Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

Психолог балалармен жұмыс істей отырып, ол балалардың типологиялық ерекшеліктері мен жасын білу қажет және онтогенездегі жеке тұлғаның динамикалық дамуы туралы мағлұматтары болуы керек. Оған жұмыс үстінде әртүрлі даму деңгейдегі мінез-құлықтарының, ақыл-ойының, оқушылармен қарым-қаты-насының ауытқуларымен кездеседі және ол оның шығу себептерінің психологиясымен таныс болуы өте маңызды. Баланың дамуы көбінесе жанұясының тәрбиесіне байланысты болғандықтан, психологқа жанұясының тәрбиесін білуі қажет. Балаға көмектесу үшін біріншіден баланың жөнделем деген пиғылы болуы керек, яғни өзінің танымдылығын, өзіндік оқуын, тәрбиесін түзеткісі келу.

3.Бақылау сұрақтары:

1. Гуманитарлық білімдер жүйесімен байланыста психология ғылымының дамуы.

2. Психологияның қоғам дамуымен байланыста дамуы.

3. Ғылыми-зерттеудегі психология мен педагогиканың өзара бірлігі.

4. Психологис мен әлеуметтанудың арасындағы ғылыми бірлестік.

5. Психология және халықтың тәлім – тәрбиелік дәстүрлерінің арасындағы сабақтастық.

4.Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

  1. Бағыттар тақырыбы бойынша конспект жазу.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған:

  • Реферат

  • Сұхбат

  • Дөңгелек үстел өткізу (білімгерюің біліктілігін арттыру мақсатында).

5. Үй тапсырмасы:

  1. 1. Психологиядағы интеграциялық үрдістердің күшейюі;

  2. Психологиядағы ғылыми – зерттеудің деңгейлері: фундаментальді зерттеу, қолданбалы зерттеу, жасаушы зерттеу.

6.Әдебиеттер тізімі:

  1. Прихожан А.М. Психологической справочник или Как обрести уверенность в себе

Москва 1994

  1. Доспулов Г.Т. Психология предварительного расследования. - Алматы, 2000

6,7 Практикалық сабақ: Ғылыми-зерттеу тақырыбын дәйектеу тақырыптары анықтау бойынша талдау жүргізу.

1.Сабақ жоспары:

1.Зерттеудің түсініктемелік аппараты.

2.Психология саласындағы зерттеу проблемасының өзектілігін анықтау талаптары.

3.Зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымы және мазмұны.

4.Зерттеудің ғылыми аппараты мазмұнының өзара логикалық байланысы.

2. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет. 

3.Бақылау сұрақтары:

1. Зерттеудің түсініктемелік аппараты.

2.Психология саласындағы зерттеу проблемасының өзектілігін анықтау талаптары.

4.Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

  1. Бағыттар тақырыбы бойынша конспект жазу.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған:

  • Реферат

  • Өзіндік жұмыс.

5. Үй тапсырмасы:

1. Қазақ ғалымдарының психология бойынша еңбектері.

2. М.Жұмабаевтың қазақтың педагогикалық психологиясының негізін салудағы үлесі. 6.Әдебиеттер тізімі:

1. Аймауытов Ж. Психология. Алматы: Рауан, 1995

2. Жарькбаев К,. Б. Ж.Аймауытулынын психологиялы козкарастары. Алматы, Бiлiм, 2000

8,9 Практикалық сабақ: Зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың бағыттары мен тәсілдері.

1.Сабақ жоспары:

1.Зерттеу проблемасының пайда болуына ықпал ететін факторлар.

2.Зерттеу проблемасының өзектілігін ғылыми дәйектеуде әдіснамалық ізденістің маңызы.

3. Зерттеудің ғылыми аппараты және оның құрылымы.

4.Зерттеу үрдісінде қалыптасқан ғылыми білім мен тәжірибелер түрлері.

5.Зерттеу жолдарын құруға қойылатын талаптар.

1. М.Жұмабаевтың педагогика және педагогикалық психология бойынша еңбектері.

2. М.Жұмабаевтың қазақтың педагогикалық психологиясының негізін салудағы үлесі

2. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар талдамалар жатады.

3.Бақылау сұрақтары:

1. Зерттеу проблемасының пайда болуына ықпал ететін факторларды ата.

2.Зерттеу проблемасының өзектілігін ғылыми дәйектеудің маңызы.

3. Зерттеудің ғылыми аппараты және оның құрылымы.

4.Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

  1. Бағыттар тақырыбы бойынша конспект жазу.

2. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған:

  • Өзіндік жұмыс.

3. Дөңгелек үстел өткізу (білімгердің біліктілігін арттыру мақсатында).

5. Үй тапсырмасы:

1. Психологиялық алдын алу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

2.Әлеуметтік психологиялық алдын алу жұмыстары

6.Әдебиеттер тізімі:

1. Пауэлл Т.Психотренинг по методу Хосе Сольви Петербург, 1995

2.Жарьқбаев К,., Калиев С. Казақ ғылым-тәрбиесi. Алматы, 1999

3. Прихожан А.М. Психологической справочник или Как обрести уверенность в себе

Москва 1994

10,11 Практикалық сабақ: Ғылыми-зерттеу аппаратының мазмұндық жүйесі.

1.Сабақ жоспары:

1. Зерттеу мақсаты мен міндеттерінің өзара мәндік үйлесімі.

2.Зерттеу нысанасы мен пәнін айқындаудың ерекшелігі.

3. Зерттеудің ғылыми болжамы мен жетекші

идеясының ғылыми теориямен байланыстылығы.

4.Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен ғылыми болжам арасындағы сәйкестік.

5.Зерттеудің кезендерінің айқындалуы және кезендер мазмұнын белгілеу.

6.Зерттеу нәтижелерінің сапалық, сандық көрсеткіштерін кестелеуге қойылатын талаптар.