- •Клиникалық жағдай №2
- •Клиникалық жағдай №3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Клиникалық жағдай №5
- •Клиникалық жағдай №6
- •Клиникалық жағдай №7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Клиникалық жағдай №9
- •Клиникалық жағдай №10
- •Клиникалық жағдай №11
- •Клиникалық жағдай №12
- •Клиникалық жағдай №13
- •Клиникалық жағдай №14
- •Клиникалық жағдай №15
- •Клиникалық жағдай №16
- •Клиникалық жағдай №17
- •Клиникалық жағдай №18
- •Клиникалық жағдай №19
Клиникалық жағдай №14
Науқас 48 жастағы ер адам. Стоматологқа тілінің бүйір бөліміндегі тағам қабылдағанда және сөйлеген кездегі ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауыру сезімі 10 күн бұрын басталған, шырғанақ майы және шөптер тұнбасымен шайғанда нәтиже болмаған.
Науқас тілдегі ауыру сезімін механикалық жарақатпен байланыстырады (тістеп алған). Азу тістері болмағандықтан шайнау қызметі қиындаған. Науқас 3 жыл бұрын 11,12,13,14,21,22,23,24 тістеріне жасанды сауыт кигізген.
Сыртқы келбетін қарап тексергенде науқас арықтау келген, бетінің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі аласарған. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Еріннің, ауыз қуысының кіреберісі және ауыз қуысының кілегейлі шырышты қабатының түсі қалыпты, дымқыл. Тілдің арқасы сұр қақпен жабылған, бүйір бетінде тістердің ізі қалған. Тілдің сол жақ бетінде кілегейлі шырышты қабатта 35 және 36 тістер тұсында көлемі 0,5х0,5 см эрозия бар. Айналасындағы эпителий бетінде ақ-сұр түстес айқын контурлы қырған кезде алынбайтын бұлынғырланған ошақтар бар.
Сипап тексергенде қатты ауырады. Асты тығыздалмаған. Тістем ортогнатиялық. Қазіргі уақытта асқазан жарасымен гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. 15 жасынан бері шылым шегеді, ащы және ыстық тағамды қабылдайды, алкогольді ішімдіктерді аз мөлшерде ішеді.
Диагноз қойыңыз.Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз. Ем жүргізіңіз.
Клиникалық жағдай №15
Науқас стоматологқа профилактикалық мақсатпен келген. Азу тістерінің болмауынан шайнау қызметі қиындаған. Кейде ауыз қуысында металдың дәмі сезіледі,науқас бұны 3 жыл бұрын 11,12,13,14,21,22,23,24 жасанды тістермен протездеумен байланыстырады. Ауыру сезімі болмағандықтан стоматологқа қаралмаған.
Қарап тексергенде: науқас арықтау келген, бетінің төменгі үштен бір бөлігі аласаруына байланысты бетінің конфигурациясы бұзылған. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Еріннің, ауыз қуысының кіре берісі және ауыз қуысының кілегейлі шырышты қабатының түсі қалыпты, дымқыл. Тілдің арқасы ақ-сұр қақпен жабылған. Бүйір жағында тістердің ізі қалған. Ерін езуінің шырышты қабатының эпителийінде ақ-сұр түсті бұлыңғыр түсті ұшбұрыш пішінді, айқын контурлы ошағы көрінеді. Ошақ көлемі 2,0х2,0 см , қырғанда алынбайды. Сипап тексеру кезінде ошақ негізінде ауыру сезімі жоқ және тығыздығы байқалмайды.
Тістем ортогнатиялық 13,14,23,24 тістері жасанды металл сауытпен қапталған, ал 11,12,21,22 пластмассамен қапталған. Қазіргі уақытта асқазан жарасымен гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. 15 жасынан бері шылым шегеді, ащы және ыстық тағамды жиі қабылдайды.алкогольді ішімдіктерді аз мөлшерде ішеді.
Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз және емдеу тактикасын жүргізіңіз.
Клиникалық жағдай №16
Науқас 56 жастағы әйел адам. Тағам қабылдаған кезде ауыз қуысындағы ауыратын жараларға шағымданып келді. Қарап тексергенде қызыл иектің, жұмсақ таңдайдың, таңдай доғасының көзге көрінетін өзгермеген шырышты қабатында ауыратын, жайылған қызыл түсті жаралар байқалады. Көзге көрінетін өзгермеген шырышты қабық оңай зақымдалады. Аз үйкелу кезінде алынады.
Клиникалық көрінісін толықтырыңыз.Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.
