- •Мазмұны
- •Матлаб ортасымен танысу
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •Функциялармен жұмыс (1 сағат)
- •Векторлармен және матрицалармен қарапайым операцияларды орындау (1 сағат)
- •Қарапайым есептеулер. Тұрақтылар мен жүйелік айнымалылар.
- •Массивтер. Көп өлшемді массивтерді құру.
- •Теңдеулер. Квадрат теңдеулерді шешу.
- •Графикалық командалар және функциялар.
- •2. Тапсырмалар
- •3. Бақылау сұрақтары
- •Екi өлшемдi функция және ортақ терезе iшкi терезелерiндегi көлемдi графикалар.
- •Үш өлшемдi функция және ортақ терезе iшкi терезелерiндегi көлемдi графикалар.
- •Көп өлшемді есептеулер
- •Диграммалар және гистограммалармен жұмыс.
- •Градиент аумағының графигі
- •Файлдармен операцияларды орындау. М-файлдар құру.
- •Есеп беруді рәсімдеу
- •Техника қауіпсіздігі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әдістемелік нұсқау «Математикалық пакеттерде инженерлік есептерді шешу» пәні бойынша оқу жоспары және оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылып, пән бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған барлық мәліметтерді қамтиды.
Бұл әдістемелік нұсқау 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» студенттеріне арналған.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012
Басылымға жауапты Кенжебаева У.Е., Калдарханова С.М., Алимбекова А.Т.
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………….......... |
5 |
Зертханалық жұмыс №1. ………….................................................................. |
6 |
Зертханалық жұмыс №2................................................................................... |
13 |
Зертханалық жұмыс №3................................................................................... |
22 |
Зертханалық жұмыс №4................................................................................... |
29 |
Зертханалық жұмыс №5................................................................................... |
32 |
Зертханалық жұмыс №6................................................................................... |
41 |
Зертханалық жұмыс №7................................................................................... |
|
Зертханалық жұмыс №8................................................................................... |
|
Зертханалық жұмыс №9................................................................................... |
|
Зертханалық жұмыс №10................................................................................. |
|
Әдебиеттер ....................................................................................................... |
121 |
КІРІСПЕ
Бұл әдістемелік нұсқау математикалық пакетте инженерлік есептерді шешуді үйренуге арналған. Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты - оқырманның дербес компьютерінде математикалық пакетте инженерлік есептерді шешетін бағдарламалармен жұмыс жасау кеңінен талқыланады.
Әдістемелік нұсқауда MatLAB математикалық пакетінде жұмыс жасау қарастырылады. Бұл математикалық пакетте жұмыс жасай білу, дамып келе жатқан басқа математикалық пакеттерді де тез ұғуға көмектесетіні сөзсіз.
Соңғы жылдары әлемнің инженерлі – техникалық кеңістігінде жоғарғы оқу орындарының бәрінде дерлік жаңа компьютерлік математикалық есептеу - MatLAB жүйесі интенсивті түрде кең таралып жатыр. Бұл жүйенің өзектілігі неде? MatLAB «техникалық есептеу тілінің» өзектілігі басқа математикалық жүйелерден қолайлылығымен ерекшеленуде.
MatLAB жүйесі инженерлік есептеулерді жүргізу үшін арнайы жасалған: математикалық аппарат, яғни ол инженер-ғалымдар математикалық аппаратқа шекті жақын және матрицалармен, векторлармен, кешенді сандармен есептеулерге сүйенеді; графикалық қойылымдар функционалдық форманы, яғни дәл инженерлі құжаттаманы қажет етеді.
MatLAB бағдарламалау жүйесінің бағдарламалау тілі қарапайым Basic тіліне жақын, кез келген үйренушілерге тиімді; ол бірнеше ондаған операторларды қамтиды; мұндағы мағынасыз операторлар саны математикалық және инженерлік дайындық кезеңіндегі қолданушыға түсінікті процедура мен функциялармен нақтыланады.
Басқа математикалық жүйелерден ерекшелігі: MatLAB ашық жүйе болып табылады; бұл MatLAB-тың барлық процедуралары мен функциялары тек қолдану үшін ғана ыңғайлы емес, сонымен қатар коррекциялау мен модификациялау үшін де ыңғайлы; MatLAB қолданушының қалауымен жасалған бағдарламалары мен процедуралары арқылы таралатын жүйе; ол қажетті есептер класын шешуге жеңіл игеруге болады.
Ғылыми калькулятор негізінде есептеу мүмкіндіктерін қолдану өте ыңғайлы; сонымен қатар әр түрлі мақсатта жеке бағдарламаларды зерттеу үшін қолдану; бұл MatLAB-ты ғылыми – есептеу зерттеулерін жүргізуде ауыстырылмайтын әдіс етеді. MatLAB-тың соңғы нұсқалары оны есептеу және графикалық мүмкіндіктерін мәтіндік құжаттарда құруда қолданылатын Word мәтіндік редакторында интегралдауға мүмкіндік береді; мысалы күрделі есептер, мәтіндердегі графиктері кездесетін инженерлі және ғылыми мақалаларды безендіруде қолданылады.
Әдістемелік нұсқауда 6 зертханалық жұмыстар қарастырылған. Әр жұмыста командалармен жұмыс жасауға түсіндірме берілген. Түсіндірме таза анықтамалардан және барынша жинақы мысалдардан тұрады. Әр зертханалық жұмыстың соңында тапсырмалар және бақылау сұрақтары берілген.
№1. Зертханалық жұмыс
