- •Өлшеу шкалалары
- •1.4 Өлшеу міндеттері
- •1.5 Объектінің математикалық моделі
- •1.6 Өлшеу принциптері мен әдістері
- •2.1 Физикалық шамалар мен олардың бірліктер жүйесі
- •2..2 Физикалық шамалардың бірліктер жүйесін құру принциптері
- •2.3 Өлшем бірліктері туралы түсініктемелер
- •3.2 Қателіктерді бағалау принциптері
- •3.3 Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •3.4 Кездейсоқ қателіктер. Сенімді ықтималдық пен сенімді интервал
- •4.2 Бөгеулердің түрлері
- •Сурет. 4.2 Үздіксіз (1) және уақыт бойынша үздіксіз бен өлшемі бойынша квантталған (2) сигналдар
- •5..2 Өлшеу құралдарының статикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.3 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.4 Қарапайым өлшеу құралдары
- •Сурет 6.1 Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
- •6..2 Өлшеу жүйелері
- •6.3 Өлшеп-есептеу кешендері
- •Сынау сигналдары
- •Сурет 7.1 Шунтты микроамперметрдің схемасы
- •7..2 Айнымалы ток тізбектеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу құралдары
- •7.3 Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу
- •8.2 Сандық өлшеу аспаптары жөнінде жалпы мағлұматтар
- •8.3 Сандық вольтметрлер
- •Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
- •Кедергі термотүрлендіргіштері
- •Термоэлектрлі түрлендіргіштер
- •Сурет 9.2 Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы
- •11.2 Сұйықтар мен газдардың мөлшерін және шығынын өлшеу. Жалпы мағлұматтар
- •Мөлшерді санағыштар
- •Бақылау сұрақтары:
- •12.2 Тұрақты қысым құламасының шығынөлшегіштерінің әрекет принципі
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.2 Ультрадыбысты шығынөлшегіштердің әрекет приципі
- •Сурет 13.2 Фазалы ультрадыбысты шығынөлшегіштің принциптік схемасы
- •13.3 Қатты сусымалы материалдардың шығынын өлшеу
- •Сурет 13.3 Автоматты таразы дозалаушысының принциптік схемасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сұйықтар мен газдардың физика-химиялық қасиетін өлшеу
- •14.3 Газдың құрамын өлшеу
- •14.4 Сұйықтың құрамын өлшеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сурет 15.1 Автоматты газды хроматографиялық талдауыштың схемасы
- •Сурет 15.2 Автоматты хроматографикалық талдауыштың (б) хроматограммасы (а) мен шығыс сигналы
- •15.2 Жүйелі пайдаланудың өлшеу-есептеу (микропроцессорлы) құралдары
- •Бақылау сұрақтары:
6..2 Өлшеу жүйелері
Қазіргі өндірістердің күрделенуі мен ғылыми зерттеулердің дамуы жүздеген және мыңдаған физикалық шамаларды бірмезгілде өлшеу мен бақылау қажеттілігіне алып келді. Адамның үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдап алу мен өңдеу мүмкіншіліктеріне табиғи физиологиялық шектеулері өлшеу жүйелері сияқты осындай ӨЖ тудырудың бір себебі болды. Өлшеу жүйелері – бұл берілген объектіге автоматты басқару жүйесінде автоматты өңдеуге, беруге және (немесе) қолану үшін қолайлы түрдегі физикалық шамалар жөніндегі өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу үшін арналған байланыс каналдарымен бір-бірімен байланысқан өлшеу құралдары, есептеу техника құралдары және көмекші қондырғыларының функционалды түрде біріккен жиынтығы. Оларға мысал болып күрделі өнеркәсіптерде дамыған және қандай да бір бұйымды өндірудің технологиялқ процесін бақылауға арналған жүйелер жатады, мысалы болат, электрэнергия және т. б. өндірістері.
Өлшеу сигналдарының тағайындалуына байланысты өлшеу, бақылау, басқару деп бөледі. Өлшеу каналдарының санына қарай жүйелер бір-. екі-, үш- және көпканалды болып жіктеледі.
Ең маңызды түрі болып ақпаратты-өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып табылады, олар өлшеу ақпараттарын тұтынушыға қажетті етіп беруге арналған. Құру алгоритмдерін ұйымдастыру бойынша жүйелер мына түрге бөлінеді:
жұмыстың алдын ала берілген алгоритмі бойынша, олардың құрылу ережелері өзгермейді, сондықтан олар тек тұрақты режимде жұмыс істейтін объектілерді зерттеу үшін қолданылады;
программалаушы, олардың жұмыс алгоритмі зерттеу объектісінің құрылу шарттарына сәйкес құрылған берілген программа бойынша өзгереді;
адаптивті, олардың жұмыс алгоритмдері, сонымен қатар құрылымдары өлшенетін шамалар мен объектінің жұмыс шарттарының өзгеруіне бейімделе отырып өзгереді.
АӨЖ өндірісін өңдеу әдістерінің ең перспективалы түрі болып унифицирленген, конструктивті аяқталған тораптар немесе блоктарды салыстырмалы шектелген жиынтықтан агрегетты-модульді түрде құру әдісі жатады. Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі еептері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар:
ақпаратты, кіріс пен шығыс сигналдарының түрлері мен номенклатуралары бойынша, информативті параметрлері мен деңгейлері бойынша үйлесімділігін алдын-ала қарастырады;
конструктивті, блоктардың эстетикалық талаптарының, конструктивті параметрлерінің, бірігіп қолданылуы кезіндегі механикалық бірігуінің үйлесімділігімен қамтамасыз етеді;
энергетикалық, блоктар қоректенетін кернеулер мен токтардың үйлесімділігін алдын ала қарастырады;
метрологиялық, блоктардың метрологиялық сипаттамаларының рационалды таңдап алынуы мен мөлшерленуін, өлшеу нәтижелерінің салыстырмаларын, сонымен қатар кіріс пен шығыс тізбектерінің параметрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
эксплуатациялық, яғни блоктардың сенімділігі мен тұрақтылық сипаттамаларының, сонымен қатар сыртқы факторлардың әсерін анықтайтын сипаттамаларының үйлесімділігі.
Жүйенің блоктарының арасындағы байланыс пен олардың үйлесімділігі стандартты интерфейстерге байланысты орнатылады. Интерфейс деп блоктарды бір жүйеге біріктіретін механикалық, электрлі және программалы жиынтықты түсінеміз.
АӨЖ құрылымы едәуір әртүрлі және шешілген есептерге тәуелді.
