- •Клиникалық жағдай №2
- •Клиникалық жағдай №3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Клиникалық жағдай №5
- •Клиникалық жағдай №6
- •Клиникалық жағдай №7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Клиникалық жағдай №9
- •Клиникалық жағдай №10
- •Клиникалық жағдай №11
- •Клиникалық жағдай №12
- •Клиникалық жағдай №13
- •Клиникалық жағдай №14
- •Клиникалық жағдай №15
- •Клиникалық жағдай №16
- •Клиникалық жағдай №17
- •Клиникалық жағдай №18
- •Клиникалық жағдай №19
Клиникалық жағдай №10
39 жастағы науқас поликлиникаға тіліндегі күю, шаншу, жыбырлау сезіміне шағымданып келді. Ауық–ауық ауыз қуысы құрғайды. Барлық шағымы кешке қарай күшейеді, тағам қабылдаған кезде ауыру сезімі жоғалады.
Жартылай тістерінің болмауына байланысты тағам шайнауының қиындығын айтты.
Ең алғаш тілдегі күю сезімі үш жыл бұрын стресстік жағдайдан кейін пайда болған.
Дәрігермен сөйлесу кезінде науқас қобалжиды, кірпияз. Тұрақты канцерофобия.
Қарап тексеруде: бетін қорғаштап отырады,беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жақ асты лимфа түйіндері қалыпты, жұмсақ, тілдің бүртіктері ауырмайды.
Жалпы аурулары климакс кезеңі.
Диагноз қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Клиникалық жағдай №11
Науқас 57 жаста, тағам қабылдау кезінде өткір ауыру сезіміне, дұрыстап тісін тазалай алмайтындығына шағымданады. Ең алғаш ауыз қуысында кернеп тұрған сезімді, ұрттың шырышты қабатында кедір-бұдырлықты 4 жыл бұрын байқаған.
Соңғы 21 жылда ауыз қуысында ұсақ жаралардың пайда болғанын айтты. Ұсақ жаралар ауырады, ұзақ жазылады. Науқас гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. 6 жыл бұрын холицистоэктомия операциясы жасалған, созылмалы колитпен ауырады, канцерофобия.
Қарап тексергенде: аймақтық лимфа түйіндері қозғалмалы, аздап ұлғайған, ауырады. Ұрттың ортаңғы және артқы бөлігінде көлемі 0,5х0,5см болатын эрозия ошақтары орналасқан, саны 5. Эрозия әр түрлі пішінді, фибринозды қақпен жабылған. Никольский симптомы теріс.Қызарған және ісінген эрозия айналасындағы кілегейлі қабатта тор тәріздес, шілтер тәріздес қырғанда алынбайтын ақшыл-сұр түсті өрнек бар.
Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Клиникалық жағдай №12
Науқас 49 жаста, ұрттың, тілдің шырышты қабатында керу сезіміне, кедір бұдырлыққа, тілдің оң жақ бүйір бөлімінде ақ дақтың пайда болуына шағымданады.
Гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. Созылмалы гастритпен,колитпен ауырады. Шылым шегеді.
Қарап тексеруде: ұрттың ортаңғы және артқы бөлімінде, тілдің арқасы және бүйір бөлімдерінде кілегей қабатында тор тәріздес, шілтер тәріздес, ақ түсті өрнек қырған кезде алынбайды.Тілдің оң жақ бүйір бетінде 45,46 тістер аймағында шекарасы анық өзгерген эпителий аймағы көрінеді, көлемі 0,5х1,5см , шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан.
45,46 тістерінде ІІ класс бойынш пломба, екіншілік тіс жегі, тістердің өткір қырлары бар.
Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.
Клиникалық жағдай №13
Науқас 43 жастағы ер адам. Стоматологқа ыстық тағам қабылдаған кезде еріннің езуінде ауыру сезіміне және кедір бұдырлығына шағымданып келді. Азу тістерінің болмауынан шайнау қызметі қиындаған.
Сыртқы қарап тексеруде: науқас арықтау келген, бетінің төменгі үштен бір бөлігінің аласарғанына байланысты беттің конфигурациясы бұзылған. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Еріннің ауыз қуысының кіреберісі және ауыз қуысының кілегейлі шырышты қабатының түсі қалыпты, дымқыл. Тілдің арқасы сұр қақпен жабылған, бүйір бетінде тістердің ізі қалған. Екі езуінде кілегейлі қабатта көтеріңкі орналасқан ақ сұр түсті тоға тәріздес ошақтар анықталады. Ошақтың көлемі 1,5-2,0 см, қырған кезде алынбайды. Сипап тексергенде ошақта ауыру сезімі жоқ, консистенциясы тығыз емес. Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, ем тағайындаңыз.
