Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сss texnolog.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
832 Кб
Скачать

ПОӘК 042-18-12.1.1/03-2013

1 басылым 18.09.2013ж.

74 беттің 74-сі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-12.1.1/03-2013

«WEB-технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

Баспа №1 18.09.2013ж

«Web-технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық және зертханалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы

1. Глоссарий

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

  1. Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені. Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.

  2. URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.

  3. Интернет сөзі   Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері.

  4. ҒТР-сервер деп FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер аталады

  5. Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.

  6. Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:

Дәріс №1. Web-технологияларға кіріспе

  • Web-технологиялар

  • Ерекшеліктері

  • Артықшылыұқтары

Негізі Web, Веб, Internet, Интернет – сөздерін синоним деп те қарастыруға болады.

Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені. Анықтама. Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар. Анықтама2. URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі. Мысал: http://www.yandex.ru/all_services.html URI –ға енеді:

  1. Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).

  2. Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).

  3. Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).

Ерекшеліктері

Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

  • Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет

  • Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер ( браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)

  • Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;

  • ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;

  • публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;

  • іздеу машиналардың белсенді жұмысы (іздеу машиналардың тарихы, рөлі мен қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна);

  • контентті беру мен тираждау тегін.

Артықшылықтары

Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.