- •Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы жалпы иммунология пәні
- •051301 – «Жалпы медицина» 3-курс
- •1. Тақырып: Лейкоциттік формула, лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу. Лейкограмманы сараптау. Клиникада иммунитеттің т- және в-жүйелерін бағалаудың зертханалық әдістері
- •3. Оқыту мақсаты.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау сұрақтары
- •Лейкоциттік формуланы, лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу лейкограмманы сараптау клиникада иммунитеттің т- және в-жүйелерін бағалаудың зертханалық әдістері
Ф-ОБ-012-016
Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
№1 Медицина факультеті
Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы жалпы иммунология пәні
САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ №7
Тақырып: Лейкоциттік формула, лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу. Лейкограмманы сараптау. Клиникада иммунитеттің Т- және В-жүйелерін бағалаудың зертханалық әдістері
051301 – «Жалпы медицина» 3-курс
Құрастырған: м.ғ.к., доцент м.а. А.С.Бабаева
2012 жыл
Кафедра мәжілісінде талқыланған
№___ хаттамасы ______2012 жыл
Кафедра меңгерушісімен бекітілген
М.ғ.к, доцент м.а. Бабаева А.С.
______________
1. Тақырып: Лейкоциттік формула, лимфоциттердің абсолюттік және салыстырмалы санын есептеу. Лейкограмманы сараптау. Клиникада иммунитеттің т- және в-жүйелерін бағалаудың зертханалық әдістері
2. Мақсаты: қалыпты және патология жағдайларында қанның лейкоциттік құрамының сандық және сапалық көрсеткіштері мен өзгерістерін түсіндіру, Т- және В-лимфоциттердің бағалаудың деңгейлері мен әдістері туралы білім беру.
3. Оқыту мақсаты.
Студент білуге тиіс:
адамның иммундық статусы туралы түсінік
дәрігер-иммунологқа қаралу себептері
лейкоциттік формула туралы түсінік, анықтау әдісі
лейкоциттік формуланың қалыпты көрсеткіштері
лекоциттердің (лимфоциттер, моноциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер) көрсеткіштерінің өзгеру себептері
лейкограмманы сараптау ережелері
иммунитеттің Т- және В-жүйелерін бағалау деңгейлерінің сынамалары мен әдістері
Студент істей алуға тиіс:
адамның иммундық статусын анықтау үшін себептерін анықтау;
қандағы лейкоциттердің пайыздық және сандық қатынастарын анықтау, талдау және түсіндіру;
лейкоциттік жасушалардың (лимфоциттер, моноциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер) жасқа байланысты қалыпты деңгейлерін анықтау;
лейкоциттік жасушалардың көрсеткіштерінің жоғарылауының немесе төмендеуінің себептерін түсіндіру;
Т-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының санын есептеуді жүргізу;
В-лимфоциттердің және иммуноглобулиндердің санын есептеуді жүргізу;
лимфоциттердің сапалық көрсеткіштерін анықтауды жүргізу;
ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Адамның иммундық статусы дегеніміз не?
Иммундық статусты анықтау себептері қандай?
Лейкоциттік формула, оның көрсеткіштері
Лейкоциттік формула анықтау қалай жүргізіледі және қандай аспаптар қолданылады?
Қалыпты лейкоциттік формуланың көрсеткіштері қандай?
Лейкоциттердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Нейтрофилдердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Эозинофилдердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Базофилдердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Лимфоциттердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Моноциттердің жасқа байланысты көрсеткіштері және өзгеру себептері
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың 1-дейгейдегі сынамалары
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың 2-дейгейдегі сынамалары
Иммунитеттің Т-жүйесін бағалаудың әдістері
Т-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының шеткі қандағы қалыпты көрсеткіштері қандай?
Розетка түзу сынамасы қалай жүргізіледі
Т-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының санын, белсенді Т-лимфоциттерді анықтау қалай жүргізіледі?
Лейкоциттердің миграцициялануын тежеу реакциясы
Иммунитеттің В-жүйесін бағалаудың 1-дейгейдегі сынамалары
Иммунитеттің В-жүйесін бағалаудың 2-дейгейдегі сынамалары
Иммунитеттің В-жүйесін бағалаудың әдістері
ЕАК-розетка түзі реакциясы
Радиалді иммунодиффузия әдісі
Антиденелердің құрамын анықтау әдісі
Эритроциттерге қарсы антиденелерді анықтау реакциясы (Кумбс реакциясы)
Иммундық комплекстерді анықтау
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмысты орындау (зертхана құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу, науқастардың иммундық статусына баға беретін лабораториялық тесттерді қою /немесе олардың нәтижелерін түсіндіру; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің олардың субпопуляцияларының абсолюттік салыстырмалы санын анықтау; лейкограмма иммунограмманы түсіндіру); оқытушымен бірге теориялық материалды талдау; оқу әдебиетімен жұмыс, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестелерді толтыру сызбаларды сызу, т.б.); тест жүргізу; ауызша сұрау; ситуациялық тапсырмаларды орындау; шағын топтарда жұмыс, ситуацияны моделдеу.
