Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жедел жәрдем шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.13 Кб
Скачать

Толық сынық түрлері

көлденең сыну сызығы - сүйек ұзындығына көлденең келеді. . Түтікті сүйектерде,қысқа сүйектерде, тізе тобығы,өкше сүйегі және т.б. кездеседі.

қиғаш сыну сызығы - сүйек ұзындығына көлденең болады.Аяқ -қолдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі.

бойлық сыну сызығы - сүйек ұзындығына параллель, көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында

бұранда тәрізді сыну сызығы - бұранда тәрізді сызық түрінде

Аралас сыну - сызықтарынығ бірнешеуі Т тәрізді, Ш тәрізді, сына тәрізді сыну сызығы.Көбіне ішкі және буын айналасы сүйектернінің сынуында кездеседі.

Шаншылған сүйек сынығы - басқа сүйекке еніп, шаншылып кетеді.

Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекеленген және көптеген, жарықшақты болады.

Сынық белгілері

- сынған жердің қатты ауыруы

- аяқ-қол функцияларының бұзылуы, толық сынық кезінде анық, ал толық емес сынық кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді.

- аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы, формасының өзгеруі

- зақымданған жердегі қалыпсыз қозғалыстың болуы

- кейде сүйек сықырлауы

- дене қызуының көтерілуі

- бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде, бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық және басқа мүшелердің зақымдану белгілері айқындалады.

Жарақаттық шок ауырлығына қарай 4-ке бөлінеді

1. жеңіл - аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына - 90-110. Жоғарғы артериялық қан қысымы 90-100мм сынап бағанасына тең.

2. орта- аурудың жалпы күйі ауру,бозарған,кейде мазасызданады. Теріні суық тер басады, тамыр соғысы минутына -110-130. Артериялық қан қысымы 70-85 мм сынап бағанасы.

3. ауыр - аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр соғысы минутына -130-160рет. Артериялық қан қысымы 60-70мм сынап бағанасы және одан да төмен болуы мүмкін.

4. ақтық немесе жанталасу жағдайы - естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қан қысымы төмен түсе береді,50мм сынап бағанасынан төмен немес анықталмайды. Тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлімге душар етеді.

Күретамырдан қан кету кезіндегі алғашқы көмек

Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса онда ол күретамырдан қан кету белгісі. Ірі күретамырдан қан кетуі қанды тез жоғалтудан науқас өміріне қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына алып келеді.

Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді. Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады, өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі.Осындай басып тұратын таңба бірнеше стерильденген дәкеден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады.Күретамыр жгутын дұрыс салынғандығы туралы қан тоқтауы,бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы арқылы анықталады.Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырылған грелканы салу қажет.30-40 минуттан кейін суықты 10минутқа алып тастау керек, себебі осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қажет. Егер қан кету аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет.