Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перечень практ навыков 5 курс СОПР 16-17 КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.12 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

КАФЕДРА ТЕРАПЕВТИЧЕСКОЙ СТОМАТОЛОГИИ

ПЕРЕЧЕНЬ ПРАКТИЧЕСКИХ НАВЫКОВ

«КЕЛІСІЛДІ»: «БЕКІТЕМІН»:

ББК төрағасы Стоматология ОД директоры

М.ғ.к._______________ Вансванов М.И.. м.ғ.к. _______________ Баскакова И.В.

Хаттама №___ _________ 2016ж. «______»______________2016ж.

Стоматология факультетінің 5 курс студенттеріне

«АҚКҚ және ЕҚЖ аурулары» бойынша 2016-2017 оқу жылының

семестрлік емтиханның екінші кезеңіне арналған

клиникалық ситуациялық есептер тізімі

Клиникалық жағдай №1

Науқас 47 жастағы ер адам, клиникаға төменгі еріннің оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып келді. Сөйлеген кезде, тамақ ішкенде ауру сезімі ұлғаяды. Ауырғанына бір ай болған. Стоматолог дәрігерге қаралған. А витаминінің майлы сұйықтығымен аппликация түрінде емдеу тағайындалды. Нәтижесі болмаған. Ауру тарихынан: төменгі оң жақ еріннің кілегейлі қабығында, Клейн зонасына жақын 42, 43 тістерінің проекциясында терең дөңгелек пішінді ақау бар. Диаметрі 0,8см, жиегі көтеріңкі, табаны тегіс, фиброзды қақпен жабылған. Сипап тексергенде ауырады. Төменгі жақ лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, жұмсақ, қозғалмалы. Тіс қатарын тексергенде кең диастемалар және көптеген тремалар, 11, 12, 13, 41, 42, 43 тістерінің өткір қырлары байқалады.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №2

Науқас 35 жастағы әйел адам. Еріндерінде көпіршіктердің пайда болуына шағымданып келді. Ауырғанына екі күн болған. Аурудың басталуында қышу сезімі байқалған, тері аймағында және ерін қызыл жиегінде ысып-күю сезімі бар. Ауру тарихынан қайталамалы ұқсас бөртпелер анықталды. Жалпы ауруы: вегетативті-қан тамырлы дистониясы, сульфаниламидке аллергиясы бар.

Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі ісінген, қызарған терімен шекаралас аймақта топтасқан тығыз орналасқан көпіршіктер бар. Сипап тексергенде ауырады.Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл қызғылт түсті, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №3

Науқас 20 жастағы ер адам. Тіліндегі жараларға шағымданып келді. Қарап тексергенде тілінің ұшында шырышты қабаттың ақауы, диаметрі 7-8мм, жиегі тығыз және көтеріңкі,табаны тегіс, сипап тексеру кезінде ауыру сезімі жоқ.Зақымдану элементі тығыз,шеміршек тәрізді инфильтрат. Шырышты қабық аймағы ақшыл-қызғылт түсті. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз сипап тексеру кезінде ауыру сезімі жоқ.

Клиникалық көрінісін толықтырыңыз.Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №4

Науқас 17 жасар бойжеткен, ауыз қуысында бөрткендердің пайда болғанына,тамақ ішкенде және сөйлегенде қатты ауыратынына шағымданды .Ауырғанына 5 күн болған .Ауру дене кызуының 38°С дейін көтерілгенінен басталды. Шаршағыш, басы ауырады. Ал, бөрткендер дәрігерге қаралған күні шыққан . Ауру тарихынан: бұрын ауыздың шырышты қабатының аурулары байқалмаған. Жалпы аурулары: жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруымен ауырған .

Қарап тексергенде:еріннің қызыл жиегі кұрғаған , қабыршақпен қапталған , қызарған еріннің , ұрттың шырышты қабатында және қатты таңдайда дөңгелек пішінді фибринді қақпен қапталған көптеген эрозиялар байқалады.Сипап тексеру кезінде зақымдалу элементтері ауырады .Ауыз қуысының шырышты қабаты айқан қызарған, ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген және ауырады.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.

Клиникалық жағдай №5

Науқас 76 жастағы әйел адам . Бетінде бөртпелердің пайда болуына , құлағына иррадиация беретін оң жақ бетіндегі жедел невралгиялық ауыру сезіміне шағымданып келді .Ауырғанына 5 күн болған . Аурудың бастапқы кезеңінде жоғарғы жақтың оң жақ бөлігіндегі жедел ауру сезімі, дене қызуының 39° С дейін көтерілгені анықталды . Ауру тарихынан: отбасында баласының желшешекпен 2 апта ауырып жатқаны анықталды . Жалпы аурулары: ІІ дәрежелі гипертониялық аурумен, балалық шағында желшешекпен және қызылшамен ауырған .

Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі құрғақ. Қызарған оң жақ ұрттың терісінде , көздің бұрышында , мұрынның ұшында сары қабықпен қапталған көпіршік пен эрозиялар байқалады .

Сипап тексеру кезінде зақымдалу элементтері ауырады . Оң жақ ауыз қуысының шырышты қабаты айқын қызарған , ісінген ,жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында жіне қатты таңдайда тізбек түрінде орналасқан жаралар байқалады. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген және ауырады.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика және ем жүргізіңіз.